Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Тұрғындардың мәселесін шешу-депутаттың міндеті

Қазақстанның мемлекеттік билік сатысында өкілетті органдар - мәслихаттардың алатын орны зор маңызды.

Жалпы мемлекеттік өкімет жүйесінде мәслихаттардың орны мен рөлі айқындалған, аймақтық мәселелерді шешу үшін халық сайлаған, орган ретінде өкілеттігі айтарлықтай кеңейтілген, және жергілікті өзін өзі басқарудың негізі болуы керек.

Екібастұз қалалық мәслихатымен бұл бағытта белгілі жұмыстар үнемі жүзеге асырылуда.      

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 5 сессия өткізіліп, 30-дан аса мәселе қарастырылды.    

Депутаттық жұмыста барлық мәселелер маңызды. Жиналған материалдар сарапталып, талқыланғаннан кейін, мәселе мәслихат сессиясының қарауына енгізіледі. Қабылданған шешімдерде міндетті түрде мәселелерден табылған кемшіліктер көрсетіліп, орындаушыларға жеткізіледі.

Депутаттармен өткізілген сессияларда 2013-2015 жылдарға арналған қала бюджетінің өзгерістері мен толықтыруларын бекітілді, әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі қарастырылды, 2012 жылғы қала бюджетінің орындалған есебі бекітілді, қаланы басқару схемасын, телімдердің егжей тегжейлі жоспарлау жобасы және Ақкөл ауылы құрылыс салу және дамыту схемасына, қала әкімінің 8-ден астам түрлі бағыттағы жұмыс комиссияларына өзгерістер енгізілді, қала аумағын дамыту Бағдарламасына енгізілген өзгерістерді мақұлданды.

Сессияда қарастырылған ең басты да негізгі тақырыптардың бірі қала бюджетінің мәселелері болып табылады.

Бюджеттің басым бөлігі халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмылдырылған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды. Бірінші деңгейдегі ең маңызды мәселелер шешілді.Білім саласы нысандарын, жұмыспен қамту жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, қол жетімді тұрғын үймен қамту, сондай-ақ ауылдық әлеуметтік нысандар және инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша кеңірек жұмыстар жүргізу сияқты көптеген мәселелер шешімдерін тапты.

Бюджетке енгізілген өзгерістер бойынша ұсыныстарды депутаттар бірден қабылданған жоқ, сессия алдындағы тұрақты комиссияларда депутаттардың көптеген ұсыныстар бойынша өзгерістер талқыланып, қайта есептеліп, түзетілді.

Депутаттар Ғ.Ш. Балтабекова, Б.Қ.Құспеков шешімі міндетті түрде бюджеттен қаражат бөлуді талап ететін әлеуметтік нысандар жағдайы туралы мәселелерді көтерді. Яғни, бұл «Бөбек» № 15 бала бақшасына балалардың келу жағдайын жақсарту және орталық кітапханадағы өрт қауіпсіздігі бұзушылығын жою мәселелері.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көркейту мәселелерін шешуге қатысу мәслихат қызметінің ажыратылмайтын бөлігі .

Қалалық мәслихат депутаттары қаланың кварталішілік аймақтарын көшпелі тексеруін ұйымдастырды, тексерістің қорытындысы бойынша шұғыл жөндеуді қажет ететін аула аумақтары анықталды.

Басымды өңірді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешуге қатысу депутаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қамтитын 2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы өңірін дамыту бағдарламасын іске асырылуы депутаттық корпустың тұрақты бақылауында. Ағымдағы жылда бағдарламаға өзгерістер енгізуді қаралғанда, тұрғын үй құрылысы көлемінің төмен көрсеткіштеріне назар аударылып, бұл көрсеткішті қайта қарау қажеттілігіне мән берілді.

Кондоминиум нысандарының басқармалары және мердігерлік ұйымдар, қоғам өкілдерінің қатысуымен болған тұрақты комиссия мәжілісінде қаралған «Екібастұз қаласында тұрғын-үй шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыру. 2012 жылдың қорытындысы және 2013 жылға жоспары» мәселесін талқылануы депутаттар тарапынан  қызығушылық туғызды.

Депутаттар 2012 жылы бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстарына қатысқан нысандарда болды. Шатырларды жөндеу, жертөле орындарын, су, электр, жылу жүйелері жөндеу жұмыстары және тағы басқалар. Осы және басқа да көп қабатты үйлердегі жөндеу жұмыстарын жүргізу ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы арқасында мүмкін болды, бағдарлама шеңберінде 2012 жылы қаланың көп пәтерлік тұрғын үйлерінің жөндеу жұмыстарына 220,0 миллион теңге бөлінді. Бірақта, жөндеу жұмыстарын уақытылы бастауды кедергі келтірген белгілі мәселелер туындады. Құрылысшылардың жұмыстары сапасы жөнінде тұрғындардан көптеген наразылықтар келіп түсті.

Депутаттар С.Ж.Макаров, С.Ж.Рамазанов, Қ.Х.Ибраев, В.В.Ищенко уақытылы қаржыландырылмаған жағдайда және өте тығыз уақытта өткізген маусымдық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстар көлеміне қарамастан, басты назарды жөндеу жұмыстарының сапасына бөлу керек деп өз пікірлерін айтты.

Қалалық мәслихат депутаттары 2012-2013 жылу маусымының өткізілу мәселесін назардан тыс қалдырмады.

Кеңейтілген тұрақты комиссиясы отырыстарында бірнеше рет жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындар басшылары, сонымен қатар «Павлодар энерго» АҚ Басқармасы мүшесінің ақпараттары тыңдалды.

Депутаттық корпуспен, маусымдық жылу мерзіміне жоспарланған дайындық жөндеу жұмыстары түгелдей орындалмағаны және осы жағдай қала тұтынушыларына жылу энергиясының дұрыс жеткізілмеуінің себебі болған деген сұрақтың туындағаны туралы ескерілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында жылу жабдықтау жүйесінің қызмет көрсету сапасының нашарлауына байланысты, депутаттардың бастамалары бойынша Екібастұз қаласындағы жылу жүйесі жағдайы мәселесі қаралды. «Павлодар энерго» АҚ Басқармасы төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары О.И.Перфиловпен кездесу өтті, қорытынды бойынша жылумен жабдықтау кәсіпорындарына қысқа мерзімде жылу орталықтарының жұмысын шамалы мөлшерде жандандыру, тұтынушыларға қайта есептеу бойынша депутат корпустарының рекомендациялары берілді. Қалалық мәслихат депуттарымен «Нұр Отан» ХДП желісі бойынша жөндеу науқанының барысын партиялық бақылау бекетін құру туралы шешім қабылданды.

Депутаттық қызметте, тұрғындармен кездесулер, бекітілген кестеге байланысты сайлаушыларды қабылдау, тұрғындардың өтініштері мен арыздары қабылдау сияқты сайлау округтеріндегі жұмыстар едәуір орын алады. Халықтық сайланушылар тұрғындардың бірде-бір өтініштері мен арыздарын қараусыз қалдырмайды, депутаттық сұраныс және басшыларымен жеке кездесулерді қолдана отырып, маңызды мәселелердің сәтті шешімін табады. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 52 өтініш келіп түсті, оның ішінде 38-і нәтижелі шешілді.

Азаматтар өтініштерінің сараптамасы көрсеткендей, ең жиі түскен тұрғын үй-коммуналдық саласы, жұмыспен қамту және қаланы көріктендіру мәселелері бойынша жолданатын өтініштер.

Алдағы уақытта депутаттар алдында маңызды саяси сипаттағы – өңірдің ауыл, ауылдық округ,кент әкімдер сайлауын өткізу міндеті тұр. Мәслихаттар барлық сайлау компаниялары және жергілікті басқару жүйесінің негізін салушылық рөлін атқара бастады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өткен жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің бағыты» Қазақстан халқына жолдауында өкілетті органдардың рөлін әрі қарай арттыру үшін біз алдымен мәслихат арқылы төменгі деңгейдегі ауыл әкімдерінің сайлауды енгіземін деп айтқан болатын.

Депуттар ауыл халқының алдында бар жауапкершілікті сезеді және ауылдағы бар мәселелерді жақсы біле отырып, алдымыздағы әкім сайлауында дұрыс шешім қабылдайды айтуға болады.

Жергілікті өзін өзі басқару органдарын қалыптастыру, төмен деңгейлі басқарудың қаржыландырулық дербестігін кеңейту мәселелерінде мәслихаттардың уәкілеттілігін күшейту, одан әрі мемлекеттік басқарудың және демократиялық дамудың кепілі болып қызмет етеді.