Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Қоғамдық кенестің отырысы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Амренов Рышат Бабаевичтің төрағалығымен Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда 4 мәселе қаралды.

Аталған отырысқа қалалық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясынан депутат Б.Құспеков, «Қазсушар» РМК, Қаныш Сәтпаев атындағы арна өкілдері, атқарушы органдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Екібастұз қаласының тұтынушыларын сумен жабдықтау тарифтері туралы «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары А.Асауов айтып берді.

Баяндамашы өз баяндамасындаарналар арқылы су беру қызметін ұсыну тарифі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұйрығымен 5 жыл мерзімге бекітіліп, 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейін қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері канал бойына қоршаулар орнату, балық аулау мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, Л.И. Баталов «арна 2,5 амортизациялық мерзімді өтеді , сондықтан қаражат бөлуді қажет етеді» деп атап өтті.

Сонымен қатар 2022 жылы инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін  №8,9,14 сорғы станцияларын жөндеуге 650 млн.теңге бөлінді. 2023 жылғы 31 шілдеде бекітілген тарифтің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сорғы станцияларын жөндеу жұмыстарын жүзеге асырумен Қ.Сәтпаев атындағы арна үшін 60 млрд. теңге сомасына 5 жылдық кезеңге инвестициялық бағдарлама әзірленетін болады. Қоғамдық кеңес мүшелері осы бағдарламаның жобасын отырыста қарау қажеттілігі жайлы пікір білдірді.

Лимандарда суды үнемді және ұтымды пайдалану мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша Шідерті лиманды суару жүйесі учаскесінің бастығы Б.Апаханов, қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары ақпарат берді.

Жыл сайын «Қазсушар» РМК Павлодар филиалы табиғатты қорғау мақсатында Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аймақтары аумағында орналасқан Шідерті өзенінің, басқа да өзендер мен көлдердің сулылығын қамтамасыз ету үшін арнадан лиманды суарудың Шідерті жүйесіне өтемдік су жібереді.

2022 жылы Шідерті өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің жалпы көлемі 120,0 млн. текше метрді құрайды.

Сонымен қатар, қалпына келтіруді және одан әрі тиісті күтіп-ұстауды қажет ететін шектеулі бөгеттердің иесіз қалу мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

«Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «2022 - 2024 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының № 84/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы «Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 385/49 шешімдерінің жобалары қаралды және мақұлданды.

22.04.22-2

22.04.22-2

22.04.22-2

22.04.22-2