Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Қалалық мәслихат: 2014 жылдың бірінші жартыжылдық есебі

Қалалық мәслихат: 2014 жылдың бірінші жартыжылдық есебі

 

Депутаттық корпустың жергілікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыру аясындағы маңызды мақсаты қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтау.  Депутаттық корпус қызметінің негізгі бағыты қала тұрғындарын алаңдататын, яғни олардың шешіміне байланысты  екібастұздықтардың тұрмыс жағдайлары шешілетін әлеуметтік маңызды мәселелерімен анықталады.

Есептік кезеңде мәслихаттың тұрақты комиссиялары маңызды жұмыстарды атқарды. Олармен 12 отырыс өткізілді, онда 50-ге жуық мәселе қарастырылып, оның 46 Екібастұз қаласының сессиясына енгізілді.    

Қалалық мәслихат жұмысының басым бағыты басты қаржылық құжат – қала бюджетін қалыптастыру және оның орындалу мәселелері болып қалады.

Қала бюджетінің көлемі басында 12 млрд 500 млн 100 мың теңге сомасына бекітілді, жартыжылдық ішінде енгізілген түзетулер мен өзгерістер есебімен ол 3,6 млрд.теңгеге өсті.

Ағымдағы жылда 3,3 млрд.теңге сомада жоғары тұрған трансферттер бөлінді, соның ішінде 246,2 млн.теңге мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға жолданды, нақтырақ: 2014 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысына айсайын 10%  қосымша ақыны; аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек бойынша төлемдер көлемін көбейтуге қарасытрылды. Сондай-ақ, жоғары тұрған трансферттер білімді дамыту Бағдарламасы, жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы сынды мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды орындауғада арналған. 

Сондай-ақ, мәслихатпен ағымдағы жылдың сәуір айында Екібастұз қаласының 2013 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есебі бекітілді.

Қала бюджеті бойынша мәселелерді талқылауда қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және тұрақты комиссиялар төрағалары Ғ.Ш. Балтабекова, С.Ж. Макаров, С.Ж.Рамазанов,Қ.Х. Ибраев белсенді қатысты, олар бюджетті жоспарлауда және бюджеттік қаражатты игеруде қаланың атқарушы органдарымен жіберілген негізгі жетіспеушіліктер атап көрсетті. Сондай-ақ, депутаттық корпуспен, қаржылық ресурстарды тиімді қолдану және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында үнемі жіберілетін кемшіліктерді жою және бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің тәртіптік жауапкершілігін күшейту бойынша жұмыстарды бастауды ұсынылды.

Мемлекеттік саясаттың басымдылығының бірі жер қорын тиімді басқару болып табылады.

Жерлерді бөлу сұлбасы жер салығы ставкаларының төмендеуі немесе жоғарлауының негізіне қызмет етеді, демек ол қала бюджетінің кіріс бөлімінің түсім көлеміне әсер етеді.

Жерлерді аймаққа бөлу бағалау аймағының шекаралары мен жер телімдері үшін төлемдердің базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін анықтау мақсатында ағымдағы жылы қалалық мәслихат сессиясында Екібастұз қаласы Солнечный, Шідерті поселкелері және Бәйет ауылдық округі Атығай ауылының жерлерін аймаққа бөлу сұлбаларын бекіту бойынша шешім қабылданды. Сонымен қатар, салық салу мақсатында аймақтың көрсетілген елді мекендері бойынша базалық ставкалардың түзету коэффициенттері бекітілді.

Аймақтық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәслихаттың негізгі құзырлығына жатады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 14 қаңтарда бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың ақпан мен мамыр айлары аралығында қалалық мәслихатпен Екібастұз қаласының аймақтық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша шаралары жүргізілді. Қалалық мәслихат депутаттарынан, мәслихат аппаратының мамандарынан тұратын сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша Уақытша комиссиясы құрылды,  комиссия төрағасы болып азаматтардың құқықтары мен  заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы С.В.Лепехин сайланды.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрамының қалыптастыру туралы хабарламасы жарияланған сәттен, бір ай ішінде Уақытша комиссиямен саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктердің сайлау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидаттар туралы ұсыныстарын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілді.  Ұсынылған барлық кандидаттар ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңының сайлау комиссияларының мүшелеріне қойған талаптарына сәйкестігін тексеруі ұйымдастырылды.

Белгіленген мерзімде 8 саяси партиялар: Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы, Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Қазақстан Коммунистік партиясы,   «Нұр Отан» Партиясы, Қазақстан Патриоттар Партиясы, Жалпыұлттық социал демкоратиялық партиясы,  «Бірлік» Саяси Партиясы, сондай-ақ 2 қоғамдық бірлестіктер «Екібастұздың болашағы үшін» ҚБ, «Екібастұз қаласы өнеркәсіпкерлері мен кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ  ұсыныстарын ұсынды.

Екібастұз қаласында барлығы 88 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде 1 – қалалық аумақтық сайлау комиссиясы, 5 – облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аймақтық (құрамы облыстық мәслихат шешімімен бекітіледі), 17 – қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аймақтық, 65 – учаскелік комиссиялар. 

Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы сәуір айындағы жиырма алтыншы сессиясында ашық дауыс беру рәсімі бойынша 82 сайлау комиссияларының құрамдары бекітілді, ал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша жабық дауыс беру рәсімі жүргізілді.  

Қалалық мәслихатпен сайланған 83 комиссия мүшелерінің жалпы саны 581 адам.  

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау біздің мемлекетіміздің ең бір өзекті мәселесі болып саналады. 

Ағымдағы жылы мәслихатпен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың, сондай-ақ, Екібастұз қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй ұсыну бойынша көмектің жаңа Қағидалары бекітілді.

Депутаттар қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету Қағидасының редакциясына өзгерістер енгізу қала тұрғындары үшін оң әсер ететінін атап айтты. Жоспарланып отырған енгізілетін жаңалық бойынша әлеуметтік көмекке ие бола алатын азаматтар санатының тізімі кеңейтілді, сондай-ақ   әлеуметтік төлемдердің сомасы жоғарлады.

Депутаттар қаланың әлеуметтік және экономикалық саласының ең маңызды мәселелерін қарастыруды және шешуді тұрақты бастамашылық етіп, қойылған мақсаттарға жетеді.

Жылу жүйелерінің жоғары тозғандығы және ақаулардың көбею салдары қаланың жылу жүйесінің сенімді қызмет етуіне қатты қауіптенудің себебі болды. Осыған байланысты депутаттармен «Павлодар жылу жүйесі» ЖШС  бас директорының орынбасары А.В.Анищуктың, «ПЖЖ» ЖШС «ЕЖЖ» ӨК директоры Д.С.Андрияновтың ақпараттары тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттық корпус «Павлодар жылу жүйесі» ЖШС  басшылығына Екібастұз қаласы жылу жүйесінің жөндеу жұмыстарына қаржыландырудың көлемін көбейту туралы мәселесін шешуді ұсынды.

Депутаттар өз жұмыстарында әр түрлі тиімді формаларды қолданады, солардың бірі жедел шешімді талап ететін мәселелер бойынша тұрақты комиссияларының жол сапар отырыстары. Мысалы, кварталішілік аумақтарды көріктендіру бойынша жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мәселесі бойынша.  

ТҮКШ бөлімі өкілдерімен бірлесіп депутаттар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан, сондай-ақ жөндеу жұмыстары басталатын қаланың көшелерімен аулаларында болды.

Депутаттар қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, талқыланып отырған жоспарға қосымша ұсыныстар енгізді, мысалы, депутат Е.Қ.Шайыхов № 12 ЖОБМ басты кіреберісіне асфальттік құрылғының қажеттігін айтты, Э.Р.Абдинов округ тұрғындарының № 5 ЖОБМ  жаяу адам жүруге арналған құрлғысы туралы өтінішін жеткізді.

Депутаттармен, ТҮКШ бөліміне қаланың коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарына, олардың аулаларда коммуникациялық жөндеу жұмыстарын атқарған кезінде асфальттық қабатты ашып,  ал сосын қалпына келтірмейтіндігі жөнінде бақылаудың қажеттілігі туралы тағы да бір мәрте ескерту жасалды.

Қалалық мәслихат сессиясына енгізілген қырық алты мәселелердің ішінде екі мәселе жұртшылық қатарынан ең көп қызығушылық танытты, ол – қатты тұрмыстық қалдықтардың қалыптасу нормасын және қоғамдың көліктерде жол ақысын көтеру мәселелерін бекіту.

Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасуы және жиналу нормалары бойынша мәселені қарастыру барысында депутаттар Е.Қ. Шайыховпен, Ғ.Ш. Балтабековамен жеке меншік секторы және денсаулық сақтау нысандарының санаттары бойынша жинақталу нормаларын қайта қарастыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.  Оларды бекіткен сәтте депутаттар ұсыныстары әзірлеушілермен ескерілді.   

  2014 жылдың басында қаланың тасымалдаушы кәсіпорындары қоғамдық көліктерде жол жүру тарифін 65 теңгеге дейін көтеру туралы өтінімдерін берді. Депутаттар мәселені жете зерттегеннен кейін тарифті 55 теңгеге дейін көтеруге келісті. Қалада 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қоғамдық көліктерде жүру 55 теңге мөлшерінде белгіленді.

Депутаттар өңірде қалыптасқан өзекті мәселелерді шешкенде ықпалды шаралар қолданады.

Өткен жылы депутаттық корпуспен жоғары тұрған әр түрлі мемлекеттік органдарға ұзақ уақыт бойы өз шешімдерін таппаған мәселелер бойынша 4 өтініш жолданды.

Мысалы, қаланың ең өзекті мәселелерінің бірі – қалалық емхананың жұқпалы аурулар бөлімі және туберкулезге қарсы емханасының сарқынды суларын тазартқыш локальдық ғимаратының жоқтығы болып табылады. Осы нысанның құрылысы бойынша сметалық құжаттар бар, облыстық бюджеттен бюджеттік қаражаттың бөлінуін қажет етеді. 

Сондай-ақ, бүгінгі күнде қаланың мемлекеттік медициналық мекемелерінде компьютерлік томографиядан тексерілу мүмкіндігі жоқ. Бұл ем шаралардан өту үшін облыс орталығына немесе жеке меншік медициналық орталықтарына жүгінуі керек, ол халықтан қосымша қаражат шығуын қажет етеді. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, Екібастұз қалалық емханасы үшін компьютерлік томографияны алу жоспар бойынша 2015 жылға жоспарланған.

Үшіншіден, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлі-техникалық институтында кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік білім тапсырыстарын алу. Осы мәселе бойынша депутат-сенаторлар Е.Ж. Жұмабаевқа және В.Я. Бобровқа өтініштер жолданды. 

Депутаттық қызметтің ажыратылмас бөлімі партияның азаматтарды қабылдау бойынша қоғамдық қабылдау жұмысы болып табылады. Жыл басынан 74 қабылдау жүргізілді. Тұрғындарды негізінен тұрғын үй-коммуналдық, халыққа қызмет көрсету мәселелері толғандырады. Көптеген мәселелер азаматтарды қабылдау барысында қолма-қол шешіледі, қажет жағдайда сол орында депутаттық сұранымдар жасалады.  

Депутаттар сондай-ақ қайырылымдылық шараларға да қатысады,  тек қана өз сайлау округтерінде емес, жалпы қала бойынша да. «Қайрымдылық» қоғамдық қоры және «Екібастұз» балалар қоры  өткізетін жыл сайынғы акцияларға белсенді қатысады. Ағымдағы жылда депутат-кәсіпкерлер Қ.Х.Ибраев, С.В.Лепехин,В.В.Ищенко,Е.Қ.Шайыхов,А.Я.Петуховпен спорттық шаралардың қатысушыларына, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға азық-түлік алуға 1,5 млн.теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.

Халық қалаулылары өздерінің депутаттық құзыреттіліктерін орындаудан басқа қала әкімдігінің жанындағы әр түрлі 22 консультативті-кеңесші органдардың құрамдарында. 

Бесінші шақырылым депутаттарының өкілдік мерзімінің тең жартысының өткеніне қарамастан, алда әлі де шешімін таппаған мәселелер көп. Депутаттар, өздерінің жұмыстарының қоғамда сұранысқа ие екенін мойындайды және әрдайым сайлаушыларға жәрдемдеседі. Бірақ,  қойылған мәселелер өкілдік және атқарушы биліктің бірлескен, сонымен қатар азаматтардың да күштерімен өз шешімдерін таба алады.

    Қалалық мәслихат

аппаратының басшысы                           Б.Аманова