Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ

 

100

ruhani

Жаңалық

2021 жылғы 8 қазанда мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы, депутат Л.Бекбергенованың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

09.10.21-1

Депутаттардың қарауына жергілікті атқарушы органдар «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» және «Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Екібастұз қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 220/26 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімдердің жобаларын ұсынды.

Депутаттардың көпшілік дауысымен екі шешімнің жобасы да пысықтауға жіберілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Амановқа коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының салыстырмалы талдау нормасын тапсыру ұсынылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Баграмова ұсынған әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жобаны мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қосымша қарау туралы шешім қабылданды.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс жоспары бойынша «Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу туралы» ақпарат тыңдалды. Есепті кезеңде жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Қ. Рахымбеков хабардар етті. Мәселені талқылау барысында депутаттар тарапынан ұсынымдық сипаттағы ескертулер енгізілді.


 

09.10.21

09.10.21

09.10.21

09.10.21

09.10.21