Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Көлік қозғалысы бақылауда

2020 жылғы 14 қаңтарда Екібастұз қалалық мәслихаты хатшысы Б.Куспеков және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы С.Лепехин Екібастұз қаласының полиция Басқармасына барды.

15.01.20-1

Полиция басқармасы бастығы В.Скляр депутаттарды жедел басқару Орталығының жұмысымен таныстырды. Айта кету керек, бұл орталық өткен жылы пайдалануға берілді, алайда бірқатар техникалық проблемаларға байланысты тек қазір ғана толыққанды жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта қала аумағында жоғары шешімді 45 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Орналастыруға қаланың ең жанданған қиылыстары таңдалған. Бейнежазбаларды 10 тәулікке дейін сақтау мүмкіндігі бар. Трансляция сапасы бұзушылардың автокөліктерінің нөмерлерін, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің белгілерін ажыратуға мүмкіндік береді. Осылайша, полиция қызметкерлері қала көшелеріндегі жедел жағдайды "онлайн" режимінде бақылауға және тіркеуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, В. Скляр өңірдегі криминогендік жағдайдың деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін жедел басқару Орталығының  жұмысын жақсарту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Облыста жұмыс істеп тұрған жедел басқару Орталықтарының тәжірибесі көрсеткендей камералар орнатылған жерлерде құқықбұзушылық әлдеқайда төмен. Егер жасалған болса да,  олардың ашылу пайызы әлдеқайда жоғары.

Депутаттар қалалық полиция басшылығының ұсыныстарын қолдап, жедел қызметтердің жұмысы бойынша қосымша ескертулер айтты.  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің қолданыстағы редакциясына кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қатайтатын бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті.

 

15.01.20-2