Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Депутаттар «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға ат салысуда

Екінші бағыт, «Туған жер» қайырымдылық және меценаттық бағдарламасы Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары үшін игі дәстүрге айналды.
Қайырымдылық ісіндегі аса маңызды бағыттардың бірі – бұл Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, қарт адамдармен, жетім балалармен, мүгедектермен және  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарымен жұмыс.
Жеңіс күнін мерекелеу шеңберінде халық қалаулыларымен Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету мақсатында 800,0 мың теңгеге жуық сомаға бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілді:
- Ұлы Отан соғысының 16 қатысушысына дәрі-дәрмектер сатып алу үшін 20,0 мың теңге сомасында сертификаттар табысталды;
- сайлау округтарында тыл еңбеккерлері үшін мерекелік «Көгілдір от» ұйымдастырылды;
- «Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастыруға материалдық көмек көрсетілді.
Жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы аналарға және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына депутаттар нақты қолдау көрсетеді. Көрсетілген көмектің сомасы 400.0 мың теңгеден аса қаражатты құрайды.
- «Үміт» балалар үйіне, бір мүгедекке электр плита сатып алынды  ;
- көп балалы ананың тоңазытқышы жөңделді;
- 2 мүгедегі бар отбасына суға есептеуіш орнатылды және коммуналдық қызметті төлеу бойынша көмек көрсетілді;
- мүгедек балалар үшін сыйлықтар сатып алынды;
- 5 тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетілді;
-  әлеуметтік бейімделу Орталығында белгілі тұрағы жоқ адамдар үшін  түскі ас ұйымдастырылды;
- жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін қала сыртындағы сауықтыру үйіне (Жасыбай өз.) 6 жолдама сатып алынды;
- І топтағы мүгедек тұратын  үйге пандус орнату бойынша көмек көрсетілді.
Депутаттар қаланың діни ұйымдарына демеу көрсетеді. 600,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.
- қалалық мешіттің салқындатқышына сұйықтық құйылып техникалық қызмет  көрсетілді;
- Екібастұз қаласының Серафимо-Иверский  соборында бейнебақылау жүйесі орнатылды.

 

Мәдениетті  дамыту
Мәдениет саласы да депутаттардан жан-жақты қолдау алады, әр түрлі байқауға  қатысушыларға  көмек көрсету жалғасауда.
Ағымдағы жылы депутаттық корпус  өкілдері 700,0 мың теңгеден астам сомаға   келесі іс-шараларға демеушілік етті:
- жас суретшілер байқауына;
- №15 бала бақша тәрбиеленушілерінің Новосибирск қаласындағы халықаралық байқауға  қатысуларына;
- «Жұлдыз», «Назерке», «Наз», «Поколение Некст» би ансамблдерінің әр түрлі байқауларға  қатысуларына;
- қаланың 60 жылдығына арналған «Сенің дауысың Екібастұз» жобасының жүлде қорына.

Спортты  дамыту
Депутаттар өңірде спортты қолдауға және спорттық іс шараларды өткізуге  қомақты  қаражат бөледі.
Заманауи құралдарды сатып алады, көптеген спорттық жарыстар, соның ішінде  ұлттық спорт түрлерін қаржыландырады.
Депутаттардың өңірдегі спортты қолдаудағы демеушілік көмегі 900,0 мың теңгеден аса қаражатты құрайды . Атап айтқанда, бөлінген қаражат:
- «Қоян-қолтық ұрыс және  өзін-өзі қорғау федерациясы» мекемесіне қоян-қолтық ұрыс жөніндегі сабақтар үшін еденге жұмсақ төсем (төсеніш) сатып алуға;
«Қазақша күрес» федерациясының қоғамдық бірлестігіне «Екібастұз барысы» жарысын өткізу үшін;
- Ақкөл ауылында «Көкпар» ат спорты жарысын өткізу үшін;
-№3 БЖСМ-не тәрбиеленушілерінің «Жас барыс» республикалық жарысына қатысу үшін.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар
2017 жыл қала үшін мерейтой. 60 жылдықты тойлау аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар жоспарланған. Мерекелік ат спорты жарысының демеушісі «Ауыл» партиясынан қалалық мәслихаттың депутаты Николай Геннадьевич Арсютин, ол жүлдеге 2,7 млн.теңге тұратын жүлделік автокөлік сатып алған.

Абаттандыру және көгалдандыру
Біздің депутаттар қаланы көріктендіруге және көгалдандыруға да өз үлестерін қосуда.
Ағымдағы жылдың көктемінде депутаттардың бастамасы бойынша қаланың теміржол вокзалы  ауданында олардың өз қаражаттарына сатып алынған 20 қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

Сонымен қоса, халық қалаулылары жалпы қалалық сенбілікке және ағаштарды отырғызуға қатысты. 200 түп қарағаш, пирамидалды теректер және сары қарағандар көшеттері отырғызылды.
Депутаттар өткен жылғы қыркүйек айында пайдалануға берілген №36 мектеп-лицей аумағында «Өз көшетіңді отырғыз» акциясы шеңберінде шыршалар  отырғызды.

 

Екібастұз қалалық мәслихатының
 аппарат басшысы                                                                             Б.Аманова