Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Қалалық мәсслихаттың кезектен тыс сессиясы

Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Құспековтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Екібастұз қаласының әкімі Е. Иманзаипов, қала әкімінің орынбасары Б. Ахметов қатысты.

28.04.20-1 

Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.

2020-2022 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістер бекітілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру шеңберінде қала мен ауылдық аймақта 11646,9 млн.теңге сомасына 37 жобаны іске асыру жоспарлануда. Солардың ішінде тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар, көлік инфрақұрылымы, қаланы абаттандыру жобалары бар. Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі жөндеу жоспарланған: №13, №23 ЖОББМ, №13 балабақша, «Жасыбай» спорт кешені, №3 БЖСМ, Солнечный және Шідерті поселкелеріндегі  ДСК, «Өнер» ҚМО, орталық кітапхана және т. б.

Депутаттар Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын бірауыздан қолдады. Осы санаттағы адамдарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие қарастырылған.

Сессияда учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бос орындар пайда болуына байланысты  кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының 49 мүшесі сайланды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия, жер комиссиясы құрамдарына, сондай-ақ қала әкімдігінің дербес  құрамына өзгерістер енгізілді.

Қаралған мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.


 

28.04.20

28.04.20