Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2018 арналған құқықтық жаппай оқыту ХАТТАМАСЫ

 «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің құқықтық жаппай оқытудың
№1 ХАТТАМАСЫ

 

Екібастұз қ. Мәшһүр Жүсіп к, 45 
Депутаттар бөлмесі   2018 жылғы 15 қаңтар

Төраға – Б.М. Аманова, аппарат басшысы.
Хатшы – М.С. Оспанова, бас маман.
Қатысқандар: А.С. Айтимова, Х.К. Елубаева, А.Б. Мукушева,  З.К. Нурмаганбетова, А.Н. Ташмагамбетова, К.У. Умерсеитова.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау.

1. ТЫНДАЛДЫ:
Б.М. Аманова – ҚР Президенті Жолдауының негізгі аспектілерін сөз етіп, Президенттің жаңа бағдарламалық құжаты жаңа мүмкіндіктер жағдайындағы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жоғарылату бағытындағы Елбасы саясатының қисынды жалғасы екенін атап өтті.  Баяндаманың мәтіні қоса беріліп отыр.

СӨЗ  СӨЙЛЕГЕНДЕР:
К.У. Умерсеитова, А.Н. Ташмагамбетова, А.С. Айтимова,  М.С. Оспанова. Талқылау барысында елімізді әрі қарай жаңғырту бойынша негізгі  10 міндетті іске асыру мәселесі қозғалды.

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Б.М. Аманованың ақпараты мәліметке алынсын.

 

Төраға                                                                                Б. Аманова

Хатшы                                                                                 М. Оспанова

 

 

 

«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің құқықтық жаппай оқытудың
№2 ХАТТАМАСЫ

 

Екібастұз қ. Мәшһүр Жүсіп к, 45                                                  
Депутаттар бөлмесі                                    2018 жылғы 31 қаңтар

Төраға – Б.М. Аманова, аппарат басшысы.
Хатшы – М.С. Оспанова, бас маман.
Қатысқандар: А.С. Айтимова, А.М. Байдильдин, Х.К. Елубаева, А.Б. Мукушева, З.К. Нурмаганбетова, А.Н. Ташмагамбетова, К.У. Умерсеитова.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы.

 

1. ТЫНДАЛДЫ:
З.К. Нурмаганбетова – үлгілік қағидаларының негізгі ережелері, құжаттама жасау туралы.  Баяндаманың мәтіні қоса беріліп отыр.

СӨЗ  СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Б.М. Аманова, А.М. Байдильдин, Х.К. Елубаева, А.Н. Ташмагамбетова. Талқылау барысында құжаттарды дайындау мен рәсімдеу, мөрлерді, мөртабандарды және бланкілерді есепке алу мен сақтау тәртібі, сондай-ақ, істерді мұрағатқа тапсыру мәселесі қозғалды.

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. З.К. Нурмаганбетованың ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және арнайы штемпельдік бояуы бар мөрлерді, мөртабандарды есепке алу және беру журналын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.
  3. 2013-2015 жылы сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт жасау.

 

Төраға                                                                                 Б. Аманова

Хатшы                                                                                 М. Оспанова

 

 

 

Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің құқықтық жаппай оқытудың
№3 ХАТТАМАСЫ

 

Екібастұз қ. Мәшһүр Жүсіп к, 45
Депутаттар бөлмесі

 

2018 жылғы 14 ақпан

Төрайым – Б.М.Аманова,  аппарат басшысы.
Хатшы – М.С.Оспанова, бас маман.
Қатысқандар: К.У. Умерсеитова, А.С. Айтимова, Х.К. Елубаева, А.Б. Мукушева, З.К. Нурмаганбетова, А.Н. Ташмагамбетова.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Уақытша қағидаларын талқылау.

1. ТЫҢДАЛДЫ:
Б.М.Аманова –  ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап, Павлодар облысы бойынша өкілді және атқарушы органдардың нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу шараларын жүргізуде қағазсыз ісжүргізу жоспарланғаны туралы ақпараттандырды.  Пилоттық жобаны жүргізгенде қолданылатын Уақытша қағидалармен белгіленген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің негізгі ережесі, тәртібі және мерзімімен таныстырды.  Баяндама мәтіні қоса беріледі.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
А.С.Айтимова, М.С.Оспанова, К.У. Умерсеитова.
Талқылау барысында сөз сөйлегендер құжаттарды өңдеуге уақыт тапшы, өйткені әзірлеуші органдармен құжаттар сапасыз дайындалатыны және уақытылы ұсынылмайтынын атап айтты.

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Б.М.Аманованың ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы орган-әзірлеушілер (экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылсын.

 

Төрайым:                                                                           Б. Аманова

Хатшы:                                                                                М. Оспано