Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2019 жылғы 25 желтоқсанда қалалық әслихаттың кезекті сессиясы өтті

Сессия жұмысының алдында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен салтанатты марапаттау рәсімі болды. Мерейтойлық медальмен қала әкімі Е. Иманзаипов, мәслихат ардагерлері Б. Шаймерденов, Г. Балтабекова, С. Рамазанов, Н.Попов және қазіргі депутаттар марапатталды.

Депутаттар негізгі қаржылық құжат-2020-2022 жылдарға арналған қала бюджетін бекітті. 2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттерді есепке алғанда 36,0 млрд. теңгеден астам қаражатты құрады. Қаланың даму бюджетінің үлесі артты. Инвестициялық жобаларды іске асыруға 10,0 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттау жоспарлануда.

Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына негізгі бағыттар бойынша түзетулер енгізілді, атап айтқанда бұрын бекітілген алты бағыт бойынша үш бағыт келісілді: экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым. Сондай-ақ, 40-тан астам мақсатты индикаторлар алынып тасталды, бірқатар көрсеткіштер өзгертілді. Бағдарлама екі мақсатпен толықтырылды:

- өңір экономикасына инвестиция ағынын ынталандыру;

- өнеркәсіптің басым секторларын дамыту.

Бұдан басқа, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының №11 Гагарин сайлау округі бойынша депутат А. Нұрпейісовтің тұрғылықты жерінің ауысуына байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысы қаралды.

Келесі кезекті сессияның төрағасы болып №5 Студенттік сайлау округінің депутаты Э. Абдинов сайланды.