Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ- ДЕПУТАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Екібастұз қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымы депутаттарының  әрқайсысына сайлаушылар  80 пайыз дауыс беріп,  көпшілік дауыспен сайланды. Депутаттардың сапалық құрамы өзгерді,  сайланған 17 депутаттың 10-ы өткен шақырылымнан,  яғни  59 пайызының қалалық мәслихатта жұмыс тәжірибесі бар.
Жаңа шақырылым алғаш  жұмысқа кіріскен күннен бастап, қалалық мәслихат  қызметінің негізі бағыттарын белгіледі. Жұмыста Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол», «Ұлт жоспары-нақты 100 қадам» Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтар негізге алынды.
2016 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары-нақты 100 қадам» тапсырмасын іске асыру мақсатында қоғам мен  үкіметтің өзара іс-қимылының жаңа формасы-Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесі  және әкімдік пен жергілікті қоғамдастыққа есепті жергілікті полиция қызметі құрылды.
13 адамнан құралған Қоғамдық кеңестің құрамы мәслихаттың сессиясында бекітілді, экономика саласының сәйкес бағыттары бойынша    3  комиссия құрылды.
Жыл бойы Қоғамдық кеңес пен қалалық мәслихаттың бірлескен отырыстары өтті. Бағдарламалық құжаттардың, жер қатынастары және тұрғын-коммуналдық шаруашылық салаларындағы заң актілерінің іске асырылу мәселелері қызу талқыланды.
Әлеуетті құрылымдардағы жаңа бағыт- жергілікті полиция қызметі өз жұмысын өткен жылғы қаңтар айында бастаған болатын. Жергілікті полиция қызметінің басшысы депутаттардың келісімімен тағайындалды.
Мәслихаттың сессиясында  2016 жылы жергілікті полиция қызметінің  атқарған жұмысының қорытынды есебі тыңдалды. Депутаттар және Қоғамдық кеңес мүшелері абаттандыру ережелерінің сақталуын және  спирттік ішімдіктердің белгіленбеген уақытта  сатылу фактілеріне жол бермеу, азаматтардың арыздары мен өтініштерінінің уақытылы қаралуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтты.
Өз өкілеттіктерін мәслихат жұмысының негізгі формасы-сессия жұмысы арқылы іске асыра отырып депутаттар 80-нен аса көкейтесті мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.
Мәслихат қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау-мәслихаттың аса маңызды жұмыс учаскесі. Депутаттық корпус өз жұмысында қабылданатын шешімдердің заңға сәйкес болуына ерекше көңіл бөледі; мониторниг жүргізіп, қорытындысы бойынша өзгертулер  мен  толықтырулар енгізеді. Есептегі кезеңде құқықтық нормаларды қарастырылған  сессияның 15 шешімі қабылданды. Бұл шешімдер әділет органдарында тіркеуден өтті, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік  реестріне енгізілді,  қазақ және орыс тілдерінде жергілікті газет беттерінде жарияланды.
Жер учаскелерін тиімді пайдалану және қала бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында  өткен жылы қалалық мәслихаттың сессиясында пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы  мақсатындағы  жер учаскелеріне  салық мөлшерлемесі 10 есеге арттырылды.
Әр қабылданатын шешім тұрақты комиссияларда алдын ала мұқият талдаудан өтеді. Екібастұз қалалық мәслихатында бес бағытта тұрақты комиссиялар жұмыс істейді,  олардың құзіретіне қалалық мәслихаттың сессияларында қаралатын  және қолданыстағы заңнамаларды іске асыру мақсатында қабылданатын  барлық мәселелер кіреді.
Жоспарланған мәселелердің жан-жақты  талданып  талқылануын қамтамасыз ету үшін  тұрақты комиссиялардың отырыстарына мекемелер мен ұйымдардың басшылары шақырылады.  Мұның бәрі қаралатын мәселелерді объективті талқылауға және конструктивті қаулы қабылдауға мүмкіндік  береді.
Тұрақты комиссиялардың 12 кеңейтілген отырысы өтті, онда бюджет заңнамасына, халықты әлеуметтік қорғауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға, жер заңнамасына  және т.б. қатысты  100-ден  аса мәселе қаралды.
Комиссиялардың бірлесіп қарайтын негізгі мәселелерінің бірі қала бюджетін бекіту және оның орындалуы  болып табылады. Бұл мәселелер бюджеттік  заңнама талаптарына сай қаралады.  Мұнда депутаттар жобаға нақты баға беруге тырысады. Қала  бюджетін жоспарлауда жиі кездесетін кемшіліктерді жою, бюджеттік қаражатты   жоспарлау  және толық  игеру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне  тәртіптік жауапкершілікті қатайту жайлы ұсыныстар берілді.
Жастар саясаты қалалық мәслихаттың жұмысындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жастардың даму деңгейі  қоғам болашағымен тығыз байланысты екені ескеріліп, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияның бастамасы бойынша ішкі саясат бөлімінің «Өңір жастарын патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу жағдайы және  одан әрі жақсарту шаралары туралы» ақпараты тыңдалды. Қорытындысы бойынша жастар арасына экстремистік идеологияның енуіне жол бермеу үшін  бөлімге жұмыссыз жүрген жастармен жүргізілетін жұмыстарды күшейту,  оларды жұмысқа орналастыруға шаралар қабылдау ұсынылды.
Жыл сайын мәслихат әлеуметтік саладағы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарға мемлекеттік қолдау шараларын бекітеді. Мемлекеттік қолдау шараларын жүргізу аясында өңірдегі ауыл мектептері мен клуб мекемелері мамандармен қамтамасыз етілді.

Депутаттар жұмысында  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарындағы азаматтармен жұмысқа  ерекше көңіл бөлінеді.
Қалалық  мәслихат қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен және тегін жүрудің жаңа тәртібін қарап мақұлдады.  Нәтижесінде бұрын автотасымалдаушылар көлігінде  жеңілдікпен және тегін жүретін  санаттағы азаматтар тізімі кеңейіп, қосымша 9 санатпен толықтырылды.
Депутаттар  қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне енгізілген өзгертулердің қала тұрғындары үшін аса тиімділігін, олар үшін  әлеуметтік төлемдер алуға  мүмкіндік  туатындығын атап өтті. Ең маңыздысы, әлеуметтік төлемдердің сомасы өсті.  Түрлі әлеуметтік көмектер көрсетуге бөлінетін бюджеттік қаржының көлемі жыл сайын артуда,  2016 жылы ол  160млн. теңгеден астам соманы құрады.
Еліміздің кейбір өңірлерінде адамдардың жануарлардан ауруларды жұқтыру, сібір жарасымен ауыру оқиғаларын ескеріп, депутаттар «Ветеринария бөлімінің ветеринарлық бақылау жүргізу бойынша атқарған жұмыстары туралы» мәселені қарауға  ұсыныс білдірді. Біздің өңірде бұл мәселе тұрақты екендігін атап өту қажет, жыл сайын эпизоотияға қарсы шаралар өткізіледі, мал басының өсуі және мал ауруының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар депутаттар ветеринария бөліміне сібір жарасынан өлген ауылшаруашылық малдарының сүйектері көмілген орындарды қоршау,  тазарту және дезинфекциялау, аурулардың алдын алу жұмыстарын жақсарту туралы бірқатар ұсыныстар айтты.
Халықпен тығыз байланысты болу, туындаған мәселелермен танысу және оңтайлы шешім қабылдау үшін мәслихат комиссиялары көшпелі отырыстар өткізуді қолданысқа енгізген.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссияның  көшпелі отырысының мақсаты, Екібастұз қаласының жергілікті полиция  қызметінің азаматтардың құқықтарын сақтауларын тексеру болды. Халық қалаулылары полицияның №10 тірек учаскелік пунктінің жұмысымен танысты. Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар  бірқатар ұсыныстар берді, спонсорлық қаржы есебінен  бірнеше сыртқы бейне бақылау камераларын  орнату қажеттілігі айтылды.
Кварталішілік аудандарды абаттандыру жылда өтетін көшпелі отырыстарда қаралатын маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселе біздің сайлаушыларды көп толғандыратынын атап өту қажет. Кварталішілік аудандарды аралаудың негізгі мақсаты тез арада абаттандыруды қажет ететін аула аудандарын анықтау және осы бағытта атқарушы органдармен бірлескен іс-қимылды үйлестіру.
Аралаған кезде депутаттар бірінші кезекте   азаматтардың өтініштерінде көтерілген жасыл желектерді қырқу, жолдарды асфальттау және ұстау мәселелеріне назар аударады.
Депутаттар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдермін  бірге абаттандыру жұмыстары басталуға тиісті қала аулалары мен көшелерінде болды, нәтижесінде жұмыс жоспарына енгізілуге ұсынылған телімдер анықталды.
Депутаттар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне коммуникацияларда жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде аулалардағы асфальттың жабынын ашып, одан кейін қалпына келтірмейтін қаланың коммуналдық кәсіпорындарының жұмысын бақылау қажеттігін ескертті.
Мәслихат депутаттары балалардың ойын алаңдарын жайластыру мәселесін бірнеше рет көтерді, оның дәлелі комиссия отырысында «Екібастұз қаласының ойын алаңдарының жағдайы және ұсталуы туралы» мәселенің бірнеше рет  қаралуы. Бұл сұрақты әзірлеген кезде жеке кәсіпкерлермен,  қаланың тұрғын-үй қорына қызмет көрсететін кондоминимумдарды басқару органдарымен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде балалардың ойын алаңдарының ұсталуына бақылау жасалмайтындығы анықталды. Оларды орнатуға қыруар бюджет қаржысы бөлінеді, сондықтан бұл мүліктің иесі болуы және  оған тиісті қызмет көрсетіліп отырылуы қажет.
Халық қалаулылары айтқан барлық ескертулер мен ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспарына енгізу  жөнінде  ұсыныс айтылды.
Қаламыздың даму мәселесі тек комиссиялардың отырыстарында ғана қаралмайды. Бар мәселені еркін бейресми  жағдайда отырып айқындауға және шешуге мүмкіндік беретін «Дөңгелек столдар» өтеді. Сондай-ақ ол  қатысушылар  үшін тәжірибе алмасу  алаңы қызметін де  атқарады. Жергілікті атқарушы органдар, кондоминимумдарды басқару органдары, қаланың коммуналдық қызметтері, жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен өткен «Дөңгелек стол» «Қаланың тұрғын –үй секторының ағымдағы жағдайы және оны жақсартуда қабылданған шаралар туралы» тақырыбында болды.
Жылу қуатын есептеу құралдарын орнату, температуралық режимнің сақталмауы, жылумен толық қамтамасыз етілмегені үшін қайта есептеу, дератизация, полицияның учаскелік инспекторларының жұмысы мәселелері талқыланды.
Депутаттық корпустың «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланысын да айта кету қажет. Депутаттар партиялық бақылау және мониторинг шеңберінде «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» және «Екібастұз-Майқайың» бағыттарында  жөндеу жүріп жатқан автомобиль жолдарын бірнеше рет барып тексерді.
Депутаттар  өз кезегінде тас жолдардың шоқалақ жерлеріне жүргізілген шұңқыр жөндеулерге  наразылықтарын білдірді. Жөндеу жұмыстары санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына  сай жүргізілмеген.
Депутаттар- өз сайлаушыларының мүдделеріне жандары ашитын адамдар, сондықтан депутаттардың қызметінде  хаттармен және өтініштермен жұмыс  ерекше орын алады. Негізінен олар кварталішілік аумақтарды абаттандыру, автожолдар салу және реконструкциялау, көшелерді жарықтандыру, кәріз жүйелерінің жағдайы, тұрғын үйлердің жертөлелерін су басу, жасыл желектердің жағдайы сияқты қалалықтарды ерекше толғандыратын  мәселелер.
Жеке қабылдау жүргізу депутаттық қызметтің ажырамас бөлігі  болып табылады. Бекітілген кесте бойынша жыл бойы депутаттар«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды. 2016 жылы 3000 адамды қамтыған 100 кездесу өткізіліп, 154 қабылдау жүргізілді.  Тұрғындардың көптеген мәселелері шұғыл түрде азаматтарды қабылдау барысында шешіледі. Алайда сайлаушылар көтеретін мәселелердің көпшілігі бюджеттен қаражат бөлуді қажет етеді. Бірақ бюджетте  шектеу бар екендігін де түсіну қажет,   сондықтан  көптеген мәселелерді тез арада шешу мүмкін емес.
Сайлаушылардың мәселелерін депутаттар депутаттық сауал арқылы да шешеді. Атқарушы органдарға 97 депутаттық сауал жолданды, олар негізінен коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру және аумақтарды абаттандыру мәселелері төңірегінде.
Депутаттар қоғамдық өмірден де шет қалмайды. Депутаттық корпус мерекелік шараларды әзірлеу және өткізуге белсене араласады, қайырымдылық акцияларына да қомақты үлес қосуда. Қайырымдылық жұмысының ең бір маңызды бағыты-Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, қарт адамдармен, жетім балалармен, мүгедектермен және халықтың өзге әлеуметтік осал  топтарымен жұмыс.
Қалалық мәслихаттың депутаттары білім Күні қарсаңында  аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы аясында депутаттар жеке қаржылары есебінен  аз қамтамасыз етілген отбасылар  балаларына 1,0 млн. теңгеге кеңсе тауарлары мен  жиынтықтарын, мектеп формасын, спорттық құралдар сатып әперді.
Депутаттар қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға өз үлестерін қосуда. Мысалы, өткен жылғы көктемде   қаламыздың теміржол  вокзалы ауданында депутаттардың  бастамаларымен олардың жеке қаржылары есебінен сатып алынған 20 қылқанды ағаш отырғызылды. Жалпықалалық сенбілікте депутаттар 200-ге тарта қарағаш, пирамидалды үйеңкі және жасыл  қараған көшеттерін отырғызды. 
Жер туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер елімізде үлкен қоғамдық көзқарас туғызғаны белгілі. Әр халық қалаулысы өз сайлау округінде атқарушы органдармен, партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірге өңір тұрғындарына жер заңнамасы нормаларын түсіндіру жұмысына белсене араласты.
Мәслихаттың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекетінің маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық газеттер беттерінде  белгіленген мерзім бойынша өтетін күні және қаралатын мәселелер тізімі көрсетіліп мәслихат сессиялары туралы ақпараттар ,   әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мәслихат шешімдері жарияланады.
Есептегі кезеңде жергілікті газет беттерінде 172 мақала және жарияланым  жарық көрді.
Тұрғындардың  өкілетті орган жұмысы туралы толық мағлұмат алуларын қамтамасыз ету, депутаттық корпуспен интерактивті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін іске асыру мақсатында,  пайдаланушыларға  қолжетімді болу үшін қалалық мәслихаттың сайты жұмыс істейді.
Депутаттардың белсенділігін арттыру, олардың жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша білімдерін тереңдету үшін «Павлодар аймақтық басқару мектебі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 3 күндік курстар ұйымдастырылды.
Г.Исенова, С.Әкімбеков, С.Касимова, Г.Сейтказина сияқты білікті оқытушылар бірқатар тренингтер  мен презентациялар өткізді, депутаттарды Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістермен таныстырды, оларды өз жұмыстарында пайдалануға үйретті.
Қала тұрғындарының өмірін жақсарту, өңірдің барлық тіршілік әрекеті салаларының  тұрақты жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайларды қамтамамасыз ету- жергілікті атқарушы органның  депутаттық корпуспен өзара тиімді әрекет етуінің қорытындысы.
Депутаттық корпустың жұмысына қала халқы баға беретіні сөзсіз. Соған қарамастан өткен жылы ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өту қажет. Үстіміздегі жылы да қауырт істер көп болары анық. Алда әрқайсысымыздан қажырлылықты және интеллектілікті талап ететін үлкен істер күтіп тұр. Депутатық корпус та бұдан тысқары қалмайды.
Депутаттың жұмысы оның адамдар, жалпы аймақ үшін атқарған ісімен бағаланады.  Сайлаушылардың  ризашылықтарына ие болу-ең үлкен марапат.

 

Екібастұз қалалық
мәслихатының хатшысы                                                  Б.Құспеков