Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы

2020 жылғы 23 қаңтарда №5 сайлау округінен депутат Э.Абдиновтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

24.01.20-1

Отырыста 9 мәселе қаралды. Мәслихат регламенті бойынша 5 тұрақты комиссиялар төрағаларының 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Есептерді талқылау барысында маршруттық автобустардың қозғалыс кестесінің сақталмау мәселесі көтерілді. 2020 жылға ағаштарды қырқу жоспарын әзірлеу, сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі автожолды реконструкциялау жоспарын қарастыру туралы ұсыныс түсті.

Депутаттар ағымдағы жылы бірқатар әлеуметтік объектілерді жөндеуге әзірленген жобалық-сметалық құжаттамалардың мерзімі аяқталатынын, ал мектептердің техникалық құралдары ауыстыруды қажет ететіндігін атап өтті.

Депутат Э.Абдинов  кезекті рет №5 ЖОББМ аумағын жарықтандыру және мектептің спортзалы бойынша апатты жағдайы жайлы мәселені көтерді.

Қала әкімдігінің және жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.

Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері бекітілді.

Қаралған мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.

Келесі кезекті сессия төрағасы болып №6 сайлау округінен депутат К.Х.Турлыбеков  сайланды.

 

24.01.20-2

24.01.20

24.01.20

24.01.20