Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Депутаттық қызмет: 2013 жылдың қорытындылары

Депутаттық қызмет: 2013 жылдың қорытындылары

Депутаттардың құзырлығын жергілікті өкілдік органның құзырлығынан бөлек қарастыруға болмайды, өйткені олар өз қызметтерін тек өз сайлау округтерінде ғана жүзеге асырмайды.

Депутат құзырлығының жүзеге асуының ең маңызды формасы өзі сайланған мәслихат және оның органның жұмысына қатысу құқығы.

Өңірдің тіршілік әрекетіне қатысты барлық маңызды мәселелер міндетті түрде қалалық өкілдік орган арқылы өтеді деп сеніммен айтуға болады.  

Өткен 2013 жылы маңызды он бір сессия өткізілді, оларда  60-тан астам мәселелердің шешімдері бекітілді. Талқылаудың саны және маңыздылығы бойынша бастысы   бюджет мәселелері болды. 

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңына сәйкес құқықтық нормаларды бекітетін сессияның 10 шешімі, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өтті және мемлекеттік нөмір берілумен мемлекеттік тізімге енгізілді.

Депутаттың қызметі мәслихаттың тұрақты комиссияларымен байланысты. Әр сессияның алдында барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың отырысында ұйымдар, кәсіпорындар басшыларын және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырумен талқыланады.

Өткен жылы, Екібастұз қаласының тұрақты комиссиялары маңызды құрылымды жұмысты жүзеге асырды. Отырыстарда 100-ден астам мәселелер қарастырылды. Депутаттар ұсынылған ақпараттарды, кейбір мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелерді талап етіп, белсенді талқылады. Талқылаулардың қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар берілді және қаулылар қабылданды.   

Өзекті мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың отырысын дайындау шеңберінде депутаттардың жұмыс тобының жолсапарлары ұйымдастырылды.

2012 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау Бағдарламасы  аясында жөндеуден өткен  кондоминиум нысандарын аралау жүргізілді. Бағдарламаға  көп қабатты 14үй қатысты,  бұл үйлерде шатырларын, инженерлік коммуникация мен подъездерді  қайта және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар  атқарылды.

Өткен жылы жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтерін ұсынудың сапасының едәуір нашарлауына және осыған себеп болған қала тұрғындарының көптеген арыздарына байланысты депутаттармен, Екібастұз қаласын жылумен қамтудың жағдайы туралы мәселесін қарау жұмыс тобының  жылу беретін объектіге  баруымен  ұйымдастырылды.  

Мәселені талқылау барысында қалада жылу беру маусымының өтуі бойынша едәуір өзекті мәселелері,  көбіне жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар және ПИК жұмыстары қозғалды. Тұрғын үй қорын жылу беру маусымына дайындау бойынша шараларға қажетті бақылаудың жоқтығы ескертілді, ал ол жылу энергиясын берудің бәсеңдеуіне әкеп соқты.    

Жылумен қамтамасыз ететін ұйымдарға жылу беру маусымы мезгілінде жабдықтардың істен шығу фактілерін жою бойынша шаралар қолдану ұсынылды. Бір жыл ішінде депутаттық корпус Екібастұз ЖЭО жөндеу жұмыстарының жүру барысын нысанға үнемі жолсапарға барып,  тұрақты бақылауда  ұстады.  Қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп «Нұр Отан» партиясының желісі бойынша жөндеу жұмыстары компаниясының жүруін бақылау үшін партиялық бекеті құрылды. 

Бірнеше мәрте тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстарында қаланы жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарының басшыларының, сондай-ақ, «Павлодарэнерго» АҚ Басқармасы мүшелерінің ақпараттары тыңдалды.

Жұмыс жоспарына сәйкес, Екібастұз қаласының әділет Басқармасының қызметкерлерімен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау сапасы мәселесін зерделеу жүргізілді.

Депутаттық топпен жолсапар кезінде,  электрондық серверлер және дерекқорлардың тұрақты жұмыс істемеуінен туындап отырған адамдардың кезектерде шоғырлануы атап көрсетілді. Азаматтардың  әділет органдарына жүгінуінің өсуі, құжаттардағы қателіктерді түзету мақсатында, некені тіркеу және бұзу бойынша  өтініш білдірушілердің санының артқаны аталды.

Анықталған бұзушылықтар, жетіспеушіліктер хаттамада рәсімделді және  қаланың әділет басқармасына түзету үшін жіберілді.

Тағы бір жолсапарға шығумен ұйымдастырылған мәжілістің басты тақырыбы, қаланың кварталішілік аймақтарының жағдайы. Аралаудың негізгі мақсаты шұғыл көріктендіруді қажет ететін, ең өзекті аула аймақтарын анықтау және осы бағытта әрі қарай атқарушы органдармен бірлескен қызметтерді үйлестіру болды.

Аралаудың бағыты депутаттармен белгіленген округтарының ең промблемалық учаскелерінің есебінен құрылды. Депутаттармен жалпы қала бойынша кварталішілік жолдардың жағдайы зерделеніп, және бірлескен жұмыс қорытындысында басымды учаскелер анықталып, 2013 жылғы жұмыс жоспарына енгізуге ұсынылды.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарастырылған ең басты мәселелердің бірі,  бюджет бойынша мәселелер.

Қала бюджетіне өзгерістер енгізу мәселелерін талқылау барысында депутаттармен білім беру нысандарының жөндеу жұмыстары, жөндеуге жататын көлік жолдарының басымды учаскелерін, «Лежачий полицейский»  құрылғысына бағытталған бюджет қаражатының тиімді қолдануын, балалар ойын алаңдарының баланста болуын анықтау бойынша мәселелері қозғалды.

Өзгерістер жобасын қарау барысында депутатармен бірқатар сынды ескертпелер және ұсыныстар дайындалды.

Бюджеттік қаражаттар бағытталған бірқатар шаралар бойынша, депутаттарда сұрақтар туынады,осыған байланысты тұрақты комиссия нысандарға жолсапары ұйымдастырылды. Олар – мемлекеттік пәтердің жөндеу жұмысы, жолдардың төсемдері, балалар ойын алаңдарын орнату және тағы да басқалар. Аралаудың қорытындысы бойынша комиссиямен пәтерді жөндеу жұмысының дефектті актісіне  өзгерістер енгізу  сметасын қайта қарастыру,  көшелердің төсемелерін жасағандағы кемшіліктерді жою және істелген жұмыстарға бақылауды күшейту бойынша рекомендациялар дайындалды.

Жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын қамту мәселесін зерттеу мақсатында,  депутаттар білім беру мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп қала мектептерімен ұйымдастырылған мектеп жанындағы лагерлерде болды.

Депутаттар мектеп жанында қызмет ететін асханада, ойын алаңдарында, аула клубтарында барып, жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарларымен танысты.

Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаты Т.В. Шмидт білім бөлімімен ұйымдастырылған қала сыртындағы лагерлерді аралауға қатысты, оның мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп сақтау және балалардың демалысына бақылауды жүргізу болды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Жазғы демалысты ұйымдастыру бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен сомасы 87,7 млн.теңгеге жүзеге асырылды.  Жазғы демалыспен 15500 бала қамтылды, ол оқушылар санының 100% құрды.

Сонымен қатар, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен қаланың кәсіпорындарында жеке еңбекке орналасумен 584 оқушы қамтылды.

Сайлаушылардың өтініштерімен жұмыс - депутаттық қызметтің басты құрылымдық бөлімі. Азаматтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін ең қолайлы жағдай жасау, проблемалық орындарды анықтау, әрі қарай атқарушы органдарға депутаттық сұрауларды дайындау  мақсатында  депутаттар өздерінің сайлаушыларымен тұрақты кездесіп тұрады.

Бекітілген кестеге сәйкес, жыл бойына депутаттар – партиялық фракцияның мүшелері «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауында азаматтардың қабылдауын жүргізеді. Қала тұрғындарының жүгінетін негізгі мәселелері баспанамен қамтумен, коммуналдық қызметтердің жұмыстарымен,  емдеу және білім беру мекемелерінің қызметтерімен, ардагерлер және мүгедектерге, тұрғындардың аз қамтамасыз етілген топтарына  көмек көрсетумен байланысты. 

2013 жылда депутаттармен «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалының қоғамдық қабылдауымен 100-ден астам өтініштер қарастырылды. 

Қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдауларға қатысуда белсенділік танытты.

  Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша қаржыландыруды бөлуді қажет ететін, сондай-ақ қаржыландырудан қажет етпейтін проблемалық мәселелер анықталды, оларды жою бойынша ұсыныстар жасалды.

Депутаттық фракцияның медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша қоғамдық кеңесімен және жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесімен: медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысы және «Екібастұз қаласы бойынша партиялық кураторлар институтының қызметі» тақырыбында бірлескен отырысы ұйымдастырылды. 

Отырыста медициналық мекемелерде кадрлық құрамның тапшылығы, жас мамандарға әлеуметтік пакетті ұсынуының жоқтығы, медициналық нысандарында  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі және медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамту қаражатының жетіспеушілігі мәселелері талқыланды.

ТҮКШ модернизациялау Бағдарламасының жүзеге асуы, кондоминиумдарды күту және подъездерде, аулаларда  тазалықты орнату барысы туралы тыңдауларында депутаттар ПИК төрағаларын тұрғын үй қорын басқару тиімділігінің негіздеріне оқыту бойынша ұсыныстары мен тілектерін айтты.

Халық қалауларымен әрдайым Бағдарламаға қатысу механизімі туралы тұрағындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Өткен жылы біздің республикамызда маңызды саяси оқиға болды – ол  ауылдық округтер құрамына кірмейтін ауылдық округтар, кенттер, ауылдар әкімдерінің сайлауы. Сайлаушылар -  жергілікті мәслихат депутаттары болды.

Бұл оқиға Екібастұз өңірінде – 2013 жылғы 7 тамызында өтті.

Алдын ала, сайлау алды компаниясының кезінде қалалық мәслихат депутаттары өңірдің ауыл, кенттер және ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарымен кездесу өткізді. 

17 үміткер депутаттарды өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды және әр қайсысы әкімге сайланған жағдайда алдағы төрт жылда жүзеге асыратын ауылды дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті және депутаттарды қызықтырған мәселелерге жауап берді. Үміткерлер арасында қызметтегі әкімдер, кәсіпкерлер және бюджеттік сала қызметкерлері болды.

Ауыл тұрғындары алдындағы барлық жауапкершілікті сезіне және ауылдағы бар мәселелерді жақсы біле отырып, депутаттарға 13 әкімдерді (8 ауылдық округ, 3 ауыл және 2 кенттер) сайлауда дұрыс шешім қабылдау мәселесі тұрды. 

Дауыс беру, дауыстарды санау және қорытындыларды жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілді. Дауыс беру пунктында  қоғамдық ұйымдардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан бақылаушылары болды. Олардың қатарынан сайлауды өткізу бойынша ешқандай шағымдар түскен жоқ.

Сайлаудың қорытындысы бойынша 13 әкім сайланды, олардың ішінде 9-ы бұрыннан жұмыс істейтін  әкімдер.

Сонымен, мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру, басқарудың төменгі деңгейіндегі қаржылық дербестікті кеңейту мәселелеріндегі құзырлықтарын күшейту әрі қарай мемлекеттің және демократияның дамуының кепілі болады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихат депутаттары алдындағы есебі» № 19 Жарлығына сәйкес Екібастұз қаласы әкімінің өз жұмысы туралы қалалық мәслихат депутаттары алдындағы есебі өтті. Есеп бойынша пікірталаста депутаттар С.Ж.Макаров, В.В.Ищенко, М.Б.Базарбаев сөз сөйледі, олар өздерінің  сөздерінде өңірдің атқарушы органдарының жұмыстары бойынша ұсыныстары мен ескертулерін айтты.

Қазақстан Республикасының Мәслихаттарының 20 жылдығын мерекелеу аясында, Павлодар облыстық мәслихатымен мерейтойға арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Облыстық мәслихаттар арасында волейболдан біріншілік өтті, сондай-ақ «Жергілікті өкілдік органдардың қоғам өміріндегі рөлі» тақырыбында семинар-жиын өткізілді. Осы шараларға қалалық мәслихат хатшысы және депутаттар  қатысты.

Екібастұз қаласы үшін әр түрлі қайырылымдық акцияларын өткізу дәстүрге айналды. Бұл ретте қалалық мәслихат депутаттары тыс қалмайды,  жыл сайын қоғамдық қорлармен ұйымдастырылатын қайырылымдық марафондарына белсенді қатысады.

Мәслихат депутаттарының жұмыстары біздің тұрғындардың  әл-ауқатын жақсартуға бағытталған және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамыту тиімділігін көтеру бойынша үлкен және кіші істерден қалыптасады.

Мәслихаттың депутаттық корпусы заңнамамен ұсынылған құзыреттілікті тиімді қолдана, ел Президенті Н. Назарбаевтың стратегиясын қолдай отырып, алдағы уақытта да атқарушы билікпен бірлесіп қала  тұрғындарының игілігіне өздерінің қызметтерін дамытады және жалғастырады.

                                                                 Қалалық мәслихат

                                                                        аппаратының басшысы   Б.Аманова