Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2014 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыс жоспарын орындау бойынша ақпарат

2014 жылға арналған  «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ-інің  2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Бағдарламасын орындау бойынша жұмыс жоспары әзірленді  және 2014 жылғы 18 ақпанда қалалық мәслихат хатшысымен бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9 бабына сәйкес және Жоспарды орындау мақсатына 2014 жылғы наурыз айында барлық мемлекеттік аппарат қызметшілері уақытылы қалалық Салық басқармасына 2013 жылғы кіріс және мүлік туралы декларацияларын тапсырды.

Барлық мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі. Сонымен қатар, ресми сайтта мекеменің жыл сайын өткізілген мемлекеттік сатып алу жоспары және хаттама қорытындыларын жарияланады. 2014 жылы тауарды сатып алу, жұмыс және қызметінің жалпы көлемі 12,8 млн.теңгені құрады.

Мәслихат аппаратын қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттік қаражатты игеру өткен жылы 99,9%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңына сәйкес, мәслихатта азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жұмыс жүргізіледі.

2014 жылы 35 өтініш, соның ішінде жеке тұлғалардан 32 және 3 заңды тұлғалардан түсті. Барлық өтініштер мерзімінде қарастырылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес 9 өтініш қарауға  уәкілетті органдарға жіберілді, 12 өтініш қарастырылды және мәлімдеушілерге тиісті түсіндірмелер берілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындауға байланысты мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің әрекетіне азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштері болған жоқ.

Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау қалалық мәслихат хатшысымен апта сайын сәрсенбі күні сағат 17.00 ден 18.00-ге дейін өткізіледі, есепті жылы қаланың 18 азаматы қабылданды.

2014 жылы ақапан айынан мамыр айына дейін күнтізбе жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссия қаулысымен бекітілген мәслихат аппаратының қызметшілерімен Екібастұз қаласының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру бойынша іс-шаралар өткізілді. Бір ай ішінде саяси партиядан және басқа қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссия құрамына қосу үшін кандитатура туралы ұсыныстарын  қабылдау бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақстан Республикасының Павлодар облысы бойынша бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі комитетіне барлық ұсынылған кандидатураны міндетті тексеру ұйымдастырылды, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес сайлау комиссия мүшелеріне ұсынылады. 83 комиссияның мүшелерінің жалпы саны қалалық мәслихатымен сайланған 581 адамды құрады.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сессияның құқықтық нормасы қарастыратын 47 шешімі уақытылы Павлодар облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті және нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік нөмір иеленіп мемлекеттік тізілімге енгізілді және жергілікті газеттерде қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.

2014 жылды корытындысы бойынша, Екібастұз қалалық прокуратурасына және Павлодар облысы әділет департаментіне қабылданған, жарияланған және жою актісі бойынша Екібастұз қаласы мәслихатының есебі ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша қала әкімі басшылық ететін ведомствоаралық комиссия құрамына қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және қалалық мәслихат депутаты С.В.Лепехин кірді.

Қалалық мәслихатының ресми сайтында депутаттық корпус туралы мәлімет және  аппарат құрылымы, функциясы және міндеттері, телефондары және мәслихат хатшысы, мәслихат аппаратының басшысы қабылдайтын күндері жарияланған.

Тұлғаларды жұмысқа қабылдау кезде, мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткер  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды білуіне негізгі назар аударылады.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің кабинетінде мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Тәртіптік кеңесінің  «сенім телефоны» көрсетілген.

Мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселесі маңызды болып табылады. Оқыту кестесі бойынша Павлодар аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2014 жылы мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданған 1 аппарат қызметшісі біліктілігін арттыруға жіберілді және 1 маман қайта даярлау курсынан өтті.

Қызметте заңды білу, сыбайлас жемқорлық бұзушылықты болдырмау кепілі болып табылады және мемлекеттік қызметшіні құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында мәслихат аппаратында құқықтық жаппай оқулары өткізілді.

Құқықтық жаппай оқытуды өткізу жоспары бекітілді. 2014 жылы «құқықтық жаппай оқыту» бойынша аппарат қызметшілерінің қатысумен мәслихат аппаратында құқықтық жаппай оқыту бойынша жалпы 7 оқыту өткізілді.

Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілерді, қызметшілер тікелей өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде қолданатын Еңбек және Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» жарлығы  және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын оқып талдады.

Аппарат басшысы                                                                      Б.Аманова