Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін аралау

2022 жылғы 21 сәуірде қалалық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы бұрын анықталған рұқсатсыз төгілген қоқыс  орындарына барып қайтты.

Көшпелі отырысқа жоғарыда аталған комиссияның төрағасы, «Ақ жол» партиясынан депутат Жанат Ибраев, тұрақты комиссияның мүшесі, «AMANAT» партиясынан депутат Исламбек Культуманов, Екібастұз қаласы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шамгон Мусин, полиция басқармасының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің және мәслихат аппаратының өкілдері қатысты.

Қатысушылар гараж қоғамы (Қонаев-Целинная көшелерінің қиылысы), Б.Жырау-Целинная көшелерінің қиылысы, Целинная 62а көшесінің ауданында салынып жатқан объект   аудандарындағы рұқсатсыз төгілген қоқыс   орындарын   және Б. Жырау көшесі 280а және 284 үйлерінің арасында орналасқан қараусыз қалған ескі сорғы ғимаратын аралады.

Қонаев-Целинная көшелерінің қиылысында жатақхана ғимаратын бұзудан түскен темірбетон бұйымдары мен бетон құрылыс қалдықтары,  сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орын анықталды.

Б. Жырау көшесі 291А үйінің тұрғыны контейнер алаңының жанында жиналған ірі тұрмыстық қоқыстардың уақытында шығарылмауына шағымданды. Аталған мәселе бойынша ТКШ бөлімінің өкілі шара қабылдады.

Жер қатынастары бөлімі өкілінің айтуынша Целинная көшесі, 62а, 64 үйлер ауданында көппәтерлі тұрғын үй құрылысына жеке тұлғаға бөлінген жер учаскесі орналасқан. Шолып қарау кезінде осы учаскеде іргетас құрар алдында топырақ төгу жұмыстары жүргізілгені анықталды. Салынып жатқан нысанның аумағы қоршалмаған және жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осы жерге  қоқыс үйеді.

Б.Жырау көшесі 280 А және 284 үйлердің арасында ескі қараусыз қалған сорғы ғимараты бар, ол балалар мен жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналатын орын болып табылады.

Сапар қорытындысы бойынша көшпелі отырысқа қатысушылар аталған учаскелерді сәйкестікке келтіру және тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар берді. Целинная көшесіндегі қараусыз қалған ескі сорғы ғимараты және  салынып жатқан нысанның мәселесін шешу бойынша тиісті хат жолдау туралы шешім қабылданды.

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6

22.04.22-6