Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Тұрақты комиссиялардың көшпелі отырысы

 2021 жылғы 19 қазанда Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Құспековтың төрағалығымен   агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, «Ақ жол» партиясының мүшесі Ж. Ибраевтың,  аталған комиссия мүшесі, «Nur Otan» партиясының Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Макраевтың,  экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссия мүшесі Р.Мамаджановтың қатысуымен Ә.Марғұлан атындағы ауылда көшпелі отырыс өтті.

«Nur  Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша  Жол картасының іс-шараларына мониторинг жүргізу шеңберінде ауылдағы құрылыс объектісіне барды, онда ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту басталған болатын. Жұмыстарды «Көлсай Строй»ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Жобамен 148 тұтынушыны сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Нысанды аралау кезінде 8 адам жұмыс істеп жатты.  Монолитті резервуарды бетондау бойынша жұмыстар жүргізілуде, құдықтар жөнделген, жоспарланған 13,2 км-ден 12,7 км су құбыры тартылған.

Жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Одан әрі мониторинг тобы Ә.Марғұлан ауылы аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жай-күйімен танысты. Шолып қараған кезде  топырақтың құнарлы қабатының бұзылғаны анықталды, ауыр жүк машиналары мен ауыр техниканың іздері  жатыр.

Сапар  қорытындысы бойынша көшпелі отырысқа қатысушылар мердігер  ұйымның атына  тиісті ұсынымдар берді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бүлдіру мәселесін шешу бойынша тиісті сұраулар жолдау туралы шешім қабылданды.

19.10.21-1

19.10.21

19.10.21

19.10.21

19.10.21

19.10.21

19.10.21

19.10.21