Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

2019 жылғы 4 маусымда Павлодар облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуінің тізілімінде № 6402 болып тіркелген

2019 жылғы 24 мамырдағы № 355/43                  

Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) сомасындағы азық-түлік жинақтары;»;

үшінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларынан, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерден, 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдардан, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) 10 (он) АЕК мөлшерінде;»;

он үшінші абзацтағы «пен балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды» сөздері алып тасталынсын;

келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларына, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлеріне, 1986 - 1987 жылдары ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы,         

қалалық мәслихат хатшысы                                                    Б. Куспеков