Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2019 жылғы 11 қазанда Павлодар облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуінің тізілімінде

№ 6567 болып тіркелген

2019 жылғы 08 қазаны № 380/48                  

 

Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы «Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы» № 209/20 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 13/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5094 болып тіркелген, 2016 жылғы                          04 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

осы шешімнің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Екібастұз қаласы аумағында митингілер, жиналыстар мен пикеттерді өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

1) Екібастұз қаласы, Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы;

2) Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист – жауынгерлер гүлзары.»;

осы шешімнің 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Екібастұз қаласы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

1) Екібастұз қаласы, МәшҺүр Жүсіп көшесі бойынша, С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін;

2) Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі бойынша, Естай Беркимбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,

Екібастұз қалалық

мәслихатының хатшысы                                                         Б. Куспеков