Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдық жұмысы туралы ақпарат

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы ағымдағы жылы 8 ақпанда мәслихаттың отыз тоғызыншы сессиясының шешімімен 11 адам болып бекітілді.

Кеңестің бірінші отырысында ұйымдастыру мәселелері қарастырылды:кеңестің төрағасы, хатшысы және 5 адамнан Қоғамдық кеңестің Төралқасы сайланды.

Үш бағыт бойынша комиссиялар құрамы анықталды: экономика, бюджет және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша; әлеуметтік даму бойынша; тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту мәселелері бойынша.

Есепті жылы Екібастұз қаласының қоғамдық кеңесімен 26 отырыс өткізілді.

55 мәселе талқыланды, оның ішінде 48 мәселе бойынша ұсыныстар берілді, оның ішінде мәслихатқа бекітуге ұсынылатын 22 мәслихат шешімі және әкімдіктің 26 нормативтік құқықтық актілері.

Мәжілістерде қаралған мәселелер:

экономика және бюджет жөнінде:

- қала және поселкелер бюджеттерін бекіту, нақтылау және орындау;

-мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау;

жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласында:

-атаулы күндерге әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайту бойынша: ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, АӘК алушылар қатарынан көп балалы аналарға;

- өңірдің ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2019 жылға әлеуметтік қолдау шараларын бекіту бойынша;

- Екібастұз қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тібесін айқындау туралы; Екібастұз қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы; Екібастұз қаласында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы; Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы, Екібастұз қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы.

жер қатынастары саласында:

-жайылымдарды геоботаникалық тексеру негізіндегі жайылым айналымдарының сұлбаларын бекіту туралы;

-жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» («Қазақтелеком» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ);

-Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланбайтын Павлодар облысы Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін ұлғайту туралы;

-Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы;

-2019-2020 жылдарға Екібастұз қаласы бойынша жайлымдарды басқару жөніндегі жоспарды бекіту туралы және 2018-2019 жылдарға арнап бекітілген жоспарды күшін жойды деп санау туралы.

білім беру саласында:

-Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы;

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы.

тұрғын үй-коммуналдық саласы бойынша:

-Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы.

Кеңеспен қаланың кейбір көшелерін қайта атауға байланысты бейбіт жиналыстар мен митингілерді өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы және қаланың ауылдық аймағының жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы мәселелерді қолдады.

Қоғамдық кеңеспен келісу үшін қаланың атқарушы органдарымен Ленин ескерткішін қалалық музей аумағына көшіру, Бауыржан Момышұлы ескерткішін орнату орнын анықтау, Г.А.Никифоровтың мүсінін орнату туралы жәнеуақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша сауда-саттыққа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі бойынша мәселелер ұсынылды.

Қарау қорытындысы бойынша аталған мәселелерге қатысты айтылған ұсыныстар жұмыс үшін тиісті органдарға жіберілді.

Ағымдағы жылы Қоғамдық кеңес қаланың 23 ұйымдарына, соның ішінде 12 білім беру мекемесіне, №1 қалалық емхана, "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ ХҚО, "Экибастузкоммунсервис" ЖШС, "Горэлектросеть" АҚ және 7 мемлекеттік нысандарға мониторинг жүргізді. Бірнеше рет жұмыс тобының көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қала ұйымдарының "кедергісіз орта" құруына мониторинг жүргізілді. Қоғамдық мониторинг нәтижелері ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Қоғамдық кеңес отырысында қаралды.

Жөндеу жұмыстарын зерттеу мақсатында Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне және 22 шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйге барды.

21 мектептің оқушыларынан құралған еңбек отрядтарының, сондай-ақ қала колледждері студенттерінен құралған "Жасыл ел" еңбек отрядтарының жұмысының ұйымдастырылумен танысты.

"Ветдез ПВ"ЖШС қоқыс құбырларына дератизациялау жұмыстарын жүргізген Мұхтар Әуезов 49, Мәшһүр Жүсіп 52 және Шешембеков 11,17,19 мекенжайларындағы көпқабатты үйлерге барды.

Қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстары нәтижелері бойынша ескертулер айтылды және құрылды, оларды жою туралы ақпарат Қоғамдық кеңес отырыстарында тыңдалды.