Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

100

ruhani

Жаңалық

          Депутаттық бақылау аясында және күндізгі оқу форматына қайта оралуына байланысты қалалық мәслихат депутаттары Нияз Макраев пен Исламбек Күлтұманов ауылдық елді мекендердің жалпы білім беру ұйымдарының оқу жылының басталуына дайындығын тексерді.

28.08.21-15

          Халық қалаулылары  Майқайың, Қарасор, Құдайкөл жалпы орта білім беретін мектептерінде болды.

          Рейд аясында депутаттар бірінші кезекте карантиннің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауды ескере отырып, оқу процесінің қалай ұйымдастырылатынына назар аударды. Оқу сыныптарын, спорт залын, мектеп кітапханасын оқулықтармен қамтамасыз ету, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын-орталықты қарап шықты. Депутаттарды мектеп оқушылары үшін тамақтандыруды ұйымдастыру, мектеп асханаларының жұмыстарымен танысты. Ұжымды вакцинациялау мәселесі көтерілді. Мектептердің техникалық жабдықталуына, қазандықтар мен жылы санитарлық тораптардың жағдайына ерекше назар аударылды.

          Оқу сыныптары мен педагогикалық құрам оқушылармен кездесуге дайын болғанына қарамастан, бірқатар проблемалық мәселелер бар.

          Майқайың орта мектебінде терезелерді жаңаларына ауыстыру қажеттілігі бар. Мектептің алдыңғы жағында пластикалық терезелер орнатылған, олардан суық мезгілде жел соғып тұрады, қалған бөлігінде ағаш терезелер. Жылыту жүйесін жуу қажет. Мектеп жанында оқу кезеңінде №3 бөлімшеден 19 оқушыны тасымалдауға арналған мектеп автобусы бар. Жазғы демалыс кезінде автобусты сақтауға арналған арнайы орын, гараж немесе жабық бөлме жоқ. Мектеп аумағында жұмыс жағдайында орналасқан қазандық жылыту маусымына дайын, жасалған шартқа сәйкес қатты отынды жеткізушілер ақша қаражатын аударғаннан кейін әкелетін болады. 330 тонна көмір әкелінеді. Қазандықты кеңейту қажет.

          Құдайкөл орта мектебінде қасбетті, шатырды жөндеу және терезелерді жаңаларына ауыстыру қажеттілігі бар. Көмір жартылай әкелген.

          Қарасор орта мектебінде пешпен жылытуды бөлшектеу жүргізілді. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес "Стандарт Строй" ЖШС өнім берушісі ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде мектеп қазандығына жиынтықтаушы жабдығы бар қатты отынмен жылыту қазандықтарының екі жиынтығын әкеледі және орнатады.

          Көмір жылыту маусымы басталғанға дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.

          Мектеп басшыларымен кездесу қорытындысы бойынша депутаттар бар проблемаларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар берді.       

 

28.08.21

28.08.21

28.08.21

28.08.21

28.08.21