Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Бірлескен отырыс

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Қоғамдық кеңестің төрағасы Рышат Бабайұлы Амреновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің және агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Бірлескен отырыста уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін келісу мәселесі қайта қаралды, оның қорытындысы бойынша оң шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарады.

Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы жобада 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде ставкаларды қолдану жоспарлануда. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл жарна болу құнының 5 (бес) пайызынан аспайды.

Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау мөлшерін өзгерту туралы жобада бюджеттік қаражаттар есебінен төлемді 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген.

Бұдан басқа, қала әкімдігінің 12 мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы, бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларының күші жойылды деп тану және 11 ауылдық округтер, поселкелер мен ауылдар бойынша жаңа қағидаларды бекіту туралы НҚА жобалары қаралды.

Барлық жобалар бойынша оң ұсыныстар қабылданды.

19.05.22-1

19.05.22-1

19.05.22-1

19.05.22-1

19.05.22-1

19.05.22-1