Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Тұрақты комиссиялар отырысы

2019 жылғы  9 желтоқсанда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

10.12.19-1

Отырыс барысында қаланың орта білім беру ұйымдарына және  инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінген  бюджеттік қаржылар мен мемлекеттік активтердің пайдаланылуына мемлекеттік аудит қорытындысы; салық салу базасын болжау және алдағы кезеңге қала бюджетінің параметрлері қаралды. Бекітілген кестеге сәйкес, қаржы-экономикалық блоктың мемлекеттік органдары басшыларының бағдарлама әкімшілері бюджеттерінің жобалары туралы ақпараты тыңдалды.

Отырысқа қаланың Қоғамдық кеңесі мүшелері, жетекшілік етуші әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Бірінші мәселе мемлекеттік аудит қорытындысы туралы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.С.Демеуов баяндады. Баяндама барысында  «Екібастұз қаласа әкімдігінің білім бөлімі»ММ және «Екібастұз қаласа әкімдігінің  құрылыс бөлімі»ММ  тарапынан жіберілген бірқатар бұзушылықтар аталды. Депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері  білім бөліміне қатысты мәселені қызу талқылады, себебі бұл сала жергілікті бюджетің ең ірі шығыс бабына жатады.

Көп жағдайда, тексеру комиссиясы мүшесінің баяндамасында белгіленген бұзушылықтар бюджеттік жоспарлауға сапасыз көзқарастан, бюджеттік заңнаманың сақталмауынан, тиісті бухгалтерлік есептің жүргізілмеуінен, кадрлардың көп тұрақтамауынан және мамандарды даярлаудың жалпы төмен деңгейінен туындады.

Қалыптасқан жағдай отырысқа қатысушылардың наразылығын тудырды және қала әкіміне кінәлі лауазымды тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсыну туралы шешім қабылданды.

10.12.19-2