Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Жұмыс тобы құрылды

2022 жылғы ақпанда Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталады. «Қоғамдық кеңес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің негізінде мәслихат хатшысының төрағалығымен Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.  Конкурстан тыс жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Ү.ж. 3 желтоқсанда Екібастұз қаласы мәслихатының хатшысы  Б.Құспековтың төрағалығымен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Жұмыс тобының төрағасы сайланды.

Қалалық мәслихат хатшысының өкімімен  жұмыс тобының құрамы бекітілді.

8 желтоқсанда Екібастұз қалалық мәслихатының интернет ресурсында Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады, оны мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан жұмыс тобы қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынады, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңеске бір заңды тұлғадан бір ғана өкіл сайлана алады. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарландырумен, сондай-ақ жұмыс тобының құрамымен қалалық мәслихаттың ресми сайтында танысуға болады.