Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Жұмыс тобы құрамында мәслихат хатшысы Б.Құспеков, қалалық мәслихат депутаты И.Культуманов және қала әкімінің орынбасары М. Маликова № 6, 10, 33 мектептерге барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

№6 мектеп-лицейінде жылыту жүйесінің құбырларын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Шойын батареяларын жеткізуде қиындықтар туындауына байланысты жобалаушымен батарея материалын өзгерту мәселесі шешілуде.

«BEK-TEMIR Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымының айтуынша, жобаны қайта келіскеннен кейін батареяларды монтаждау жұмыстары бір апта мерзім ішінде аяқталады.

№10 мектепте «КазЕвроСтрой»ЖШС мердігерлік ұйымымен 93 дана терезе блоктарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі 15 тамызға дейін.

Сондай-ақ, жұмыс тобы мектеп жанындағы үш жыл бұрын ашылған инклюзия кабинетіне барды. Инклюзияны қолдау кабинеті төрт аймақты қамтиды: тұрақты сынып жағдайын толығымен қамтитын жалпы сабақтар аймағы; жеке сабақтар аймағы, себебі сабақта балалардың зейіні азаяды; маттар, доптар, фитболдар, әткеншектер бар сенсорлық жеңілдету аймағы; мұғалім аймағы - жүйелік сыныпқа қарағанда әр инклюзияны қолдау кабинетінде мұғалім бар,  оның жұмысы балалардың аз санын оқытуға негізделген. Депутаттар кабинеттің жабдықталуын жаңарту мәселесін көтерді.

Содан кейін жұмыс тобы №33 жалпы орта білім беретін мектепке барды. 12 шілдеде жылу жүйесін орнату үшін материалдар жеткізіліп, құбырлар төселеді.     «АСТ-Технология» ЖШС мердігерлік ұйымымен жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Шатырды бөлшектеу жұмыстары аяқталды. Техникалық қадағалау өкілінің ұсынысы бойынша және ТЖ департаментінің қорытындысынан кейін шатырды күрделі жөндеу жобасына өзгерістер енгізілді. Ескі шатыр тіреуішін қалдырып, оларды қосымша күшейту туралы шешім қабылданды. Аталған жұмыстар аяқталды, тіректерді өрттен қорғау биоматериалымен сіңдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Білім  беру объектілеріндегі  жөндеу жұмыстарының мониторингі бойынша жұмыс жалғасатын болады.

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11

15.07.22-11