Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым өтырысының хаттамасы

Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша
 Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының
көпшілік тыңдалым өтырысының
 хаттамасы

Екібастұз қаласы                                          2017 жыл «22» қараша

Өткізу орны: "Қайнар" білім беру және бос уақытты қамту кешені
Уақыты: сағат 11.00

Көпшілік тыңдалымды Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени мәселелер бойынша тұрақты комиссиясы ұйымдастырды.
Көпшілік тыңдалым өткізу туралы ақпарат қалалық «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде  жариялау арқылы Екібастұз қаласы жұртшылығының назарына жеткізілді.
Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы–Арман Абильмежитович Жусупаев–№8 Бөгембай сайлау округінің депутаты, қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалымына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, атқарушы органдар басшылары, қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Көпшілік тыңдалымға 367 адам тіркелді және қатысты (тізім қоса берілген).

Күн тәртібі
1. Энергетиков көшесін «Энергетиктер» көшесіне қайта атау туралы.
2. Горняков көшесін "Кеншілер" көшесіне қайта атау туралы.
3. Московская көшесін «Мәншүк Мәметова» көшесіне қайта атау туралы.
4. Киевская көшесін «Шәкәрім» көшесіне қайта атау туралы.
5. Новоселов көшесін «Әлия Молдағұлова» көшесіне қайта атау туралы.
6. Строительная көшесін «Бауыржан Момышұлы» көшесіне қайта атау туралы.
7. Декабристов көшесін «Жігер» көшесіне қайта атау туралы.
8. Молодогвардейцев көшесін «Татулық» көшесіне қайта атау туралы.
9. Октябрьская көшесін «Ақжол» көшесіне қайта атау туралы.
10. Пионерская көшесін «Балдәурен» көшесіне қайта атау туралы.
11. Советов көшесін «Наурыз» көшесіне қайта атау туралы.
12. Комсомольский өтпе жолын «Нұрлы» өтпе жолына қайта атау туралы.
13. Омская көшесін «Астана» көшесіне қайта атау туралы.
14. Школьный өтпе жолын «Габбас Сагиденов» немесе «Иван Федотов» өтпе жолына қайта атау туралы.
15.Энергостроителей бульварын «Академик Марденов» бульварына қайта атау туралы.

Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы  Арман Абильмежитович Жусупаев күн тәртібімен таныстырды және дауыстарды санайтын есептік комиссияға орындарына жайғасуды ұсынды. Есептік комиссия құрамында: Далида Маратовна Сиваракша – қалалық мәслихаттың депутаты, комиссия төрайымы; Айша Нурымовна Ташмагамбетова-Қоғамдық кеңестің хатшысы, комиссия мүшесі; Мадина Салахиденовна Оспанова, мәслихат аппаратының бас маманы– комиссия мүшесі.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Айжан Хамзановна Жумабаева  Екібастұз қаласының 15 көшесін қайта атау бойынша ақпарат берді.

Көпшілік тыңдалымда Құрметті азаматтар, қала тұрғындары сөз сөйледі.

Ж.Ш.Мейірман, қаланың Құрметті азаматы, күн тәртібін өзгертуді, Комсомольский өтпе жолына "Нұрлы" атауын беруге қарсылық білдірді және Иван Федотовтың есімімен атауды ұсынды. Сондай-ақ ол Құрметті азаматтардың Школьный өтпе жолын Қасымжановтың есімімен қайта атау туралы өтініштері қаралмағанына наразылық білдірді.
Б.Б.Амантаев, қаланың Құрметті азаматы, жиналғандарды күн тәртібіне енгізілген көшелердің атауын өзгертуді қолдауға шақырды, себебі заман, қоғам өзгергендіктен біздің санамыз да өзгеру қажет деді. Қаламызға сіңірген еңбектерін ескеріп, Энергостроителей бульварына М.Марденовтың, ал Школьный өтпе жолына Ғ.Сағиденовтың есімін беру туралы ұсынысты қолдады. 
С.И. Джаксыбаев, қаланың Құрметті азаматы,  15 көшенің ішінен қала көшелеріне Жігер, Татулық, Балдәурен, Нұрлы атауларын беруге қарсылық білдірді, себебі еліміздің еш қаласында мұндай атаулы көшелер жоқ. И.П.Федотовтың есімін  Школьный өтпе жолына беруді қолдап, Западный көшесіне Ғ.Сағиденовтың есімін беруді  ұсынды. Сонымен қатар қаламыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосқан, есімдері көшелерге беруге лайық адамдардың есімдерін атап өтті. Көшелердің атауларын қайта атаған кезде осыны ескеруді ұсынды.
С.И.Гилева, қала тұрғыны, баяндамашыға барлық көшелердің атауы тек қазақ тілінде болуға тиісті ме деген сауал қойды. Оған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Х.Жұмабаева  біз тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатырмыз және ономастика талабына сәйкес бүгінгі күні қала бойынша 130 көшенің атауы идеологиялық және тарихи тұрғыдан ескірген болып саналады деп жауап берді.
Сондай-ақ С.И.Гилева Шахтерская, Строительная, Новоселов және Энергетиктер көшелерін қайта атауға келіспейтіндігі жайлы пікірін білдірді.
Б.М.Шаймерденов, қаланың Құрметті азаматы, Энергостроителей бульварына М.Марденовтың есімін беру туралы ұсынысты қолдап, оның жетістіктерін, қала алдында сіңірген еңбегін  атап өтті.
Б.М.Сарсенбин, қала тұрғыны, Қазақстан-көпұлтты мемлекет екенін, басқа республикалардың азаматтары бізге "бір чемоданмен" келген болатын, оларды қазақ жері туысқанындай қабылдағанын еске салды. Жиналғандарды көшелерге                             ата-бабаларымыздың және жергілікті тұрғындардың есімдерін беруді қолдауға шақырды.
М.Б.Муксинов, қала тұрғыны,  Екібастұз инженерлік-техникалық институтының қызметкерлері атынан Энергостроителей бульварына академик Марденовтың есімін беруді қолдайтындықтарын айтты.
Н.И.Попов, Қоғамдық кеңестің төрағасы, бүгінгі күн тәртібінде жоқ көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстарды жазбаша түрде тиісті органға жолдауды ұсынды.
Б.Б. Тусупова, қала тұрғыны,  Октябрьский көшесін Ақжол көшесіне қайта атау туралы ұсынысты қолдап,   қазақ халқының Қазан төңкерісінен, ұжымдастыру саясатынан, Голощекин геноцидынан шеккен зардабын еске түсірді.
Б.Б.Булкаирова, қала тұрғыны, Қазақстан посткеңестік кеңістікте ресми түрде екі тіл: мемлекеттік-қазақ тілі және ұлтаралық қатынас тілі-орыс тілі қолданылатын жалғыз мемлекет,  мұндай  еш ТМД елінде жоқ екендігін айтты.
Сонымен қатар ол өзі тұрып жатқан елдің, бүгінгі Қазақстанның, мәдениетін, салт-дәстүрін және батырларын сыйлауға шақырды және күн тәртібіне қайта атауға ұсынылған көшелерді қолдауға ұсыныс білдірді.
 Қ.Б. Жумадилова, қала тұрғыны, Ұлы Отан соғысының рухты сабағы тарихта ерекше орын алады,  сұрапыл жылдары жағаласқанның  жағасынан алып, белдескеннің белін  сындырып, тірескеннің тізесін бүктіріп біздің жарқын болшағамыз үшін қанын төккен ер-азаматтарымыз бізге мәртебелі деді өз сөзінде.   №25 қазақ қыздар гимназиясы ұжымы, ата-аналар қауымдастығы атынан жұлдыздай жарқ етіп 19 жасында ер-азаматқа тән ерлік көрсеткен Ә.Молдағұлованың есімін Новоселов көшесіне беруді қолдайтындығын айтты.
Д.Р. Смакова, қала тұрғыны, Строительная көшесіне қазақ халқының батыры, мақтанышы Б.Момышұлының есімін беру лайық, бұл тарихи тұлғаға деген тағзымымыз және құрметіміз деді. Одан әрі  Б.Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігіне тоқталып өтті.
  Т.Б.Ломанова, қала тұрғыны, Пионерская көшесін балдәурендіктер қозғалысын қолдау құрметіне Балдәурен деп қайта атауды  қолдауды.
Т.Н.Желанкина, қала тұрғыны, қазақ тілін қалай үйренуге болатындығы және көшенің қайта аталуы туралы анықтаманы қайдан алуға болатындығы жайлы сұрады. Сонымен қатар Горняков, Шахтерская және Строительная көшелерін қайта атауға келіспейтіндігі жайлы өз пікірін білдірді.
И.Т.Трухин, қала тұрғыны, Строительная көшесін Бауыржан Момышұлының есімімен  атауды қолдады.
Н.И.Попов, Қоғамдық кеңестің төрағасы, жарыссөзді тоқтатуды ұсынды, себебі қанша адам соншама пікір бар.
Көпшілік дауыспен талқылауды тоқтату және дауыс беру процедурасына  көшу жайлы шешім қабылданды.
А.А.Жусупаев, төраға, №8 Бөгембай сайлау округінің депутаты, әр көше бойынша ашық дауыс беру процедурасын өткізді.
Көпшілік тыңдалым қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен және қатысушылардың пікірін есепке алып,  қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулы етеді:
1. Қалалық мәслихаттың сессиясының қарауына Энергетиков көшесін «Энергетиктер» көшесіне, Горняков көшесін "Кеншілер" көшесіне, Московская көшесін «Мәншүк Мәметова» көшесіне, Киевская көшесін «Шәкәрім» көшесіне, Новоселов көшесін «Әлия Молдағұлова» көшесіне, Строительная көшесін «Бауыржан Момышұлы» көшесіне, Декабристов көшесін «Жігер» көшесіне, Молодогвардейцев көшесін «Татулық» көшесіне, Октябрьская көшесін «Ақжол» көшесіне, Пионерская көшесін «Балдәурен» көшесіне, Советов көшесін «Наурыз» көшесіне, Комсомольский өтпе жолын «Нұрлы» өтпе жолына,  Омская көшесін «Астана» көшесіне, Школьный өтпе жолын «Ғаббас Сағиденов» өтпе жолына, Энергостроителей бульварын «Академик Марденов» бульварына қайта атау мәселесі ұсынылсын.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ көпшілік тындалым барысында қала көшелерін қайта атау бойынша түскен ұсыныстарды ескеру ұсынылсын.
3. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына:
-қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым хаттамасын жеті жұмыс күн ішінде қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыру және қалалық газеттерде жариялау тапсырылсын.

Төраға                                                                             А. Жусупаев

Хаттаманы жүргізген                                                  М. Оспанова