Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы

 

БОЛАТ ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ ҚҰСПЕКОВ

kuspekov

Болат Қайыржанұлы Құспеков 1958 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданының Төртүй ауылында қызметкер отбасында дүниеге келді. Қарағанды кооперативтік институтының экономикалық факультеті мен Мәскеу қаласындағы Ресей кеден академиясының кеден ісі факультетін тәмамдады. Отбасылы, төрт баласы бар.

1980-1991 жылдар аралығында Екібастұз көмір өндірістік бірлестігінің «Степной» кешенінде еңбек және жалақы бөлімінің экономисі қызметін атқарды. 1991-1994 жылдары Екібастұз қаласы салық инспекциясының мемлекеттік бас инспекторы болып жұмыс істеді, 1994-2000 жылдары Павлодар облысы Кеден басқармасы «Екібастұз» кеден бекетін басқарды, 2000-2002 жылдары Екібастұз қаласы салық басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 2002 жылы Екібастұз қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, 2006-2009 жылдары қаланың салық басқармасының бастығы, онан ары 2012 жылға дейін Екібастұз қаланың атқарушы органдарының басқарушы лауазымдарына тағайындалды.

2012 жылы V шақырылымдағы Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайланды.

Наградалары:

медальдар: «Облыс алдында сіңірген еңбегі», «Қала алдында сіңірген еңбегі», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл»;

 белгілер: I, II, III дәрежелі «Шахтер даңқы», «Екібастұзға 50 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл».

Қабылдау уақыты және байланыс ақпарат

Қабылдау уақыты:әр сәрсенбі 17:00 – 19.00

Телефон: 8(7187) 349074

Факс: 8(7187) 349074

Мекенжай: 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мәшһүр Жүсіп к.45

E-mail: ekb-maslihat@mail.ru