Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2014 жылы Екібастұз мәслихатының қызметімен ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы

2014 жылы Екібастұз мәслихатының қызметімен ұйымдастыру бойынша  атқарылған жұмыс туралы

Бесінші шақырылған жергілікті өкілді органының үшінші жылғы жұмысы аяқталды. Өкiлді органның қызметі ашық және айқынды түрде өткізілді. Олардың жұмысында атқарушы билік басшылары ғана емес, міндетті түрде әлеуетті құрылымдар ғана емес, қоғамдық ұйымдар  және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

2014 жылды қорытындылай келе, Екібастұз қаласының депутаттық корпусының назарында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын және стратегиялық сипаттағы басқа да бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға байланысты мәселелердің болғанын толық жауапкершілікпен айта аламыз.

Жергілікті өкілді орган қызметінің негізгі формасы  сессия болып табылады. Сессияда қарастырып отырған мәселелер бойынша дұрыс шешімдер табу үшін қалалық мәслихат депутаттары бірлескен бар күш жігерлерін салды.

2014 жылғы есеп беру кезеңінде қалалық мәслихаттың 12 сессиясы өткізілді, соның ішінде 9 кезекті, 3-і кезектен тыс, 100-ге жуық шешім қабылданды.

Өткен сессияларда депутаттар 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды бекітті, әлеуметтік сала мамандарына және жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мәселелерін қарастырды, 2013 жылға арналған қала бюджетін орындау бойынша есебін бекітті, Екібастұз қалалық сайлау комиссиясының жаңа құрамын бекітті, ауылдық округ аумағында бөлек  жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуқағидаларын бекіту ережелері қабылданды, өңірдің  аймақтандыру схемалары қайта қаралды, қала әкімдігінің  әр жұмыс салалары бойынша қалалық комиссияларына өзгерістер енгізілді, Екібастұз қаласының аумақтарын дамыту бағдарламасына  еггізілген өзгерістер мақұлданды .

Қабылдаған барлық шешімдер Екібастұз қалалық мәслихаттың сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес , сессияның құқықтық нормасы қарастырылған  47 шешімі  әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және  берілген мемлекеттік нөмірмен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне  енгізілді және жергілікті газеттерде қазақ, орыс тілдерінде жарияланды.

Депутаттар сессияларда, қарастырылып отырған мәселелер бойынша пікірталаста белсенді қатысты. Орта есеппен депутаттардың сессияға келуі                85 %, ал  2013 жылы 69,5 % құрады.

Тұрақты комиссия төрағалары сессияларда қарастырылып отырған мәселелер бойынша  қосымша баяндамашы ретінде  анықтамаларымен сөз сөйледі. Сессияда өңірдегі  15 мемлекеттік мекемелер  басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Сессия қызметінің барысында бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Мәслихат сессиясында 2015-2017 жылдарға арналған бюджетті қабылдау алдын ала тұрақты комиссия отырысында талқыланды. Алдағы жылға арналған бюджеттік жоспарлау мәселесі бойынша жұмыстар мәслихатта шамамен екі ай жалғастырды. Депутаттар барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерін тыңдады. Талқылау барысында бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау бойынша 16 ұсыныс енгізді.

  Сессия жұмысында депутаттар Ғ.Ш.Балтабекова, С.Ж.Макаров, Қ.Х.Ибраев, С.Ж.Рамазанов ең белсенді қатысады, және де осы депутаттар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағалары.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәслихат депутаттары алдында әкім есебі туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын сессияда Екібастұз қаласы әкімінің есебі тыңдалады.

Өткен жылы тамыз айында, өңір басшысы 2014 жылдың I бірінші жартысында оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау бойынша депутаттар алдында есеп берді. Есеп бойынша пікірталаста депутаттар В.Ф.Егер, Л.Бекбергенова сөз сөйлеп, қаланың атқарушы органдарының жұмысына  өз бағаларын берді.

Бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес,өз қызметтерін мәслихаттың бес тұрақты комиссиясы  атқарады. Комиссиялардың кеңейтілген отырысын  өткізу тәжірибеге енді.

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген 18 отырысы өткізілді, әлеуметтік қорғау, бюджеттік заңнама, азаматтардың құқықтары мен  мүдделерін сақтау, жер заңнамалары қатысты 110 астам мәселе қарастырылды. Сондай-ақ тұрақты комиссия жұмыс жоспарына сәйкес 6 мәселе бойынша депутаттар тобының жолсапары ұйымдастырылды.

Өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі даму бағыттары, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру, депутаттар корпусының үнемі бақылауында.

2014 жылғы төртінші тоқсанында тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысында  «Моноқалалардың дамуы» және Үдемелі индустриялық -инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдар басшыларының ақпараттары тыңдалды .

Сондай-ақ, 2014 жылы 9 қыркүйекте депутаттар бағыттап бұру құралдарын өндіру  және доңғалақтар цехының жұмысымен танысу мақсатында,  бағыттап бұру құралдарын   және теміржол доңғалақтарын  өндіру бойынша зауыт «Проммашкомплект» ЖШС-не барып қайтты. Айтылмыш кәсіпорынының құрылысы, «Моноқалалардың дамуы» бағдарламасы бойынша «зәкірлік» инвестициялық жоба ретінде  Екібастұз қаласының Кешенді даму жоспарына енгізілген, және  нысан 2012 жылы республикалық Индустрияландыру картасының аясында іске қосылды. Депутаттық корпус өкілдері кәсіпорынның болашақ  даму жоспарларымен  танысты, нақтырақ: қозғалыстың жоғары жылдамдығымен  қауіпсіздігіне жауап беретін,  жаңа типті  бағыттап бұру құралдары өндірісі және оның құрамдас бөліктерін өндіру және игеру, сонымен қатар жылжымалы құрамның кез келген бірлігіне теміржол доңғалақтарының  барлық номенклатурасын көбейту бойынша  жоспарлар.

Тұрақты комиссия жұмысына сипаттама берсек, сессияға енгізілген мәселелерді талқылау кезінде депутаттардың тұтастай бір беткейліктерін және құзыреттіліктерін  атап өткен жөн. Құжаттама жобаларының әрбір жолын жете ұғынып, құжатты жасаушыларға сұрақтар қойып, ұсынылған шешімдермен бірден келіспей жиі пікірталас туындады. Атқарушы органның араласуын талап ететін барлық проблемалық мәселелер бойынша мәліметтер тұрақты комиссиямен қала әкіміне  жіберіліп отырды.

Депутаттар өңірдегі проблемалық мәселелерді шешуде тиімді шаралар қабылдайды.

2014 жылы жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға маңызды проблемалық мәселе бойынша 5  өтініш жолданды, оның ішінде 3 шешімі оң шешілді.

«Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы сенаторлар Е.Ж.Жұмабаевқа және В.Я.Бобровқа Екібастұз қаласындағы академик Қ.Сатпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өтініш жолданды, соның нәтижесінде 2014-2015 оқу жылдарына институтқа 65 адамға грант бөлінді, оның ішінде 30 «Тау-кен ісі» маманы бойынша. Соңғы екі жылда, жоғары оқу орнына мемлекеттік тапсырыс берілмеген еді.

Облыстық мәслихатқа және облыстық денсаулық сақтау басқармасына «Колестин» дәрі-дәрмегін  тегін кепілді медициналық  көмек  тізбесіне кіргізу мәселесі бойынша сұраныс жіберілді. Бұл мәселе бойынша, қалалық мәслихатқа сирек аурумен ауыратын баланың анасы көмек сұрап келді. Аталған мәселе Павлодар облыстық мәслихатының отыз төртінші сессиясында қарастырылып оң шешілді және айтылмыш дәрі қосымша облыстық бюджетттен  бөлінетін қаражат есебінен амбулаториялық емделу кезіндегі тегін берілетін  дәрілер тізбесіне енгізілді.

3 жыл бойы елді мекендерді абаттандыру және үй жануарларын ұстау  бойынша  нормативтік құқықтық актілер қабылданған жоқ, сол себепті қаланың құқық қорғау органдары коммуналдық қызметтермен бірлесе  өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыра алмады. Аталған мәселе бойынша бірнеше рет облыстық мәслихатқа және облыс әкімдікке депутаттық корпус атынан өтініштер жолданды. Айтылмыш ережелер облыстық мәслихатының 31 сессиясында қабылданды және 2014 жылғы маусым айында әділет органында тіркелді.

Қаланың ең өткір проблемасы  қалалық инфекциялық бөлімі және туберкулезге қарсы ауруханада жергілікті ағынды  суларды тазарту нысанның, сондай-ақ қалалның мемлекеттік медициналық мекемелерінде компьютерлік томографтың жоқтығы. Тексеру шаралары өткізу үшін облыстық орталыққа бару қажет немесе жеке медициналық орталыққа жүгіну қажет, бұл тұрғындардан қосымша қаржылық шығындарды талап етеді. Айтылмыш мәселелер бойынша депутаттармен облыстық әкімдікке сұраныс жіберілді.

Депутаттар, депутаттық сұраныс құқығын белсенді қолданады. Атқарушы билік органдарына, негізінен, коммунальдық және абаттандыруға байланысты  қызмет көрсетуде сапасын  арттыру мәселелері бойынша 33 депутаттық сұраныс жолданды.

Өткен жылы, елімізде  маңызды саяси оқиға - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына депутаттар сайлауы  өтті.Сайлаушылар жергілікті мәслихаттардың депутаттары болды .

2014 жылғы 1 қазанда Павлодар қаласы «Шаңырақ» халық шығармашылығы облыстық орталығы ғимаратында өткен Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына депутат сайлау мәжілісіне Екібастұз қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Сайлау науқаны кезеңінде  «Өнер» ҚМО-да 17,23 қыркүйекте қалалық мәслихат депутаттары                             ҚР Парламенті Сенатының депутатқа үміткер М.Көбенов және Қ.Нұрмағанбетовпен кездесу ұйымдастырылды, үміткерлер депутаттарға өздерінің еңбек қызметтерімен және сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды.

Депутаттардың қызметінің  ажырамас бөлігі жеке қабылдау  бойынша жұмыс  болып табылады.Депутаттар үнемі  азаматтарды қабылдауын өткізеді. Бекітілген кестеге сәйкес, бір жыл ішінде депутаттар – партиялық фракция мүшелері  «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Қабылдау кестесі айсайын БАҚ-да жарияланады.

Есепті кезеңде, қалалық мәслихат депутаттары жеке мәселелер бойынша 60 сайлаушыларды қабылдады. Көптеген мәселелер азаматтарды қабылдау барысында шешілді. 32 өтініш оң шешілді, 28 мәселе бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер берілді. Өткен жылмен салыстырғанда  2014 жылы әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер азайды, коммуналдық мәселе бойынша өтініштер ұлғаюда, әсіресе қаланың коммуналдық қызметіне және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмысына қатысты.

Қалалық мәслихат өзінің конституциялық өкілеттілігін өзара тығыз әкім аппаратымен, қалалық ұйымдармен және мекемелермен жүзеге асырады. Өздерінің депутаттық өкілдігін орындаудан басқа қала әкімдігі жанындағы  22 кеңесші-мәжіліс органдарының құрамына кіреді.

Шақырылым басынан, 2012 жылы сайлау алдындағы іс-шаралар өткізу кезеңінде айтылған сайлаушылардың  өтініштерінен 140 проблемалық мәселелер белгіленді, олардың барлығы қалалық билікке жүктелген, сонымен бірге  мәслихатқа. Үш жыл ішінде депутаттық қызмет талаптарының жартысынан көбі орындалған, 77% құрайды, сонымен қоса орындалмаған мәселелерде бар, айтылмыш мәселелерді шешу  бюджеттен қосымша  қаражат бөлуді талап етеді, сондықтан  толық шешілгенше  дейін бақылауда болады.

Өткен жылы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағалары С.Ж.Макаров, С.Ж.Рамазанов, С.В.Лепехин, Павлодар облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясымен және «Нұр Отан» партиясының аймақтық кураторымен бірлесіп отырысқа қатысты, есірткі пайдалануға қарсы күрес, «Ауылды қолдау және дамыту» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту және кірістер» бағыты бойынша  мәселелерді қаралды.

Депутаттар үнемі қоғамдық, қайырымдылық іс-шараларға, көпшілік тыңдалымдарға  қатысады .

Қаламызда жыл сайын экономиканың барлық салаларының үздік қызметкерлерін марапаттау маңызды орын алуда. Өткен жылы, қалада  еліміздің  мемлекеттік және өзге де мерекелеріне,өңірдің ұйымдары мен мекемелерінің мерейтойлық күндеріне  арналған  30-ға  жуық  салтанатты  шаралар өткізілді, оған  қалалық мәслихаттың  депутаттары қатысты. Әр салада қызмет жасайтын  150 адам  қалалық мәслихатының Құрмет грамоталары  және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қайырымдылық іс-шаралар өткізу Екібастұз қаласының үшін дәстүрге айналды. Бұл шараларға өткізгенде  депутаттарда тыс қалмайды, олар қайырымдылық іс-шараларына , өздерінің сайлау округтерінде ғана емес, және де  қала бойынша «Қайырымдылық»  қоғамдық қоры және «Екібастұз» балалар қоры өткізетін шараларға да қатысады.

Өткен жылы спорттық жарыстарға қатысушыларына, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға азық-түлік сатып алу үшін ақшалай көмектер көрсетілді. Жалпы республикалық «Мектепке жол»  акция аясында мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен 80 астам бала қамтамасыз етілді. Депутаттардың және олардың ұжымдарымена көрсетілген көмектің жалпы сомасы 4,5 млн.теңгені құрады. Көп жылбойы қайырымдылық акциясына депутаттар Э.Р.Абдинов, Қ.Х.Ибраев, С.В.Лепехин, Е.Қ.Шаихов, В.В.Ищенко, Л.Е.Бекбергенова белсенді қатысады.

Депутаттар «Горэлектросеть» ЖШС, «Горводоканал» МКК  тариф және тарифтік смета жобасын талқылау бойынша көпшілік тыңдалымға қатысты.

Қалалық мәслихаттың қызметі туралы  ақпараттар баспасөз, теледидар және радиоға шығып тұрады. «Голос Экибастуза», «Отарқа» газеттерінде  үнемі өкілді  органның және оның комиссияларының қызметі туралы мақалалар мен жазбаларды жарияланады. 2014 жыл ішінде қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында сессия өткізу, тұрақты комиссия отырысы және мәслихаттың басқа да іс-шаралары, қарастырылған мәселелердін толық сараптамасы туралы 30-дан астам  материал жарияланды.

Жыл ішінде Екібастұз қалалық телеарналарда  және жергілікті радиоларда қалалық мәслихаттың сессиялары және тұрақты комиссия отырысының жұмыстары туралы бағдарламалар эфирге шықты.

Өкілді биліктің қызметі туралы тұрғындарды толық  ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында,  депутаттық корпуспен интерактивтік  тілдесу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін, 2013 жылы қалалық мәслихаттың жаңартылған сайты құрылды, қолданушыларға қолжетімді және ашық.

Сайтта мәслихаттың қызметінің ұйымдастырылуы және өкілеттілігі, депутаттармен және олардың жұмыс бағыттарымен, мәслихат сессияларында және тұрақты комиссия отырыстарында қабылданған нормативтік құқықтық актілермен таныса алады.

Қала тұрғындарының өмірін жақсарту, аймақтағы барлық сала жұмысының тұрақтылығы үшін жақсы жағдаймен қамтамасыз ету, бұның бәрі жергілікті атқарушы биліктің еңбегі, сонымен қатар олардың депутаттарымен  тиімді іс әрекетте болуы маңызды рөл  атқарды. Сөзсіз, депутаттық корпус қызметіне  тұрғындар өз бағаларын береді.

Павлодар облыстық мәслихатының тапсырмасы бойынша өткізілген жергілікті өкілді органдардың жұмысы бойынша  социологиялық  зерттеу нәтижелері қатысушылардың жоғары пайызы Екібастұз қалалық мәслихат депутаттарының жұмысына  оң баға берді. Зерттеуге ақпарат алу үшін Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласы тұрғындарының арасында социологиялық сауалнама түрінде сұрастырылды. 10 сұрақтың ішінен өкілді органның жұмысын бағалау бойынша Екібастұз қалалық мәслихат облыстағы басқа қалалармен салыстырғанда жоғары баға алды.

Өткен жылы ел мәслихаттарының елеулі оқиғасы 20 жылдығы атап өтілді.

Жергілікті деңгейде мереке құрметіне, бірқатар іс-шаралар өткізілді: стенд шығарылды және Екібастұз қалалық мәслихатының тарихы бойынша бейнебаян жасалды, жергілікті теледидарды 10 депутат сұхбат-бағдарламасын берді, сонымен қоса қала әкімдігімен бірлесіп қоғамдық және депутаттық корпус ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді.

Мереке құрметіне депутаттар еңбекте жоғары табысы және жергілікті өзін-өзі басқару дамытуды қосқан елеулі үлесі үшін мерейтойлық медльдар табыстады: депутаттар Ғ.Ш.Балтабековаға, Э.Р.Абдиновке, «Қоғамдық тануе» белгісі, «Қала алдындағы еңбегі үшін»  белгісі С.Ж.Рамазановқа, Қ.Х.Ибраевқа, С.В.Лепехинге, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациясы министрлігінің «Үздік автокөлікші» төс белгісі Е.К.Шаиховқа,Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстар министрінің Құрмет грамотасын В.Ф.Егерге, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының, облыстық басқарма және қала әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен 12 депутатты мадақталды.

Биліктің өкілетті және атқарушы органдарының  келісілген және ашық жұмыстары,  сондай-ақ өзара бірлескен жинақталған тәжірибелері,  ортақ мақсаттарға айқын көзқарастары, болашақта қаламыздың  әлеуметтік-экономикалық дамуы және  тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді шешеді.

Екібастұз қалалық

мәслихат хатышысы                                                         Б.Құспеков