Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Құрметті екібастұздықтар!

Қалалық мәслихат депутаттары атынан баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен  шын жүректен құттықтаймын!

16.12.21

Бұл қайта жаңғырған мемлекеттігіміздің, ата-бабамыз аңсаған азаттықтық тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. 30 жыл, үш онжылдықта  та үлкен жетістіктерге толы болды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.  Осындай толағай табыстардың бәріне Елбасымыз-Нұрсұлтан Назарбаевтың дара көшбасшылығының, халқымыздың  даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан Елбасыны Тәуелсіздіктің мәңгі символына айналды деп әбден айтуымызға болады. Еліміздің  осындай биіктіктерді бағындыруына өңір тұрғындарының қосқан үлесі де  қомақты деп білемін. 

Қадірлі жерлестер! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге мықты денсаулық,  игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

Қалалық мәслихат хатшысы                                                    Б.Құспеков