Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің 2018 жылғы қаңтар айындағы қызметі туралы ақпарат

Ағымдағы айда Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда нормативті-құқықтық сипаттағ 8 мәселе талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері жылдың басына жинақталған қалдық бюджеттік қаражаттарды қайта бөлуге байланысты өткізілетін 2018 жылға арналған қала бюджетін нақтылау бойынша қалалық әкімдіктің ұсыныстарын қолдады. Көлем 560,0 млн.теңгеден астамға көбейді, қаражат атқарушы органдардың алдына қойылған мәселелерді шешуге жіберілді.

Қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына өзгерістер енгізу мақұлданды. Жекелеген санаттар тізбесі ұлғайтылды, әлеуметтік көмекті жүкті мүгедек әйелдер, отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын, жүктіліктің 12 аптасына дейін жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдер және санаторлық-курорттық ем қабылдау кезінде еріп жүруді қажет ететін мүгедектер ала алады. Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдаудың біржолғы жолақысының 65 теңге тарифі талқыланды.

Сайлаушылар саны үш мың адамнан асқан, сондай-ақ, Құдайкөл ауылдық округі мен Бесқауға ауылының таратылуына байланысты сайлау учаскелерінің шекараларын өзгерту, бұрын аталған ауылдарда орналасқан сайлаушылармен кездесулер өткізу және үгіт материалдарын орналастыру орындары мәселелері қарастырылды, олар құрамына таратылған ауылдар енгізілген ауылдық округтарға анықталатын болады. Қала әкімінің табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімі бірауыздан қолданды, қаңтар айында дауылдың салдарынан қаланыңнысаны бұзылды.

Нормативті-құқықтық актілер қабылдау жүйесіндегі заңнамаға сәйкес қала әкімдігінің кейбір қаулылардың күшін жою туралы қаулысы және мемлекеттік органның уәкілдігі мен мәртебесін анықтамайтын және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын актілер болғандықтан мәслихаттың регламентінің күшін жою туралы шешімі қарауға ұсынылды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен барлық мәселелер бойынша оң ұсынымдар қабылданды.

Қоғамдық кеңестің материалдарын жариялау

Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы ақпарат қалалық мәслихаттың ресми сайтының «Қоғамдық кеңес» бөлімінде жүйелі түрде орналастырылып отырады.

Қоғамдық кеңестің

хатшысы А.Ташмагамбетова