Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

100

ruhani

Тамыз конференциясы

Екібастұзда «Білімді ұлт-тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, оның барысында өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, болашаққа жаңа мақсаттар қойылды.

26.09.21-11

Қалалық мәслихат хатшысы Б.Құспеков құттықтау сөз сөйледі. «Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұлы Абай айтқандай, тек жоғары білімді, талантты, дана және патриот мұғалім ғана лайықты ұрпақты тәрбиелей алады, ұстаздан ең жақсы адам, бүгінде мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай, ең бастысы - оларды өмір бойы оқуға үйрету керек», - деді өкілетті орган басшысы.

Соңында пандемия жағдайында табысты жұмыс көрсеткен білім беру саласының озық қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Облыс мұғалімдері ҚР Білім министрлігінің, қала әкімі А.Қаңтарбаевтың, қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен №8 сәбилер бақшасының меңгерушісі Алмагүл Әмірханова; №6 мектеп-лицейдің ағылшын тілі мұғалімі Әсия Оспанова; С. Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлбахыт Салықова; көпсалалы бағыттағы №24 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұржамал Мақимова марапатталды;

№17 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Байменова Раушан; "Бозшакөл ЖОББМ" бастауыш сынып мұғалімі Аужанова Ажар; С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназия орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Бақтыбаева Жанар; №24 сәбилер бақшасының  тәрбиешісі  Гүлсара Ахметова; Сарғамыс орта жалпы білім беру  мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлия Сейсембаева алғыс хаттармен марапатталды.

 

26.09.21

26.09.21

26.09.21