Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 6127 болып тіркелді

Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 280/25 шешімі.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       1. Қоса берілген Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,

 

      облыстық мәслихаттың хатшысы

Б. Бексейітова

 

 

Павлодар облыстық
мәслихатының 2018
жылғы 21 қарашадағы
№ 280/25 шешімімен
бекітілді

 Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер
мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

 1 тарау. Жалпы ережелер

       1. Павлодар облысы елді мекендерінің аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" № 16-02/701 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2015 жылғы 4 ақпанында № 10183 тіркелді) бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:

      1) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;
      2) үй жануарлары – ұзақ тарихи кезең ішінде дәстүрлі түрде адам ұстайтын және өсіретін иттер, мысықтар және басқа да жануарлар, сондай-ақ адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды түрде шығарылған және өміршең жабайы популяциялары жоқ, ұқсас морфологиялық белгілері бар дарақтардан тұратын және олардың табиғи таралу аймағында ұзақ уақыт бойы бар жануарлар түрлері немесе тұқымдары.
      3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды, жоюды және кәдеге жаратуды қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған, ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым) жүзеге асырады.

 2 тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

      4. Аулау келесі мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;
      2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;
      3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу;
      5) иелеріне қайтару;
      6) жануарларды жайластыру.
      5. Аулау қаңғыбас жануарларды аулау кестесіне сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      6. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша көрсетілетін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға құқық беруші куәліктерін береді.

      7. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

      8. Рұқсат етілген аулау құралдарына: тиісті сертификаты бар, әрекетке қабілетсіз ететін, дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар, сондай-ақ жануарларды аулау кезінде оларды өлтірмейтін басқа да құралдар және құрылғылар жатады.

      9. Қоғамдық орындарда иесіз, ілесіп жүретін тұлғаның қарауынсыз жүрген, байлауда қалдырылған жануарлардан басқа, қаңғыбас жануарлар аулауға жатады.

      10. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:

      1) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықта қолдануға;
      2) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардан басқа кезде;
      3) адамдарға бағыттап атуға.
      11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған мамандандырылған мекемеге жеткізіледі.

      12. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін жағдайларда (агрессиялық мінез-құлық) оларды Ұйым сол жерде жояды.

 3 тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау

      13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      14. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, сондай-ақ жануарларды тиеу мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және (немесе) өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.

      15. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.

      16. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөлікте қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асыратын Ұйымның атауы мен телефон нөмірі анық оқылатындай жазуы болуы тиіс.

      17. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз қаңғыбас иттер мен мысықтар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.

 4-тарау. Ауланған жануарларды уақытша
асырау, қайтару және беру тәртібі

      18. Ұйым клиникалық тексеру, тіркеу жүргізеді, мынадай мазмұндағы арнайы журналдарға мәліметтер енгізеді: жануардың түрі, тұқымы, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырым белгілерінің болуы. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      19. Ұйым қызметкерлері ауланған жануарларды жаңа иелеріне тек жануардың сақталуын және оған тиісті күтім жасауды қамтамасыз етуді көздейтін шарт жасасумен ғана береді.

      20. Ауланған жануарларды қайтару және (немесе) беру туралы Ұйымға өтініш білдірген кезде иесі немесе өтініш берген тұлға:

      1) жеке куәлік;
      2) итке және (немесе) мысыққа (бар болса) ветеринариялық паспорт және (немесе) иесімен фотосуреті.
      21. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар темір торларға орналастырылады.

      22. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетті күтім және азықтандыру жүзеге асырылады.

 5 тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

      23. Сұрауы жоқ жануарлар дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандыруға жатады.

      24. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды эвтаназиялау басқа жануарлар ұсталатын жайлардан бөлек арнайы жайларда жасалады.

      25. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқырлар) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материалдарды күйдіруге арналған көшпелі және/немесе стационарлық қондырғыларда (инсинератор) жүзеге асырылады.

      26. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді.

 6 тарау. Қорытынды ережелер

      27. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.