Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Қалалық мәслихат хатшысы Булат Куспеков ағымдағы жылдың 14 сәуірінде қала әкімі, партия филиалының төрағасы Ардақ Қантарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Amanat» партиясының ЕҚФ депутаттық фракциясының отырысына қатысты

Күн тәртібі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және білім бөлімдері басшыларының «Amanat » партиясының  сайлауалды  бағдарламасының жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы, оның ішінде бағдарлама индикаторларының орындалмау тәуекелі бойынша, ақпараты тыңдалды.

Автожолдардың сапасын жақсарту, аулаларды және   кварталішілік аумақтарды абаттандыру, қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлерді орнату, қоқыс тастайтын жерлерді экологиялық талаптарға келтіру жөніндегі көрсеткіштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бекітілген. Ағымдағы жылы  25,0 мың  текше метр  автожолды жөндеу , 5 көшені орташа жөндеу, 25 ауланы абаттандыру жоспарланған, 3 стрит-воркаут және 5 стрибол  алаңын  орнату қарастырылған.

Құрылыс бөлімінің орындауында  Жол картасының тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру бойынша пункттер  бар. Биылғы жылы 2 тұрғын үйді , 180 пәтерді пайдалануға беру көзделген, 2 ауылда (Төртқұдық, Ә.Марғұлан) сумен жабдықтау объектілерін реконструкциялау  жұмыстары  жүргізілуде, 2,63 км су бұру желілерін реконструкциялау жоспарлануда.

Білім беру объектілері бойынша  «25 қала мектептерін күрделі жөндеуды және жарақтандыруды  толығымен жүргізу» индикаторы шеңберінде «Көп бейінді бағыттағы №24 мектеп-гимназиясы»  КММ күрделі жөндеу жүргізіледі, 4 мектепті жаңғырту бойынша жобалар бар,  №18 ЖББОМ терезелерін,  есіктерін, шатырларын, кәріздері мен шатырларын  және №33 ЖОББМ қасбетін  күрделі жөндеу бойынша жобалар іске асырылады.

Тыңдау қорытындысы бойынша филиал төрағасы, өңір басшысы А.Қаңтарбаев жауапты мемлекеттік органдарға жол картасы іс-шараларының іске асырылуына бақылауды күшейту туралы тапсырмалар берді.

15.04.22-6