Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым өтырысының хаттамасы

Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша
 Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының
көпшілік тыңдалым өтырысының
 хаттамасы

Екібастұз қаласы  2017 жыл «12» қазан

Өткізу орны: Орталық қалалық кітапхана                                      
Уақыт: сағат 15.00

Көпшілік тыңдалымды Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты депутаттар комиссиясы ұйымдастырды.
Көпшілік тыңдалым өткізу туралы ақпарат қалалық «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде  жариялау арқылы Екібастұз қаласы жұртшылығының назарына жеткізілді.
Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы –Арман Әбілмежитұлы Жүсіпаев–№8 Бөгембай сайлау округінің депутаты, қалаық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалымына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, атқарушы органдар басшылары, қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Көпшілік тыңдалымға 155 адам тіркелді және қатысты (тізім қоса берілген).

Күн тәртібі

Екібастұз қаласының келесі көшелерін қайта атау:
1) «70 лет ВЛКСМ» көшесі «Болашақ» көшесі болып;
2) «Декабристов» көшесі «Кенесары» көшесі болып;
3) «Комиссаров» көшесі «Сарыарқа» көшесі болып;
4) «Крупской» көшесі «Ынтымақ» көшесі болып;
5) Молодогвардейцев көшесі  Әлия Молдағұлова болып;
6) Октябрьская көшісі  Шәкәрім Құдайбердиев болып;
7) «Октябрьский» өтпе жолы – «Береке» өтпе жолы болып;
8) Пионерская көшесі  Мәншүк Маметова болып;
9) Советтер көшесі  Күләш Байсейітова болып;
10) «Западная» көшесі «Ерғанат Көшербаев» көшесі болып.
Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы  Арман Әбілмежитұлы Жүсіпаев күн тәртібімен таныстырды және құрамы 3 адамнан тұратын есептік комиссия  құруды ұсынды: Татьяна Викторовна Шмидт, қалалық мәслихат депутаты – комиссия төрайымы; Далида Маратқызы Сиваракша – қалалық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі; Мадина Салахиденовна Оспанова, мәслихат апаратының бас маманы– комиссия мүшесі.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Айжан Хамзановна Жұмабаева  көшелерді қайта атау бойынша ақпарат берді.

Көпшілік тыңдалымда қалалық мәслихат депутаттары,  қаланың Құрметті азаматтары, қала тұрғындары сөз сөйледі.

С.Т.Сәдуақасов, қалалық мәслихаттың депутаты, бес көшені қайта атау мәселесін күні тәртібінен алып тастау жөнінде өз ұсынысын білдірді:
1) «Декабристов» көшесі «Кенесары» көшесі болып;
2) Молодогвардейцев көшесі  Әлия Молдағұлова болып;
3) Октябрьская көшісі  Шәкәрім Құдайбердиев болып;
4) Пионерская көшесі  Мәншүк Маметова болып;
5) Советтер көшесі  Күләш Байсейітова болып.
Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына және тәуелсіздігіне айрықша үлес қосқан Кенесары, философ, тарихшы, ақын, жазушы және А.С.Пушкиннің, Байронның, Л.Толстойдың шығармаларын аударған  Шәкәрім сияқты қазақ халқының тарихи тұлғаларының есімдері 30 үйден тұратын шағын көшелерден гөрі қаланың ірі көшелеріне беруге лайық деп санайды.
Сол себептен де Ұлы Отан соғысында қаза  болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағын алған жалғыз қазақ әйелдері Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың және КСРО халық әртісі, қазақ опера өнерінің негізін салушы, қоғам қайраткері Күләш Бәйсейітованың есімдері ұсынылып отырған көшелерге берудің  дұрыс еместігін  айтты.
С.Ж.Рамазанов, Қоғамдық кеңес мүшесі: алдындағы сөйлеушіні қолдады және қайта атауға ұсынылған көшелер  әйгілі тұлғалдардың есімін беруге лайық еместігін атап өтті. Жиналғандарды бұл мәселеге байыппен қарап, аталған тұлғалардың есімін беруге ұсынылған көшелерді қарауды күн тәртібінен алып тастауға шақырды. Себебі Санкт-Петербургтегі Әлия Молағұлованың есімі берілген даңғыл мен мектепті, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, А.Баймулдин қаза болған жерлерде орнатылған ескерткіштерді  көре отырып, біздің 5-6 үйден тұратын көшелерге олардың есімін беруіміз жарамайды деген пікір айтты. Ал қалған көшелерді Ынтымақ, Береке және т.б. деп  атауды талқылау қажет дей келе,  қала көшелеріне белгілі жерлестеріміздің есімдерін бергеніміз дұрыс болады деп өз сөзін түйіндеді.
К.И.Туканова, қала тұрғыны Декабристер көшесін қайта атауға қарсы пікір білдірді.  
И.Т.Трухин, №9 ЖОББМ тарих мұғалімі көшелерді қайта атау қажет, бірақ оларға бейтарап мағынадағы атаулар берілген дұрыс  деп санайды. Өз сөзін Кеңес Одағы батырларының есімін лайықты көшелерге берген дұрыс болады деп аяқтады.
Ж.Ж.Сәдуақасов, журналист Серік Тельмановичтің ұсынысын толығымен құптайтындығын айтты. Ұсынылып отырған көшелер тарихи тұлғаларға беруге лайық емес деп бұл мәселені кейінге ысыра бермей, М.Мәметоваға, Ә.Молдағұловаға, К.Қасымовқа К.Бәйсейітоваға қай көше лайық екенін бүгінгі тыңдалымда  шешу керек дей келе, олардың есімін ірі көшелерге беруді ұсынды.
А.Х.Жұмабаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бүгінгі күн тәртібіне шығарылған сұрақтарды соңына дейін қарастыруды ұсынды. Алдында сөз сөйлеушінің пікірімен келісті. Ономастика мәселесін қолға алып, бұл бағытта жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталып, республикалық ономастикалық комиссия біздің қалада 136 көшенің атын өзгертуге ұсынып отырғандығын баяндады. Олардың атауын заман талабына сай қарастыру керектігін атап өтті.
Жиналғандарды бүгінгі күн тәртібінен ауытқымауға шақырды. Ж.Ж.Сәдуақасовтың көтерген мәселелері қосымша қарастыруды қажет етеді деп есептейді.
С.Ж.Макаров, қалалық мәслихаттың депутаты, Екібастұз қаласының  барлық көшелеріне тарихи тұлғалардың есімін беру міндетті емес деген пікір білдірді.  Қаламызда Абай, М.Әуезов, Мәшһүр Жүсіп көшелері бар. Уақыт талабы немесе  атауын өзгерту керек екен деп  көшелердің атауын өзгерте берудің  қажеті жоқ деген пікір білдірді.
Мейірман Ж.Ш., қаланың Құрметті азаматы, Президент аппаратының еліміздің қалаларының көшелеріне мемлекет қайраткерлерінің және тарихи тұлғалардың есімін беру туралы хатымен таныстым деді. Ол ЕИТИ орналасқан Энергостроителей көшесіне жастар  қазақтың соңғы ханы-Кенесары жайлы біліп жүрулері  үшін Кенесарының есімін беруді ұсынды,  Сондай-ақ Горняков көшесіне қаламыздың бас кеншісі-Станислава Павлович Куржейдің есімін беру лайық деген ұсыныс айтты. Сөзін қорытындылай келе, бұл мәселені толық зерделеу қажеттігін, Ж.Ж.Сәдуақасовтың сөзімен толығымен келісетіндігін жеткізді.
Ж.Б.Қоғабай, қала  тұрғыны Кенесарының есімін Западная көшесіне беру керек деген ұсыныс айтты. Көшелердің атын қайта атау мәселесін қарау үшін кеңес беруші орган ретінде қалалық ономастикалық комиссиясын құру керек деген ұсынысты бұрын да айтқан болатынмын, бұл мәселе комиссияда алдын-ала қаралмағандықтан бүгінгідей әр түрлі пікір туындап отыр деп өз ойын ортаға салды.
Западная көшесін ұлы Ерғанат Көшербаевтың есімімен атау туралы оның анасы Т.Б.Мусина айтты.  Ол жиналғандарды ұлының мемлекеттік наградаларымен таныстырып, оның тек Қазақстанда ғана емес Германия, Қытай, Ресейдің қауіпті аймақтарында қызмет еткендігіне тоқталды. Ерғанат қаламыздың №12 және №6 мектептіренде білім алған,  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы институтын тәмамдаған. Анасы депутаттарды жаңа Қазақстанның батырларын білуге шақырды.
А.Х.Жұмабаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Западная көшесінде 255 үй орналасқанын және Е.Көшербаевтың есімін беруге оның отбасы тұрып жатқан мұндай үлкен көше ұсынылмағанын  хабарлады. Бірақ ата-анасының өтінішін ескеріп Ұлттық қауіпсіздік комитеті Е.Көшербаевтың есімін Западная көшесіне беру  жайлы ұсыныс жасаған болатын. Сол себептен бұл ұсыныс көпшілік тыңдалымда талқылауға  беріліп отыр.
Ж.Ж.Сәдуақасов, журналист қаладағы барлық көшелердің атын өзгерте бермей, Северный, Западный, Южный сияқты көшелердің атауларын  Солтүстік, Батыс, Оңтүстік  деп   аударуды, ал  Западная көшесіне Кенесарыдай ұлы тұлғаның есімі лайық деген ұсыныс айтты.
Б.К.Куспеков, қалалық мәслихат хатшысы өз сөзінде көшелерді қайта атау мәселесін тек депутаттар шешпейді деді.  Көпшілік тыңдалымның шешімі қалалық мәслихаттың сессиясында қаралатын болатынын, сессияның шешімімен  облыстық және республикалық ономастикалық комиссияға көшелерді  қайта атау туралы  ұсыныс жасалатындығын хабарлады.
Абенбаева Б., қала тұрғыны: қаланың бір көшесіне Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген, ерлігі үшін мемлекеттік марапаттары бар ұлы Айтжановтың есімін беруді ұсынды.
К.К.Шайрахметов, қала тұрғыны Западная көшесіне Ерғанат Көшербаевтың есімін беру әбден лайық, себебі ол-біздің жерлесіміз және Екібастұздың өз батыры деп санайды.
С.К.Көшербаев, Е.Көшербаевтың әкесі. Өз сөзінде ұлының ҰҚК арнаулы отрядында қызмет еткендігіне тоқталып, қызметтестерімен бірге жүзден астам терактінің алдын алып, мыңнан аса адамның өмірін құтқарып қалғанын айтты.
Е.В.Тюмина, қала тұрғыны, Западная көшесін жерлесіміз және өскелең ұрпақтың өкілі Е.Көшербаевтың есімімен атауға келісетіндігін айтты және  оның жолдастары да бұл бастаманы құптар еді, бірақ олар қызметте екендігін хабарлады.
Куцебур Л.И., қала тұрғыны қайта атауға ұсынылған көшелердің тізімінен жалғыз ғана Е. Көшербаевты лайық деп есептейді.
Жусупаев А.А., төраға, № 8 Бөгембай сайлау округінің депутаты, әрбір көше бойынша дауыс беру процедурасын жүргізді.

Көпшілік тыңдалым қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен және қатысушылардың пікірін есепке алып,  қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулы етеді:

1. Декабристов, Молодогвардейцев, Октябрьская, Пионерская, Советов көшелерін қайта атау «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қайта қарауға жіберілсін және қалалық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылмасын.

2. «70 лет ВЛКСМ» көшесін «Болашақ» көшесіне, Комиссаров көшесін – «Сарыарка», Крупская көшесіен – «Ынтымақ», Западная көшесін – «Ерғанат  Көшербаев» көшелеріне, «Октябрьский» өтпе жолын «Береке» өтпе жолына қайта атау мәселесі қалалық мәслихаттың сессиясының қарауына ұсынылсын.
3. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына:
- қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым хаттамасын жеті жұмыс күн ішінде қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыру және қалалық газеттерде жариялау тапсырылсын.

 

Төраға                                                                           А. Жусупаев

Хаттаманы жүргізген                                                  М. Оспанова