Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

100

ruhani

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

2021 жылғы 1 қыркүйекте қалалық мәслихатта қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы, депутат Л.Бекбергенованың төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.   Отырыс жұмысына қала әкімінің орынбасары Б. Ахметов, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы және "Жоламан-ЭК"ЖШС өкілі қатысты.

01.09.21-1

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысының күн тәртібіне 2 мәселе шығарылды.

Бірінші мәселе бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы С.Уахит "Екібастұз қаласы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін есептеу туралы" баяндамасын тыңдады. Сөз сөйлеуші кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшуге және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифті айқындауға назар аударды.

Мәселені қарау нәтижелері бойынша қалалық мәслихат депутаттары баяндамашы ұсынған материалдарды пысықтауға қайтарып, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының таяудағы отырысына ұсыну қажет деген ортақ пікірге келді.

"Жоламан-ЭК" ЖШС директорының орынбасары А.Козловский депутаттарға тарифтің көтерілуіне және электронды билеттеудің енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығындағы кезеңде жолаушылар және қалалық тасымалдар бойынша істің жағдайы туралы хабарлады. Сонымен қатар, сөз сөйлеуші қала әкімдігі мен тасымалдаушылар арасындағы "Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мәселелеріндегі өзара ынтымақтастық туралы" меморандумның орындалуын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бірқатар ұсыныстар айтты.

 

01.09.21

01.09.21