Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

Депутаты 7 созыва

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТАТАЕВ БОГЕНБАЙ ДАНИЯРОВИЧ
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

bannerslide-01-ru

bannerslide-01-ru

100

ruhani

Қоғамдық кеңес отырысы

28.05.18-12018 жылғы 22 мамырда қала әкімі Қ.Т.Нүкеновтың, мемлекеттік органдар, ірі кәсіпорындар, оқу орындары, қаланың қоғамдық ұйымдарының өкілдері және ауыл әкімдерінің қатысуымен қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуының барысы туралы мәселесі қарастырылды.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуының барысы туралы қала әкімінің орынбасары Н.В.Нефедованың ақпараты тыңдалды.

Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Р.Б.Амренов «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорын ашу бастамасы мәселесін көтерді және екібастұздықтарды қорға бір күндік жалақыларын аударуға шақырды.

Қалалық мәслихат депутаты С.Ж.Макаров Баянауылда Қосым Пішембаевқа ескерткіш орнату бойынша ұсынысымен сөз сөйледі.

№21 бала бақша тәрбиешісі Л.В.Володина бала бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мемлекеттік тілге көшуі туралы айтты.

28.05.18-2Қазақстан Республикасының жазушылар қоғамының мүшесі Жұмағали Қоғабайдың латынша жазылған мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кітабы таныстырылды.

Отырысты қала әкімі Қ.Т.Нүкенов қорытындылай келе бағдарламаны жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданған шаралар тиісті деңгейде еместігін және бұқаралық ақпарат құралдарында нашар жарияланғаны туралы атап өтті. Екібастұз ресурстар мен мүмкіншілікті иелене отырып облыс орталығының қарқынынан қалыспау керек. Сөз сөйлегендерге бастамашылық ұсыныстары үшін алғыс айтты.  

Атқарушы органдар басшыларына ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жаңғырту туралы нақты тапсырмалар берді.

Айтылған ұсыныстарды ескере отырып қаланың Қоғамдық кеңесімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әрі қарай тиімді жүзеге асырылуы үшін ұсыныстар әзірленді.

Қоғамдық кеңес

хатшысы                                             А.Ташмагамбетова