Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласының тұрақты комиссияның Ақкөл ауылдық округінің көшелерін, мектептерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдалым отырысының хаттамасы

 

Екібастұз қаласының тұрақты комиссияның Ақкөл ауылдық округінің көшелерін, мектептерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдалым отырысының хаттамасы

 

Екібастұз қаласы                                       2016 жылғы «18»қараша

Өткізу орны: қалалық орталық кітапхана                                      

Уақыты: сағат 11.00

 

Көпшілік тыңдалым Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты депутат комиссиясымен ұйымдастырылды.

Көпшілік тыңдалым туралы ақпарат Екібастұз қаласының жұртшылығына 2016 жылғы 3 қарашада «Отарқа», «Голос Экибастуза», 2016 жылғы 10 қарашада «Вести Экибастуза» қалалық газеттері арқылы жарияланды. Хабарламада тыңдалым күні белгіленгенге дейін қарастырылатын мәселе бойынша өтініштер түскен жоқ.

Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы – Екібастұз қалалық мәслихатының №11 сайлау округінің депутаты, әлеуметтік, мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы -  Күләнда Сағынтайқызы  Сакенова.

Қалалық мәслихатының тұрақты комиссия көпшілік тыңдалымына қалалық мәслихат депутаттары,  Қоғамдық кеңес мүшелері,атқарушы орган басшылары, өңір тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Көпшілік тыңдалымға 27 адам қатысты (тізім қоса берілген).

Күн тәртібі

Екібастұз қаласының келесі көшелерін қайта атау:

Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы Күләнда Сағынтайқызы  Сакенова күн тәртібімен таныстырды және дауысты санау бойынша құрамында 3 адамнан есеп комиссиясын құру ұсынды: комиссия төрайымы, қалалық мәслихат депутаты –Лязат Ермекбайқызы Бекбергенова; комиссия мүшесі,  қалалық мәслихат депутаты –Далида Маратқызы Сиваракша; комиссия мүшесі, Қоғамдық кеңес мүшесі –Раушан Зекенқызы Садыкова.

Ақкөл ауылдық округі бойынша  көшелерін, мектептерін  қайта атау бойынша түскен өтініштерімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысының міндетін атқарушы Дана Мақымқызы Мауенова таныстырды.

«Ақкөл ауылының Ленин көшесін Мейрам Сатыбалдыұлы Асылғазинның атын беру туралы»    

Жассерік Сәдуақасов, «Отарқа» газетінің журналисі, Мейрам Асылғазинді көзі ашық адамдардың барлығы білу керектігін, Аққөл ауылының біртуар азаматы, оның еңбек жолы  туралы бүгінгі  мәжілісте айтылған кейбір деректерде  қателіктер  бар екенін айтты.  Жазушы ағаның есімін көше атауға беруін құптайтынын, және де басқа да ұсынылған азаматтардың бәрі лайық, Ақкөл ауылының ардагерлер тарихында олардың маңызды орын алатын атап өтті, халық қалаулыларынан айтылған пікірді назарларына алуға  және нақты шешімдер қабылдауларын өтінді.

Ақкөл ауылының Кеңес көшесін Жандарбек Кожахметовтың атын беру туралы.

          Ақкөл ауылының Целинная көшесіне Естай есімін беру туралы.

         Ақкөл ауылының Строительная көшесін Бөгенбай батыр есімімен атау туралы.

         Б.Қ.Құспеков,  қалалық мәслихат хатшысы, Жандарбек қожаны, Естай ақынды, Бөгенбай батырды халыққа таныстырудың қажеті жоқ екенін айтып өтті. Бұл есімдерді  бүкіл қазақ елі білетінін, сондықтан олардың кандидатурасын  бәрі қолдайды деп есептейтінін айтты.

           Ақкөл ауылының Школьная көшесін Қайыркеш Жәкеновтың атын беру туралы.

Ақкөл орта мектебін Әшім Арымбековтың атымен атау туралы.

          С.М. Мұсабекова, Ақкөл ауылының тұрғыны, әкесі  соғыс ардагері, ұстаз Мұқатай Есімбекұлы Мұсабеков жайлы айтты, оның көп жыл бойы Ақкөл,Зеленая роща ауылдарындағы ұстаздық қызметі туралы және әкесінің  атын мектеп немесе көшеге беруге лайық екенін атап өтті.

Ауыл тұрғындарымен өткізілетін  мәжілістің болатыны туралы хабарландыруда Ақкөл мектебіне ат берілетіні туралы жазылмағанын айтып және ауыл әкіміне әкесінің кандидатурасы туралы өтініш білдіргенін және оның қаралмағаны жөнінде, еңбегі ескерілмей қалғанына реніш білдірді. Соңында, Ә.Арымбековтың атын мектепке беруге қарсылығы жоқтығын айтты.

          Г.Ш. Балтабекова, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы: Өтініш түскен болса, бұл мәселенің туындайтынын білдің ғой, әкімдікке, әкім орынбасарына  өтінішпен барған, неге қарастырылмады деп ауыл әкіміне   сұрақтар қойды.

         Б.Қ. Құспеков,  қалалық мәслихат хатшысы, ауыл  әкімнің қателігі болған шығар, және бұл отырыс ақырғы емес, Ақкөлде тағы да көшелер бар, сондықтан бір көшені әкім енді ұсынатын болар деп жауап қайтарды

         Б.К. Ақтаев, Ақкөл ауылының әкімі:  Мұсабековтың есімін беру туралы өтініш ауызша түрде айтылды, заңды түрде құжаттарды талап еттім, бірақта құжаттар тапсырылмады, заң талабына атау беру мәселесі жөнінде жиналыс өткізу  бойынша хабарландыру газетке жарияланды, халық  Мұқатай мұғалімді қолдайды, бірақта   өтініш  білдірген (Мұсабекова) тұрғындармен өткізілген мәжілістен кейін келді  деп  ауыл әкімі түсініктеме берді.

         Бұл мәселені дауысқа салып халық шешеді, тұрғындар бір ауыздан қолдап жатса,  менің қарсылығым жоқ  және әр нәрсе заң талабына сай болу керек  жауап берді.

         Қалалық депутаттар Б.Қ.Құспеков, Л.Е. Бекбергенова, қаланың Құрметті азаматы Ғ.Ш. Балтабекова тарапынан Ақкөл ауылының мектебінің бірінші директоры туралы, ағартушылық жұмыстарды басында кім болғаны жайында сұрақтар туындады.

  1.  Жассерік Сәдуақасов, «Отарқа» газетінің журналисі, Мәселе бірінші болуда емес қой, мәселе әр адамның, елге, халыққа, педагогика саласына сіңірген еңбегін елеу қажеттігін айтты. Әшім Арымбековтың  айтулы еңбектерін атап өтті, ол адамның аты- жөнін талқыға салудың қажеті жоғын  атап өтті.

Бүгінгі көтеріліп отырған мәселе Мұқатай мұғалімнің атын көшеге беру, оның еңбегі ескерусіз қалмайды, болашақта  қаралатын болады деп  журналист өз пікірін білдірді.

Зеленая роща ауылының атауын Шідерті атауына өзгерту туралы.

Мейрамов З., Зеленая роща ауылының тұрғыны: Ауылдың тарихына тоқтала келіп, Шідерті   тарихи атын қайтаруды сұрады, халықтың қолдағанын айтты. Жайылма  атының бұл ауылға қатысы жоғын атап өтті.  

Ж.Корғанбаева, Екібастұз қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің орталық мемлекеттік мұрағатының хатына сәйкес, 1897 жылы Баянауылдан бөлініп Семейге қосылған Шідерті ауылы Күйлі деп аталғанын айтып, Шідерті  атауына  қарсы еместігін білдірді.

 Шідерті негізгі білім беретін мектебіне Қажыбек Алғамбаровтың есімін беру туралы.

М.Н.Ахметова, Екібастұз қаласының тұрғыны, Қажыбек Алғамбаровтың ұлағатты ұстазы екенін, тәлім тәрбие алған оқушылар еліміздің әр саласында қызметте екенін айтты, ол кісімен 25 жылдай қызметтес болғанын, лайықты тұлға деп  санайтынын  білдірді.

«Зеленая роща ауылының көшелеріне Шахмет би, Тілеумет батыр, Татыбай шешен есімдерін беру туралы» мәселесі бойынша сөйлеушілер болған жоқ.

  1.          Құспеков Б.Қ.,қалалық мәслихат хатшысы мәжіліс соңында қатысушыларды көшелерді қайта атау беру бойынша шараларды жүргізу тәртібімен  таныстырды.

Көпшілік  тыңдалым қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 Қаулысына сәйкес:

- қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияның көпшілік тыңдалым хаттамасын жеті жұмыс күн ішінде қалалық мәслихаттың интернет-ресурстарында орналастыру, қалалық газеттерде жариялау;

- «Павлодар облыстық мәслихатына және Павлодар облысы әкімдігіне Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау ұсыныстарын енгізу туралы» мәселесі Екібастұз қаласы мәслихат сессиясына қарастыруға енгізіледі.

Төрайымы                                                                       К.Сакенова

 

Хатшы                                                                                Б.Аманова