Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің 2018 жылғы сәуір айындағы жұмысы туралы ақпарат

2018 жылғы сәуір айында Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесі және қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен 2 отырысы өтіп, онда 15 мәселе қаралды. 

Тұрақты комиссиялармен бірлескен отырыстарда қаланың 2017 жылғы бюджетінің орындалуы есебі қарастырылды және Екібастұз қаласы аймағын дамыту Бағдарламасы бойынша іс шараларды жүзеге асыру аясында нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша, бағдарламаның 2017 жылда жүзеге асуы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері тыңдалды. Сондай- ақ, қарастыруға енгізілген сұрақтар:

- Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.

         -  Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы;

        -  Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласы ауылдық аймақтары бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы;

         -  Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы № 314/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         -  Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы;

         -  Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы;

- қалалық қоғамдық жолаушылар көліктері қызметтерінің сапасы туралы;

           - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыә аясындағы шараларды іске асыру барысы туралы.       

    - Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы (VІ шақырылған кезекті XХV сессия) «2018-2020 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджет туралы» № 201/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

-  Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға  2018 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

Мәдениет бөлімі басшысы А.Х.Жумабаева Екібастұз қаласы ауылдық елді мекендерінде кейбір көшелерді қайта атау туралы мәселесі талқылауға ұысынлды.

  1.  «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысы Ж.Қ.Ибраев Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылауына «Екібастұз қаласында 2018 жылға  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысын, ата-аналар төлемінің көлемін  бекіту туралы» Екібастұз қаласы әкімінің қаулысын ұсынды.

Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің қалалық мәслихат тұрақты комиссиясымен бірлескен отырысының жұмысына қаланың атқарушы органдарының басшылары қатысты.

Нормативті құқықтық актілерді қарастырудың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің ұсыныстары қабылданды.

                   Қоғамдық кеңестің материалдарын жариялау

Қоғамдық кеңестің жұмысы  туралы ақпарат қалалық мәслихаттың ресми сайтының  «Қоғамдық кеңес»  бөлімінде жүйелі түрде орналастырылып отырады.

 

 

 

Қоғамдық  кеңестің

 хатшысы                                                                А.Ташмагамбетова