Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

2022 жылғы 13 шілдеде «Аманат» партиясынан қалалық мәслихат депутаты В.Ф. Егердің төрағалығымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті

ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Н.Б. Бейсембаевтың, сондай-ақ «Экибастузтеплоэнерго»  ЖШС бас директоры П.А. Мельничуктың 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жайлы есептері тыңдалды.

Баяндамашылардың есептері бойынша Екібастұз ЖЭО мен жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуге жоспарланған шығындар шамамен 596 млн.теңгені құрайды, оның 207 млн. теңгесі жылу желілерін жөндеуге жұмсалады. Қаланың жылу желілерінің тозуы 89% деңгейінде, жөндеуге бөлінген қаражат  4  шақырымдай  жөндеуге ғана жетеді, бұл желілердің физикалық тозуын азайтуға  жеткіліксіз. ЖЭО негізгі жабдықтарын жөндеу кестеден едәуір артта қалумен жүргізілуде, екі қазандықта жөндеу мерзімі неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылды. Кәсіпорынның «Горводоканал» МКК, «БК» ЖШС алдында борыштары бар, білікті кадрлар мәселесі де өткір тұр.

«ЕЖЭ» ЖШС басшылығы тұрғындардың және бюджеттік ұйымдардың көрсетілген қызметтер үшін үлкен берешегіне сілтеп, бұл проблемалардың шешімін қызметтерге тарифтердің көтерілуімен шешпек,.

Депутаттар «Павлодарэнерго» АҚ тарапынан «ЕЖЭ» ЖШС проблемаларына жеткіліксіз назар аударылғанын, кәсіпорынның өз тұтынушыларынан қарызды өндіріп алу жөніндегі жұмысының нашарлығын тағы да атап өтті,  уәкілетті орган - ТКШ бөлімі тарапынан ЕЖЭО жылу беру маусымына дайындығына бақылаудың жеткіліксіздігін атап өтті. Депутаттар есепті қабылдамады, ЖЭО ұжымымен жеке кездесу, жөндеу науқанының барысымен тікелей жылу орталығында танысу туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі «Екібастұз қаласының бас жоспарын түзету туралы»  қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д. А. Жолбарисов  баяндады.

Мәселені талқылауға «Қолдау» ЖШС директоры А.Ч.Сапиеваның басшылығымен Екібастұз қаласының бас жоспарын түзету бойынша жобаны әзірлеушілер қатысты.

Ағымдағы жылдың сәуір айында осы мәселені қарау барысында депутаттар жобаны әзірлеушілерге бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізген болатын, оның ішінде алдағы уақытта  қаланы газдандыруды дамытуды ескеру қажеттігі. Бұл ұсынысты, сондай-ақ кейбір объектілердің орналасқан жерін қайта қарау бойынша басқа да мәселелерді әзірлеушілер ескерді. Жоба мақұлдау үшін мәслихат сессиясына шығарылатын болады.

15.07.22-1

15.07.22-1

15.07.22-1

15.07.22-1

15.07.22-1

15.07.22-1

15.07.22-1