Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2016 жылғы тамыз айына арналған Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат

Ағымдағы жылы 18 тамызда қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында 5 мәселе талқыланды.

1. «Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы».

2. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы».

3.«Ветеринариялық бақылау және қадағалау жүзеге асыру ветеринария бөлімінің жұмысы туралы».

4. «Өңірдегі жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін әрі қарай күшейту шаралары және жағдайы туралы».

5. «Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың сапасы туралы».

yulek23

 

Бірінші және екінші мәселелер нормативтік құқықтық актілер жобасы, яғни, Екібастұз қалалық мәслихатының шешімі.

 

Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату бойынша шешім жобасы қайта қаралды, Әділет департаменті алдыңға шешімді мемлекеттік тіркеуден бас тартуына байланысты. Бас тарту жөнінде жер қатынастар бөлімінің басшысы Н.Қ.Макраев сөз сөйледі, сонымен қоса, аталмыш шешім бойынша барлық ескертулер мен кемшіліктер жойылғанын атап өтті.

 

Екінші мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Базарбаева әлеуметтік көмек көрсету бойынша жаңа ережелермен таныстырды. Жекелеген санаттағы азаматтардың алатын көмектерін мүгедек-спортшылар толықтырды, сонымен қатар, әлеуметтік көмек әлеуметтік келісімшарт негізінде «Өрлеу» және ҰОС қатысушыларына және ҰОС мүгедектеріне тұрғын үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары алынып тасталды.

yulek26

Нормативтік құқықтық актілерді қарастыру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңесінің ұсынымы ескертусіз және ұсыныссыз қабылданды.

Қоғамдық кеңесінің мүшелері келесі 3 мәселелерді талқылау кезінде белсенді қатысты. Қоғамдық кеңесінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Н.Г.Арсютинді келесі мәселе қызықтырды: Сібір жарасынан (күйдіргі) өлген ауыл шаруашылығы жануарларының сүйектері көмілген жерлерді қоршау орнатудың қандай әсері болады.

Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен қаладағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша сыни ескертпелер айтылды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.И.Попов жөндеу жұмыстарының құны жоғары; көп сомалар бөлінеді, бірақ жұмыс сапасыз орындалып жатқанын атап өтті.

Қоғамдық кеңесінің мүшесі Р.Б.Әміренов қаланың кірме жолдарын жөндеу бойынша сұрақ қойды, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша жолдар жалпы  жөндеу жұмыстарымен қамтылды, бұл іс жүзінде шындыққа жанаспайды.

3 мәселені талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңесімен айтылған ескертулер мен ұсынымдарды көрсете отырып, отырыс хаттамасы рәсімделді және жұмыс үшін тиісті атқарушы органдарға жіберілді.

Қоғамдық кеңестің материалдарын жариялау

Қалалық мәслихатының ресми сайтында «Қоғамдық кеңес» атауымен айдары ашық. Қоғамдық кеңесінің жұмысы, жұмыс жоспары және кеңес отырысының хаттамалары туралы ақпарат аталмыш сайтта жүйелі түрде орналастырылып отырады.

Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің

2016 жылғы қыркүйек айына арналған

жұмыс жоспары

р/қ

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Жауапты атқарушы

1

2

3

4

1.

Екібастұз қалалық мәслихаты мен қала әкімдігінің «Екібастұз қаласы ауыл елді мекендерінің шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулы және шешімін қарау

2016 жылғы қыркүйектің бірінші онкүндігі

Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту мәселесі жөніндегі комиссия

2.

«Жергілікті полицей қызметінің жұмысы туралы» мәселені талқылау

2016 жылғы қыркүйектің үшінші онкүндігі

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссия

Екібастұз қаласы

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                             Б.Аманова