Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» № 383-V ЗРК  Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің негізінде Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялаймыз.

Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан  9  адам санымен айқындалды.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңеске кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға тиіс;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға тиіс емес;

3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн .

Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі. 45, 12 каб.

Электрондық пошта ekb-maslihat@mail.ru

Анықтама телефоны: 340883.

Екібастұз қалалық мәслихаты