Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы

2017 жылғы 21 қарашада Павлодар облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуінің тізілімінде №5694 болып тіркелген

 

2017 жылғы 3 қараша                186/22

 (VІ шақырылған кезекті ХХІІ сессия)

Екібастұз қаласындағы
тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге және көмуге
(кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді
есепке алмай) арналған
тарифтерді  бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының  6-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 404 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   Сессия төрағасы                               Қалалық мәслихат хатшысы                   

                       А. Жусупаев                                                                     Б. Куспеков
Екібастұз қалалық мәслихатының
2017 жылғы 3 қарашадағы № 186/22
шешіміне қосымша

 

Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер

№ р/н

Атауы

Есептік бірлік

Бағасы
теңгемен/
айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

201,55

2

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

367,21

3

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 м3

1656,58

4

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф

1 м3

303,81