Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Құрметті екібастұздықтар!

Мәслихат депутаттары атынан баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

09.07.22

         Мейірімділіктің маңызын арттырып, қайырымдылықтың қанатын жаятын, жүректі жылулыққа толтырып, ниеттің тазалығымен түйінделетін бұл тамаша мейрамның мағынасы терең. Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады. Осындай ізгі ниет пен сауапты іс ел-жұрттың бір-бірімен етене араласуына, өзара сыйластық пен жақсылыққа жол ашады. Бұл күні қылған ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-берекеге, төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

         Құрбан айт мүбәрак болсын!

Екібастұз қалалық

мәслихатының хатшысы                                                               Б.Қ.Құспеков