Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2018 жылдың 1 жартыжылдығына Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы есеп

12.07Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қоғамдық кеңестің 7 отырысы  өтті, соның ішінде 3-і қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірлесіп.

30-дан  аса сұрақтар қаралды.

Бірлескен 3 отырыста өңірдің  бас  қаржылық құжаты- 2018-2020 жылдарға қала бюджетін нақтылау және 2017 жылғы бюджеттің орындалуы қаралды.

         Өкілетті және атқарушы органдардың  17  нормативтік құқықтық актілері  жобасы бойынша ұсынымдар жіберілді.

         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында өңір басшысы К.Т.Нукенов 2017 жылғы атқарушы органдардың жұмысының қорытындысы  бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп берді.

         Екібастұз өңірінде "Рухани  жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асу барысы мәселесі қаралды.

         Осы отырыста қаламызда "Рухан  жаңғыру" қоғамдық қорын құру жайлы бастама көтерілді, Баянауылда Қосым Пішенбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс айтылды, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Ж.Қоғабайдың мектеп жасына дейінгі балаларға арналған латын әліпбиіндегі кітабының тұсаукесері өтті.

         Жұмыс жоспары бойынша атқарушы органдар басшыларының "Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінің қызметінің сапасы туралы", "2017-2021 жылдарға тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы" шеңберінде іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы" ақпараттары тыңдалды.

12.07-2         Ауыл мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары, кейбір санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелері, тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тариф, поселкелердің жергілікті қоғамдастығының жиналысының регламенті келісілді.

         Қоғамдастықтың Қоянды, Атығай, Құрылысшы ауылдарының кейбір көшелерінің атауын өзгерту туралы ұсыныстары қаралды.

         Мемлекеттік қызметтің сапасына, қолжетімділігіне және  көрсету процедурасына қанағаттану деңгейін анықтауға қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында Қоғамдық кеңес тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін  ұйымдарға барды. Мониторингпен  қаланың 13 ұйымы қамтылды.

         Тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, мемлекеттік қызметтер бекітілген регламенттер мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және белгіленген талаптар сақталған.