Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Құрметті құрылысшылар! Қадірлі сала ардагерлері!

Қалалық мәслихат депутаттары атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз- құрылысшы күнімен  құттықтаймын!

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшылар еңбегі – бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің тұрақты дамуына бағытталған тынымсыз еңбек.

Бүгінде өңірімізде  құрылыс саласы қарқынды дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуына айрықша ықпал етіп келеді. Сіздер әлеуметтік нысандарды мерзімінде іске қосуға, екібастұздықтарды  сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге атсалысып келесіздер.

Аймақтың құрылыс саласындағы ауқымды жұмыстарды алға жылжытып, сапасының артуына құрылыс саласы ардагерлерінің өмірлік тәжірибелері де зор үлес қосуда. Олардың бірқатары әлі де құрылыс саласында еңбек етіп, «Ата өнері – балаға мұра» дегендей жастарға ақылшы болып, ұлағат көрсетуде.

Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!

Қалалық мәслихат хатшысы                                                 Б.Құспеков

12.08.22-1