Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТАТАЕВ БОГЕНБАЙ ДАНИЯРОВИЧ
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

100

ruhani

Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

2021 жылғы 9 наурыз                16/2

(VІІ шақырылған кезектен тыс, II сессия)

         Жер комиссиясының құрамын және
жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағы 5-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1, қосымшасына сәйкес жер комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2020жылғы 21 тамыздағы «Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» № 452/57 шешімінің  күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         Сессия төрағасы,
       Екібастұз қалалық
  мәслихатының хатшысы                                                                Б.Куспеков

 

 

                                                                      Екібастұз қалалық мәслихатының
2021 жылғы 9 наурыздағы
(VII шақырылған кезектен тыс, II сессия) 
№ 16/2 шешіміне 1-қосымша

 

Жер комиссиясының құрамы

Бауржан Каиржанович
Ахметов

  • Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы;

 

Бибигуль Айтмухашевна
Женибекова

  • «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласы ауылдық аймағы бойынша жерге орналастыру секторының бас маманы, жер комиссиясының хатшысы.

 

Жер комиссиясының мүшелері:

Данияр Курмангалиевич
Даулбаев

  • «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Сабит Болатович
Маненов

  • «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Жасулан Жалелович
Садвакасов        

  • «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл

шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Медият Мадениетулы
Мусанап

  • Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалының директоры (келісім бойынша);

 

Жанат Камитович
Ибраев                               

  • Екібастұз қалалық мәслихатының

депутаты (келісім бойынша);   

 

 

Раушан Боранбекқызы
Нурпеисова

  •   «Фермерлер одағы» Қоғамдық

бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша);

Самат Жаинович
Рамазанов

  • Екібастұз қаласы Қоғамдық

кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

Сагат Хайруллинович
Абелкасимов

  • - «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша);

 

Маншук Тулегеновна
Тульжанова

  • «Екібастұз қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша).
Серик Тельманович Садвакасов - Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы оңірлік кенесінің мушесі (келісім бойынша).

 

                                                                                                 

 

 Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес, жер комиссиясының құрамына енгізіледі:

  • Жер телімі тұрған аумақтағы ауылдық округтің, кенттерінің және ауылдардың әкімдері:

                                                                                                                    
Нурберген Маулитбаевич                        - Солнечный кентінің әкімі
Сейлханов            

Мурат Сагадатович
Какожанов

  • Шідерті кентінің әкімі;    

ГульнарТулюбаевна 
Енсебаева

  • Шиқылдақ ауылының әкімі;    

Жанат Кабдулуахитович     
Ибраев

  • Екібастұз ауылдық округінің әкімі

Бактияр Кабдрашитович                
Ахтаев      

  • Ақкөл ауылдық округінің әкімі;

Ерлан Ермуратович                        
Касеналин

  • Теміржол ауылдық округінің әкімі;

Арман Кабдылсаматұлы                          
Асипов

  • Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі;     

Амантай Докторхан   

  • Бәйет ауылдық округінің әкімі;

Марат Кайрбекович                        
Сейсембаев                               

  • Сарықамыс ауылдық округінің әкімі;     

Абай Серикович                              
Хакимов

  • Қоянды ауылдық округінің әкімі;     

Жанымхан Жансерик                      

  • Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі;                 

 

  • Жергілікті қауымдастықтың жиналысымен сайланған тиісті ауылдық округтің, кентінің және ауылдың өкілдері:

Сагындык Сламиевич
Аскаров

  • Солнечный кенті халқының өкілі (келісім бойынша);

 

 

Серик Казтаевич
Айтбеков

  • Шиқылдақ ауылы халқының өкілі (келісім бойынша);

Максат Жаксытаевич
Жанахметов

  • Екібастұз ауылдық округі халқының өкілі (келісім бойынша);

 

Сайран Какимович
Казенов

  • Ақкөл ауылдық округі халқының

өкілі (келісім бойынша);

Сагындык Ондасынович
Каирбеков

  • Теміржол ауылдық округі халқының өкілі (келісім бойынша);

Асылбек Балташевич
Едилов

  • Төрт-Құдық ауылдық округі халқының өкілі (келісім бойынша);

 

Байкадам Еламанович
Жакенов

  • Бәйет ауылдық округі халқының

өкілі (келісім бойынша);

Баттал Мурат

  • Сарықамыс ауылдық округі халқының өкілі (келісім бойынша);

 

Дархан Журсинович
Батенов

  • Қоянды ауылдық округі халқының өкілі (келісім бойынша);

Ерболат
Хавилхаг

  • академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы халқының өкілі (келісім бойынша).

     

  

 

                                                                      Екібастұз қалалық мәслихатының
2021 жылғы 9 наурыздағы
(VII шақырылған кезектен тыс, II сессия) 
№ 16/2шешіміне2-  қосымша

 

Жер комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, және де осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Комиссия өз құзыры бойынша қорытындысын береді.

2. Комиссияның функциялары мен құқықтары

  1. Комиссия жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарайды да, қорытындылар дайындайды.
  2. Оның құзыретіне кіретін комиссия мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
 

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы қала әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
  4. Төраға осы ережемен Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындау жұмыстарын ұйымдастырады.
  5. Комиссия төрағасы:
    1. отырысты шақырады;
    2. Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
    3. Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
    4. Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.
  6. Комиссия мүшелері:
    1. ұсынылған материалдармен танысады;
    2. Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
    3. отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.
  7. Комиссия хатшысы:
    1. Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
    2. Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
    3. отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
    4. Комиссия мүшесі болып табылмайды.
  8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
  4. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  5. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  6. Комиссияның қорытындысы екі жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
  7. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бір жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.

4. Қорытынды ережелер

  1. Жер комиссиясының хаттамалық шешімі сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

  1. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.