Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Қала бюджетіне өзгерістер енгізілді

2019 жылғы 5 қарашада Қоғамдық кеңестің қатысуымен  өткен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында күн тәртібі бойынша 6 мәселе қаралды.

07.11.19-1

2019-2021 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі талқыланды.  Қала бюджеті кіріс бөлігінің көлемі жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансферттерінің сомасына өзгертілді,  әлеуметтік және жеке табыс салығы бойынша түсімдер контигенті ұлғайтылды.  Шығындарда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеуді қайта бөлу ескерілді.

Ақкөл, Екібастұз, Қоянды округтері әкімдерінің аталған округтердің 15 көшелерін қайта атау жөніндегі ұсыныстары қолдау тапты.

Мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік органдар басшыларының ауылдық клубтардың даму перспективалары туралы және өңірде пайдаланылмайтын жерлерді алып қою туралы ақпараттары тыңдалды. Ауылда бос уақытты ұйымдастыруды  жақсарту, ауылдың талантты жастарын  анықтау,  сондай-ақ  қаладағы қараусыз қалған учаскелер бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Депутат  М.Алгамбаров  және Қоғамдық кеңес мүшесі тұрақты комиссия  отырысында жерді лиманды суару мәселесін қарауды ұсынды.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілі үй маңындағы аумақтарда қоқыс контейнерлерін орнату бойынша баяндама жасады, ол жергілікті атқарушы органдар жүргізген  ҚТҚ бөлек жинауды енгізу бойынша жұмыстармен таныстырды.

Ақкөл ауылдық округінің  Зеленая роща  ауылын қайта атау бойынша ұсыныстар пысықтауға қайтарылды,  ауыл әкіміне ақсақалдарды шақырумен тұрғындардың жиынын қайта өткізу туралы ұсыныс енгізілді.

07.11.19-2

07.11.19-3

07.11.19-4