Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі Құрметті депутаттар!

Экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

Құрметті депутаттар!

Сіздердің назарларыңызға экономика, бюджет және кәсіпкерлік жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияның, қала бюджетінің орындалуын бақылау бойынша басты міндеті туралы өткен жылға арналған есепті ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Есеп беру кезеңінде 14 комиссия отырысы өткізілді, 22 мәселе қарастырылды.

Әрдайым комиссияның жұмыс істейтін басты бір мәселесі ол қалалық бюджетті қабылдау және орындалуы. Бұл мәселелер бюджеттік заңнама талабына сәйкес қарастырылады, есеп беру кезеңінде Екібастұз қаласының 2014-2016  жылдарға және 2015-2017 жылдарға арналған жобалар қарастыруға басты назар аударылды.

Бюджетті бекітуге кірісуден бұрын депутаттар бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарын қарастырғанын атап өту жөн. Осылайша, 2013 жылғы қараша-желтоқсан айларында тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында 2014 жылға арналған бюджет жобасын қарастыру кезінде 2014-2016 жылдарға арналған 15 дербес бөлімдер және 13 ауылдық округінің бюджеттік бағдарлама шығын жобалары жете талданды. Талқылау барысында депутаттар бюджеттік бағдарламалардың тұрғысында бюджет шығыстарын жоспарланған салық және басқа да кірістердің жоспарларымен танысты.

Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес, тұрақты комиссиямен мәслихат сессиясына енгізілетін бюджет жобасы бойынша қорытынды әзірленді.

Бастапқыда, қала бюджетінің көлемі 2014 жылға арналған 9,9 млрд теңге көлемінде, ал 2015 жылға арналған  17,5 млрд көлемінде бекітілді.

Есепті кезеңде жоғары трансферттер  Білім беруді дамыту бағдарламасы, Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020, 2012-2020  жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы ретінде мемлекеттік және салалық бағдарламалаыны іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін бағытталды.

2014 жыл ішінде 7 рет қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қалалық бюджетке өзгерістер енгізу бойынша мәселені қарастыру кезінде,  депутаттар білім беру нысандарының жөндеу жұмыстары, жөндеуге тиісті басым учаскелік автожолдарын анықтау, «Жатқан полицеялер», балалар ойын алаңының құрылысына жіберілген бюджеттік қаражатты тиімді қолдану бойынша проблемаларын қозғады.

Нәтижесінде, бюджет жобаларының түзетулерін қарастыру кезінде  депутаттар бірқатар сыни ескертпе және ұсыныстар дайындады.

Кейбір іс-шаралар бағытталған бюджеттік қаражаттар жөнінде депутаттарда сұрақ болды, сұрақты шешу үшін тұрақты комиссиямен нысандарға бару  жолсапарлары ұйымдастырды. Бұл мәселелер – мемлекеттік пәтерді жөндеу, жолдарды қалыпқа келтіру, балалар ойын алаңын құру және т.б. Жолсапар қорытындысы бойынша комиссиялар пәтерлерді жөндеу жұмысына сметаны қайта қарау, көшелерді қайта қалпына келтіру кезінде жетіспеушілікті жою және жұмысты сапалы орындау үшін бақылауды күшейту және ақаулы актіге өзгерістер енгізу ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130 бабына сәйкес тұрақты комиссия бюджетті орындау есебін қарастырды. Талдамалық есеп 2013 және 2014 жылдарға арналған бюджеттің орындалуы, шығынды орындау және түсімдеріне байланысты бюджет бағдарламаларын жүзеге асыру ақпараттары комиссия отырысында талқыланды. Сонымен қатар, біз бюджеттің орындалуына әділ баға беруге тырысамыз. Бюджеттің орындалуы туралы  есептердегі кемшіліктер, оларға талдау жасау, қаржылық ағынын тиімді басқару әрқашан бола бермейді, жеке жағдайда төменгі қаржы тәртібі  бойынша кейбір әкімшілік бюджеттік бағдарламалар арасында, бюджет қаражатының  шығындарын дұрыс жоспарлау бола бермейді, әкімшілік бюджеттік бағдарламасының тиісті бақылауы және сұранысы болмауы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Есепті кезеңде, негізгі қорлар қаланы дамыту жөніндегі іс-шараларға, инвестициялық жобаларды іске асыруға, аймақтық экономикасының бәсеке қабілеттілігін өсуіне жағдай жасауға жұмсалды. Бюджет саясаты  басым әлеуметтік шығынға жіберілді. Соңғы 5 жылда білім беруге, әлеуметтік қамтамасыз етуге, мәдениет және спортқа арналған шығыстар оң серпінге ие. 2014 жылы 8,0 млрд.теңгеден астам құрады 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайызға шығыны жоғары. Ағымдағы жылы атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекеленген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету бойынша, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бойынша іс-шаралар енгізілді.

Әлеуметтік шығындармен қатар бюджеттің айтарлықтай бөлігі инфрақұрылымдық жобаларға бағытталды: қаланы көріктендіру,  көлік инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздігін арттыру. Талқылау қорытындысы бойынша, депутаттар бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша бірқатар ескертулер айтты. Сонымен қоса, уақытылы жоспарланған іс-шараларға әрекет ету және орындау мақсаты бөлінетін бюджеттік қаражатты толық игеруге назар аударылды.

Өткен жылға қаланың бюджетін орныдау үшін көп көңіл бөлінеді.Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қатысты өнімділік және табыс шығындары туралы ақпаратты 2014 жылға арналған бюджет туралы талдамалық есеп, сондай-ақ комиссияның отырысында талқыланды.

Есеп кезеңінде қалалық мәслихатының сессия отырысында облыстық тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Тексеру комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаланың мемлекеттік мекемесіне және қала  әкімдігіне ұсынылды : жергілікті бюджеттің атқарылуы, және т.б. кезінде өзгерістер мен түзетулер азайту тұрғысынан бюджет басқару сапасын жақсарту, қала бюджетінің және қаржылық тәртіпті тиімді және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау.

Депутаттармен мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыс өткізіледі, құрылымдық, мүдделі талқылау сессияларында  оларды тиімді іске асыру барысын қадағалауға мүмкіндік бар.

Комиссия жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі дамыту және бизнесті қолдау мәселелерін қарастыру болып табылады. Осыған байланысты, есепті кезең ішінде тұрақты комиссиясының отырысында мәселелер қарастырылды : моноқалаларды, Қазақстанның үдемелі индустриялық -инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің даму бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру.

Талқылау барысында жалпы оң үрдісі мен өндіріс өсімі және аймақтағы нақты индексі физикалық көлем бойынша атап өтілді. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыру үшін Индустрияландыру картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін коммерциялық банктер жұмыс істейді.

Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының таратылуына байланысты комиссияның бақылауында 2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласының аумақты дамыту бағдарламасы қабылдады. Уәкілетті органмен жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Бағдарламаға өзгерістер енгізілді, орындалған іс-шаралардың  көрсеткіштері  және индикторларға түзетулер енгізілген.

Аумақты дамыту бағдарламасы  шеңберінде бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерге қарамастан, бағдарламалар әкімшілік базалары өзара  үйлесін табып және шын мәнінде пайдасын әкелсін деп тілегім келеді.

Комиссияның күн тәртібінде коммуналдық меншікті басқару мәселесі бар. 2014 жылдың қыркүйек айында қаланың қаржы бөлімінің коммуналдық меншікке орналасқан мемлекет активтерінің, тиімді басқару бойынша ақпараты тыңдалды.

Коммуналдық меншікті басқару саласында, депутаттар атап өткендей, проблемалық мәселелер бар.Кездесу қорытындысы бойынша, тұрақты комиссия экономикалық басқару немесе мемлекет жедел басқару және басқа да заңды тұлғалардың құқығы туралы бекітілген мүлікті мақсатты пайдалану тиімділігін бақылау ұсынылды.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік - бақыланатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму үшін іске асыру жоспарларын мониторингін және талдауын нығайту.

Тұрақты комиссияның қызметінде ерекше орын алатын хаттар мен өтініштер бойынша жұмыс істеу. Негізгі мәселелер кварталішілік аумақты абаттандыру, құрылысы және жолдарды қайта құру, көшелерді жарықтандыру сондай-ақ басқада мәселелер.

Сондай-ақ, көптеген проблемаларды тұрақты комиссияның мүшелері депутаттық сұраныс арқылы жүзеге асырады.Таңдаушылардың көтерген мәселелерді көпшілігі бюджеттен қаржыландыруды талап етеді. Алайда, біз анық білеміз, оның шектеулері бар, сондай-ақ жақын арада осы проблемаларды шешу мүмкін емес екенін білеміз.Бірақ, соған қарамастан, сайлаушылармен кездесуінде, осы сұрақтар және олар шын мәнінде ерекше назар талап етеді. Біз халықтың қалаулары ретінде шұғыл әрекет етуіміз керек, әрине бізден бәрі шұғыл шешміді күтеді, бірақ әрқашан олай бола бермейді.

Есеп кезеңінде тұрақты комиссия қызметінің негізгі сәтін қысқаша айтып өтуге тырыстым. Қорытындылай келе, қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы әрі қарай маңызды және әлеуметтік-мағыналы аймақтың өмірін жақсарту мәселелердің шешімін табу үшін  жемісті еңбек етуге ниетті.

Тұрақты комиссия төрағасы:                                 Ғ.Балтабекова