Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттық корпусының 2012 жылы атқарған жұмысы туралы

2012 жылдың қаңтар айында өткен сайлауда қалалық мәслихаттың                       V шақырылымына 17 депутат сайланды, оның ішінде қайта сайланғандары 10. Бұл халық қалаулыларының сайлаушылардың сенімдерін ақтағанының айғағы. Бүгінгі күнде олар жауапкершілікке алған міндеттерін нақты бақылап, оларды шешу жолдарын іздестіріп жүрген кәсіби шеберліктері жоғары әрі өмірлік тәжірибелері мол жандар. Біздің депутаттарымыздың көпшілігі өндірістік құрылымдардың басшылары болып табылады және өздерінің қызметі барысында тұрғындардың жеке және қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелерін күнделікті шешуде. Сонымен қатар, олардың депутаттық қызметі белгілі бір шамада мамандықтарымен ұштасып, депутаттардың құзыры арта түсуде. Қала әкімі жанындағы барлық комиссиялардың мәжілістері мен кеңестеріне,  сондай-ақ жаңа және жөндеуден өткен нысандарды қолданысқа қабылдау істеріне қатысуы олардың атқарып отырған қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тигізуде. Депутаттар мен атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп тексерулер жүргізу жұмыстары тәжірибеде орын алған.

       Мәслихат сайланған уақыттан бастап 12 сессия өткізіліп, оларда                95 мәселе қаралды. Депутаттар дербес бөлімдердің басшыларының 17 есебін,   түрлі мәселелерге қатысты 22 ақпаратын тыңдады. Егер, сессия тақырыптарын сараптайтын болсақ, онда маңыздылығы және талқылау санының көптігімен бірінші орында бюджет тұр. Тұрақты комиссиялармен есепті кезеңде сессияның пленарлық отырыстарына бюджетті түзету, нақтылау, бекіту және орындау жөнінде 13 мәселе енгізілді. Сондай-ақ, сессияға енгізілмес бұрын тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаржылық жылға арналған бюджет жобасының қаралуына, кіріс бөлігінің орындалуы мен бюджеттің тиімді игерілуіне жіті назар аударылды. Тұрғын үй-коммуналдық саланы, кәсіпкерлікті, денсаулық сақтау және білім беруді, ауыл шаруашылығын дамыту және халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де өте маңызды. Осы мәселелер бойынша атқарушы органдар басшыларының 11 есебі тыңдалды. Тұрақты комиссия отырыстарын, қалалық мәслихат сессияларын өткізу алдында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіледі. Депутаттардың жұмыс топтары, қаланы аралау кестесі және жадынамалар құрылады. Депутаттар қаланы аралаған соң, тұрақты комиссиялардың отырыстары                 мен сессияларда сөз сөйлейді. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет                     және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаланың заманауи инфро құрылымын қалыптастыру барысындағы жұмысы туралы» мәселені дайындау кезінде депутаттық топ қаланың шағын аудандарын аралау нәтижесі бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтап, сәулет және  қала құрылысы бөлімі тарапынан қаланың қазіргі заманға сай эстетикалық келбетінің сақталуы дұрыс бақыланбайтындығын атап көрсетті. Депутаттар халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі бюджетінің жобасын талқылау барысында жастар практикасының сапалы ұйымдастырылуы және өткізілуі жайында көптеген сұрақтар қойып, осы мәселе бойынша бөлім басшысының есебін           2013 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу шешімін қабылдады. Одан басқа, сессияларда қаланың шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, ауылдық елді мекендерді дамыту сызбасы және Солнечный кенті құрылысының басты жоспары бекітілді.

         Мәслихаттың барлық іс-шаралары айқын және ашық түрде өткізіледі. Сессия жұмысына қала әкімі, оның орынбасарлары, кәсіпорындар мен ұйымдардың бірінші басшылары, құқық қорғау органдары және баспасөз өкілдері қатысады.

         Депутаттар ай сайын өз сайлау округтеріндегі сайлаушылармен кездесулер өткізеді, «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдайды. Есепті кезеңде 122 өтініш түсті, оның                 84-і шешімін тапты. Түскен өтініштердің барлығы мұқият қаралып, әрбір мәселе бойынша өтініш білдірушіге жауап беріледі, яғни қажет болған жағдайда депутаттық сауал жіберіледі. 2012 жылы барлығы 102 депутаттық сауал жолданды. Тұрғындардың түйінді мәселелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және жарықтандыру, жолдарды жөндеу және әлеуметтік-мәдениет салаларына қатысты болуда. 

         Депутаттар өздерінің сайлау округтеріндегі кварталішілік аумақтың ахуалын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда, олар: балалар алаңқайларын салу, жолдарға қиыршық тастар себу, ойын алаңшаларына шағын құрылғылар орнату және басқалары. Сонымен қатар, көптеген депутаттар қаланың шағын аудандарында өткізілетін түрлі спорттық-бұқаралық, ойын-сауық шараларына демеушілік көрсетіп, қайырымдылық акцияларына белсене қатысады.

         2012 жылы Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының сайлау науқанын өткізу барысында 139 ұсыныс және талап-тілек түсті, оның 60-ы орындалды. Сайлаушылардың 79 ұсынысы мен талап-тілегі бақылауда тұр, оны іске асыру үшін нақты ақшалай қаражат қажет, сондықтан олардың орындалуы 2013-2014 жылдарға жоспарлануда.

         Депутаттардың жұмысы сан қилы. Әрине, мәслихатпен шешілетін міндеттер де әртүрлі, депутаттардың заңнамалық актілерді мұқият зерделеп, түрлі қызмет орындарымен тығыз іскерлік байланыста болуын талап етеді. Осыған байланысты, халық қалаулыларының жоспарлы оқуы және тәжірибемен алмасуы ұйымдастырылады. 2012 жылдың 4 мамыр айында қалалық мәслихаттың V шақырылымдағы депутаттары үшін «Депутаттар қызметінің жеке тиімділігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

         Атқарылған игі істер аз емес, бірақ алда көптеген жұмыстар күтіп тұр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында депутаттық корпусқа өз қызметін жетілдіріп, түйінді мәселелерді белсенді түрде анықтап, оларды шешу тәсілдерін тауып және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға қол жеткізу қажеттілігі айтылған. 

Қалалық мәслихат аппаратының басшысы      Б.Бұлқайырова