Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласының тұрақты комиссияның Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдалым отырысының хаттамасы

 

Екібастұз қаласының тұрақты комиссияның Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдалым отырысының хаттамасы

 

Екібастұз қаласы                                        2015 жылғы «19» мамыр

 

Өткізу орны: қалалық Орталық кітапхана                                      

Уақыты: сағат 15.00

Көпшілік тыңдалым Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты депутат комиссиясымен ұйымдастырылды.

Көпшілік тыңдалым туралы ақпарат Екібастұз қаласының жұртшылығына 2015 жылғы 7 мамырда «Отарқа», «Голос Экибастуза», 2015 жылғы 14 мамырда «Вести Экибастуза» қалалық газеттері арқылы жарияланды. Хабарламада тыңдалым күні белгіленгенге дейін қарастырылатын мәселе бойынша өтініштер түскен жоқ.

Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы – Екібастұз қалалық мәслихатының №14 сайлау округінің депутаты, әлеуметтік, мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы -  Самат Жайынұлы Рамазанов.

Қалалық мәслихатының тұрақты комиссия көпшілік тыңдалымына қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган басшылары, қала көшелерінің тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Тіркелген және көпшілік тыңдалымға 56 адам қатысты (тізім қоса берілген).

Күн тәртібі

Екібастұз қаласының келесі көшелерін қайта атау:

1.Екібастұз қаласының «6 Северный» көшесін Шәпенов Болат Шәпенұлы атына қайта атау туралы;

2. Геологическая көшесін Нұралин Қазыбек Олжабайұлы атына қайта атау туралы.

Көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы Рамазанов Самат Жайынұлы күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстырды,

дауысты санау бойынша құрамында 3 адамнан есеп комиссиясын құру ұсынды: комиссия төрайымы, қалалық мәслихат депутаты –Бекбергенова Лязат Ермекбайқызы; комиссия мүшесі, ішкі істер орган ардагерлер кеңесінің төрайымы – Исаева Бибігүл Асқарқызы; комиссия мүшесі, №4 ОБМ директоры - Жаналиева Нүргүл Сағындыққызы.

Қолдаухатпен бастамашыл топтың өкілдері сөз сөйледі.

1. Екібастұз қаласының «6 Северный проезд» көшесін Шәпенов Болат Шәпенұлы атына қайта атау мәселесі бойынша көше тұрғыны – Б.Ю.Волажанин,  ішкі істер орган ардагерлер кеңесінің төрайымы – Б.А.Исаева, ішкі істер органының ардагері – В.А.Данилин сөз сөйледі.

Борис Юрьевич Волажанин, Бибігүл Асқарқызы Исаева, Виктор Андреевич Данилин оның өмірбаянынан деректер әкелді, ҰОС ардагері және ішкі істер органының тәжірибелі қызметкер екенін атап өтті, көп игі жұмыс істеген және жас ұрпаққа өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесін жеткізген. Ішкі істер органында жақсы жұмыс атқарғаны және ҰОС үшін алған еңбегін, марапаттауларын, атап шықты.

«6 Северный проезд» көшесінің тұрғындары Б.Шәпенов кандидатурасын қолдайды және оның атын беру лайық деп есептейді. Сонымен қоса, аталған өтінішті бірнеше рет ұсынылағанын, оң қарастыруларын өтінді.

 «6 Северный проезд» көшесін қайта атау қолдаухатты ұсынған сөз сөйлеген бастамашыл топқа сұрақтар болған жоқ.

Рамазанов Самат Жайынұлы – көпшілік тыңдалым отырысының төрағасы отырысқа қатысқандарға, Екібастұз қаласының «6 Северный проезд» көшесіне Шәпенов Болат Шәпенұлы атына қайта атау туралы қолдаухат қала әкімінің атына ішкі істер орган ардагерлер кеңесінің төрайымы – Б.А.Исаева, ІІБ бұрынғы басшысы Д.Ш.Сиразидимовтан және қала ардагерлер кеңесінің төрағасынан А.А.Медведев ұсынғанын, сонымен қоса «6 Северный проезд» көшесінде орналасқан 23 үйдің тұрғындарынан хаттама-келісім бар екені туралы ақпарат берді.

 «6 Северный проезд» көшесін Б.Ш.Шәпеновтің атына қайта атау бойынша дауыс беру рәсімі өткізілді. Барлық қатысушылар бірауыздан дауыс берді (есептеу комиссиясының есептеу хаттамасы қоса берілген)

2. «Геологическая» көшесін Нұралин Қазыбек Олжабайұлы атына қайта атау мәселесі бойынша.

«Геологическая» көшесін Нұралин Қазыбек Олжабайұлы атына беруіне бастамашыл топты қолдап сөз сөйлегендер Екібастұз қаласының құрметті азаматы – Х.Б.Хамметов, Екібастұз қаласының құрметті азаматшасы – Х.Ш.Мейірман, Екібастұз қаласының құрметті азаматшасы, қалалық мәслихатының депутаты – Ғ.Ш.Балтабекова, ішкі істер органының ардагері – С.А.Мақабек, «Геологическая» көшесінің тұрғындары - В.М. Басюк, К.И. Голынский, Р.А. Ракбарова, Т.М. Анапьев.

Хамметов Халел Бекбергенұлы:

Қ.Нұралиннің шыққан тегі, Бөгембай батырдың жетінші ұрпағы екенін айтып өтті, оның әкесі атақты ақын, өзіңнен кейін бай әдеби мирас қалдырған. Өз ісінің маманы, қазақ және орыс тілдерін өте жақсы игерген, қазақ халқының тарихын жақсы талдаған және қала тарихына игі із қалдырған.

Қатысқандардан айтылмыш ұсынысты қолдауды өтінді, бұл ретте, халық өз батырларын білу керек және бұның бәрі өскелең ұрпаққа тәрбие үшін қажет екендігін атап өтті.

туралы родославой К.Нуралина әңгімеледі, туралы ана, не ол туыспен баһадүрдің Бөгембайының ара жеті тұқымда болып табылады, оның әкесі белгілі ақын бол-, бай әдеби мирас кейін себя қалдыр-. белгіледі, не ол, өте жақсы ара қазақ халықтың тарихында иелен- қазақ және орыс тілдермен, жөн қара- және қалдыр- ізгі із ара қала тарих өз іс маман болып табыл-.

Жеңіс Шанаққызы Мейірман, Ғалия Шәкірқызы Балтабекова Нұралин Қазыбек Олжабайұлының, адам және басшы ретінде аса биік мәдениетті, зиялы және көптеген идеяның  генераторы, тарихты түп нұсқасы бойынша зерттеуге көп назар аударған туралы сөз сөйледі, Қазақстанның тарихи ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан, республикалық және облыстық басылымдарда монографиялық, тарихи-зерттеу мақалалары жарияланғанын айтты. Белгілі қазақстандық ғалымдар оны біліп және қадірледі, тарих, әдебиет, шежіре зерттеу бойынша оның еңбегіне жоғары баға берді. Ол үлкен қоғамдық жүктемені алып жүрді, «Мәдени мұраларды қорғау», «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымның жауапты хатшысы жұмысын орындады, штаттан тыс дәріскер болды, «Білім» қоғамдық ұйымдастырудың белсенді мүшесі. Сонымен қоса Қ.О.Нұралин әлемдегі ірі көмір қазатын кәсіпорын разрез «Богатыр» атауының авторы. Белгілі зиялы жазушы, тарихшы Салғараұлы Қойшығара және профессор, тарихи ғылымның докторы Ж.Артықбаева, осы кісі туралы нақты ақпаратты алу мақсатында біздің қаламызға ресми сапармен келу, Қ.Нұралинның ерекше тұлға екенінің тағы бір айғағы. Одан әрі баяндамашылар республиканың ғылыми әлемі және қазіргі таңда оның басылымдары қызықтыратынын, бірнеше жас  ғалым ұрпақтары тәрбие алғанын атап өтті. Сол себептен баяндамашылар бұл адамның есімі  мәңгілік болу қажет есептейді.

Басюк Вячеслав Михайлович, Голынский Константин Иванович: Өздерінің баяндамаларында Қ.Нұралиннің өмір жолын, ол ешқашан артықшылық танытпағанын, өзінің нақты істерінің құрметіне ие болғанын айтты.

Баяндамашылар – ҰОС және еңбек ардагері екенін і, қала тұрғындарына көп игі істер істегегін және айтылмыш көше оның атымен аталуы лайықты деп атап өтті.

Мақабек Сейфулла Айтенұлы, Римма Анисимовна Ракбарова Қ.Нұралин керемет мұғалім, біздің халқымыздың тарихының білімдары және жастарды тәрибелеуге қосқан үлесін, олар үшін барлық жағдайда үлгі болғаны туралы айтты. Қатысушыларды айтылмыш ұсынысты қолдауға шақырды.

Талғат Мақсұтұлы Анапьев: «Геологическая» көше тұрғындары жол белгісін құру және қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, соның ішінде №№3,9 автобустар бағыты мәселесін көтерді. Сонымен қатар Геологическая көшесін Қ.Нұралиннің атына қайта атау ұсынысын қолдады.

Дубова Алла Викторовна ертеден тұратын тұрғындардың өтінішін яғни «Геологическая» көшенің осы атауын қалдыру, айтылмыш көше қаланы құрылысы бастаған адамдардың атымен аталған, және қандай да бір ескерткіш қалуын қалайтынын айтып өтті. Осыған орай Қ.Нұралин атына басқа көшені қайта атау мүмкіндігін қарастыруын ұсынды. Сусіңгіш жүйесі туралы мәселе көтерді.

Амантаев Бақтыбай Бүкірұлы бұл адамдарды жақсы танитынын, Б.Шәпенов және Қ.Нұралин атына қала көшелерінің қайта аталуы бойынша ұсынысты қолдайтынын айтып өтті.

Талқылау қортындысы бойынша дауыс беру рәсімі өткізілді. Дауыс беруде 56 адам қатысты. Үшін – 55 адам, қарсы – жоқ, қалыс қалды – 1 адам.

Көпшілік  тыңдалым қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының тарскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 Қаулысына сәйкес:

- қалалық мәслихаты тұрақты комиссияның көпшілік тыңдалым хаттамасын жеті жұмыс күн ішінде қалалық мәслихаттың және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында, қалалық газеттерде жариялау;

- «Павлодар облыстық мәслихатына және Павлодар облысы әкімдігіне Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау ұсыныстарын енгізу туралы» мәселесі Екібастұз қаласы мәслихат сессиясына қарастыруға енгізіледі.

Төраға                                                                               С.Рамазанов

 

Хатшы                                                                                Б.Аманова

  1.