Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі. Құрметті депутаттар!

Әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі.

Құрметті депутаттар!

Сіздердің назарларыңызға әлеуметтік, мәдени даму мәселесі бойынша тұрақты комиссияның есебі ұсынылады.

Әлеуметтік – мәдени даму мәселесі бойынша тұрақты комиссия жұмысының функционалдық бағыты және ұйымдастыру реті қалалық мәслихатының Регламентімен анықталады.

Әлеуметтік – мәдени даму мәселесі бойынша есеп беру кезеңінде тұрақты комиссия қалалық  атқарушы органдармен бірлесіп тіл саясаты саласының, тұрғындардың, балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, жаппай спортты дамыту, діни конфенссия, сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама мәселелері қарастырылды.

Негізінде комиссия қарастыратын барлық мәселелер ортақ мәндегі сипатқа ие, сондықтан әлеуметтік, мәдени даму бойынша тұрақты комиссия отырысы басқа да комиссиялармен бірлесіп өткізіледі.

Халықтың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету мемлекетіміздің ең өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.

Депутаттар қызметінде ерекше орын халықтың әлеуметтік – осал топ азаматтардың санаттарымен жұмысына көңіл бөлінеді.

Қалалық мәслихатпен, Екібастұз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту, сондай-ақ  аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша жаңа Ережелер қарастырылды және бекітілді.

Депутаттар әлеуметтік көмек ережесі қолданыстағы редакцияға енгізілген өзгерістер қала азаматтары үшін оң әлеуметтік әсерін тигізеді, деп атап өтті. Нәтижесінде жоспарланған жаңа енгізілім, әлеуметтік көмек ала алатын, азаматтар санатының тізімі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер мөлшері кеңейтілді. Бюджеттік қаражат көлемі аталған әлеуметтік көмек көрсету үшін жыл сайын артады және 2014 жылы 230,0 млн.теңгені құрады.

Жыл сайын мәслихат сессияларында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандарға әлеуметтік сала бойынша  мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бекітіледі. Біз бүгін, біздің өңірде осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі құзыретті органдардың есептерін тыңдадық,және бағдарламаға оң баға беруге болады, іс-шаралар өткізу шегінде мемлекетті қолдау бойынша ауылдық мектептер және клуб мекемелері мамандармен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы,қалалық мәслихат шешімімен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйде оқыту құнын өтеу үшін әлеуметтік көмек беру қабылданды. Тоқсан сайын 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсету қарастырылды.

Мәселені зерттеу мақсатында оқушыларды жазғы демалыс кезеңінде жұмыспен қамту бойынша, депутаттар оқу орындарының өкілдерімен мектеп жанындағы лагерді көріп қайтты. Депутаттар мектепте жұмыс істейтін асхананы, ойын алаңдарын, аула клубтарын,  оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарымен танысып, көріп қайтты.

Жыл сайын жазғы демалысты ұйымдастыру үшін бюджеттік қаражаттан 80,0 млн.теңгеден астам қаражат бөлінеді, жазғы демалыста 15000 астам баланы қамтиды, оқушылар санынан 100% құрайды.

Білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі оқу процесін және объектілердің материалдық -техникалық базасын нығайту, тұрақты комиссия бірнеше  рет «Өңірдегі білім беру нысандарынның жағдайы және болашақта даму туралы» мәселесін қарастырды.

Бюджеттен бөлінген қаражат шегінде оқу орындарының материалдық-техникалық базасын бекіту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді. Жаңа оқу жылына білім беру мекемелерінің, білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары, оның ішінде « Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарлама аясында өткізілуде.

Депутаттар болашаққа арналған жоспар бойынша жөндеу жұмыстарын өткізу және білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайту мәселесін талқылау кезінде білім бөліміне бірқатар ұсыныстар айтты.

Мамандарды дайындау және өңірде еңбек нарығын кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі қалалық мәслихатының тұрақты бақылауында. Тұрақты комиссия отырысында қандай жұмыс орындалып жатқанын талқылады. Сөзсіз, атқарылған жұмыстарды және кәсіптік мекемелерде, колледждерде, лицейлерде материалдық-техникалық базасы дамуы жалғасуда екенін атап өту қажет. Сонымен қоса,  нақты экономика сектор қызметін үйлестіру бойынша әрі қарай жұмысты күшейту қажет, осыған басты назар аудару, индустрияландыру картасының аясында енгізілген нақты кәсіпорын бар, әр түрлі мамандықтар бойынша біздің болашақ қызметкерлері үшін оқу бағдарламаларын көрсетілуі тиіс нақты қажеттіліктері бар.

Жастар саясатының басымдықтары қалалық мәслихаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің жастарымыздың даму деңгейін ескере отырып, олардың қоғамға ықпалдасуы біздің қоғамымыздың болашағына байланысты . Тұрақты комиссия бастамасы бойынша ішкі саясат бөлімінің «Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» ақпараты тыңдалды. Қарастыру қорытындысы бойынша бөлімге жастарға назар аудару, жаңа жұмыс формасын енгізу, олардың қызметтерін әрі қарай бағыттау мақсатында жастардың сұраныстарын зерттеу ұсынылды.

Конфессияаралық келісімді және діни төзімділікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта қалалық ішкі саясат бөлімінің мақсатты қызметін атай отырып, ол азаматтық қоғамның және олардың қызметін бақылауды күшейтудің алдын алу және әдістемелік жұмысын жетілдіру, қоғамның тұрақтылығына қазіргі заманғы дәстүрлі емес діндердің теріс әсер проблемасына бағытталған шаралардың санын көбейту ұсынылды. Сондай-ақ, теледидар қолдану, тікелей эфирлер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар саласындағы тиісті әлеуметтік мәселелерді, діни және ұлтаралық келісімді дамытушы, арнайы басылымдардың шығуы,  тақырыптық бағдарламаларға уақытылы шара қолдану ұсынылды.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында «Екібастұз өңірінде спорттың дамуы » туралы есеп тыңдалды. Өңір бойынша жаппай спортты қамту – спорттың дамуының негізгі көрсеткіші 28,1% құрайды. Өңірде жаппай спортты дамыту үшін негізгі алғы шарттарының бірі спорттық құрылыс және спорттық іс-шаралар жүйелі жұмыстарын арттыру болып табылады.

Қалалық мәслихатының комиссия қызметінде орын алатын азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Өз құзыреті негізінде , комиссия осы өтініштерді қарастырады және нақты көмек көрсетеді. Өтініштер түрлі сипатта түседі, бірақ көбінесе олардың ішінде мәслихат құзыретіне жатпайтын мәселелерде болды. Мұндай өтініштер бойынша тиісті ұйымға әрі қарай қарастыру үшін жіберіледі.Барлық өтініштерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап берілді.

Өздерінің сайлау округтерінде азаматтарды қабылдау өткізеді,  ай сайын және тоқсан сайын қалалық мәслихат аппаратына және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына есеп тапсырады. Тұрақты комиссияның мүшелері белсенді қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысады.

Комиссияның қызметі жоспар негізінде қалалық мәслихатының келісілген жоспары арқылы жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе, болашақта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия, өз міндеттерін шешу үшін жетекшілік ететін тұрақты комиссия құрылымдардың одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс нысандарын пайдалану өз қызметін нығайтуды жалғастыратынын атап өткен жөн.

 Тұрақты комиссия                                                           

төрағасы                                                                            Ж.Рамазанов