Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылы Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі 2016 жылы аяқталды,  осыған байланысты жұмыс комиссиясы   қаңтар - ақпан айлары аралығында Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын құру бойынша процедуралар өткізді. Кеңестің жаңа құрамына 11 адамнан белгіленді,  кандиадаттар 2019 жылғы 8 ақпанда  өткен мәслихаттың отыз тоғызыншы сессиясының шешімімен бекітілді.

Кеңестің бірінші отырысында ұйымдастыру мәселелері қарастырылды: кеңестің төрағасы, хатшысы және 5 адамнан  Қоғамдық кеңестің Төралқасы  сайланды.

Үш бағыт бойынша комиссиялар құрамы  анықталды: экономика, бюджет және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша; әлеуметтік даму бойынша; тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту мәселелері бойынша.

Есепті кезеңде 25 мәселе талқыланып, ұсыныстар берілді, оның ішінде мәслихаттың  бекітуіне  шығарылатын  мәслихаттың  7 шешімі:

- 2019-2021 жылдарға арналған қала және Солнечный, Шідерті кенттерінің бюджетін нақтылау бойынша, олар жоғары тұрған  бюджеттен  мақсатты трансферттердің бөлінуіне және  бюджет қаражатының 2019 жылдың басында пайда болған бос  қалдықтарын бөлуге байланысты өткізілді ;

- атаулы күндерге әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайту бойынша: ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, АӘК алушылар қатарынан көп балалы аналарға;

- өңірдің ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2019 жылға әлеуметтік қолдау шараларын бекіту бойынша;

- қаланың кейбір көшелерінің атауын өзгертуге байланысты бейбіт жиналыстар мен митингілерді өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу бойынша;

- 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту бойынша.

Қала әкімдігі ұсынған 7 Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, қаулылары бойынша ұсынымдар жасалды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту, пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу, техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және стационарлық емес сауда.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірлесіп ағымдағы жылдың сәуір айында өткен отырыста 2018 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуы туралы есеп және 2016-2020 жылдарға арналған қала аумағын дамыту бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпараты тыңдалды.

Кеңес жер қатынастары саласындағы мәселелерді қолдады: жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасы, жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу (Қазақтелеком АҚ).

Қоғамдық кеңеспен  келісу үшін қаланың атқарушы органдарымен Ленин ескерткішін қалалық музей аумағына көшіру, Бауыржан Момышұлы ескерткішін орнату орнын анықтау, Г.А.Никифоровтың мүсінін орнату туралы мәселелер ұсынылды. Қарау қорытындысы бойынша аталған мәселелерге қатысты  айтылған ұсыныстар мен ұсыныстар жұмыс үшін тиісті органдарға жіберілді.

Кеңес комиссияларымен  3 көшпелі отырыс  ұйымдастырылды:

         - мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық технологиялар мониторингі бойынша қаланың 10 нысанын аралау жүзеге асырылды, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары және мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар қамтылды;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қала ұйымдарының "кедергісіз орта" құруына мониторинг жүргізілді. 6 білім беру нысанына (мектептер мен балабақшалар) барылды;

- №1 спорт мектебінің жөндеу жұмыстарының барысына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстары нәтижелері бойынша ескертулер айтылды және құрылды, оларды жою  туралы ақпарат  Қоғамдық кеңес отырыстарында тыңдалды.

Қоғамдық кеңесінің әдіскері                                 Д.Маханбетова